Үйде жалғыз қалған жаман

Балабақша атауы: Текелі қаласының №2 балабақшасы Педагогтың аты-жөні: Қасымбаева Нұркамал Сасанқызы Қызметі: тәрбиеші Еңбек өтілі: 27 жыл Санаты: жоғарғы санаттыІ Тақырыбы:«Үйде жалғыз қалған ...
Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҮйде жалғыз қалған жаманалабақша атауы: Текелі қаласының №2 балабақшасы

Педагогтың аты-жөні: Қасымбаева Нұркамал Сасанқызы

Қызметі: тәрбиеші

Еңбек өтілі: 27 жыл

Санаты: жоғарғы санаттыІ

Тақырыбы:«Үйде жалғыз қалған жаман» Топ: Естиярлар тобы «Қарлығаштар»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта, шығармашылық.

Бөлімдері: ҚОТ, сурет

Мақсаты:

Б.М: Балаларды адамның ішкі эмоциялық көңіл-күйін ажырата білуге үйрету;

Д.М: Танымдылығын, ойын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту;

Т.М: Адамгершілікке, адал достыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу;

Қостілділік құрауыш: письмо-хат, дом-үй, здраствуйте!-сәлеметсіздер ме!

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан!

Мықты болсын іргеміз!

Бәріміз де біргеміз!


  • Балалар, қараңдаршы, көп қонақтар келіпті, бәріміз сәлемдесейік.

Орысша сәлемдесейік.

  • Балалар біз қайдамыз?

  • Бұл музыка залына біз қай уақыттарда келеміз?

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл зал ерекше зал. Сендер бұл залға келгенде қандай күйде боласыңдар ?

  • Мен сендердің мерекелерді қарсы алғанда қуанған фото суреттеріңнен альбом жасадым. Оны қуанышты көңіл-күй альбомы деп атадым.

  • Қанеки, балалар, осы альбомды тамашалайық.

Балалардың іс-әрекеті

Балалар бірге айтып залға кіреді.

-Сәлеметсіздер ме!

-Здраствуйте!

-Музыка залындамыз.

-Мерекелік ертеңгіліктерде, музыка сабағында, дене шынықтыруда ойын ойнаймыз , билейміз.

-Қуанышты, көңілді

(Экраннан ертеңгіліктегі фотолар көрсетемін)

  • Экранға қарайық, альбомдағы суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Неге қуанып тұр деп ойлайсыңдар?

  • Олай болса, «Мен қуанамын» ойынын ойнайық.

Мен қолымдағы қарды кімге лақтырсам, сол бала қағып алып, Мен ... деп, қай кезде қуанатынын айтып, қарды қайта маған лақтырады.

Сөйтіп мен сендердің қай уақытта қуанатындарыңды білгім келеді.

  • Ал қазір бізге көңілді ме балалар?

Ал, музыка залын қуаныш залы деп атасақ болады.

  • Балалар мынау не?

  • Үйді орыс тілінде қалай айтамыз?

  • Осы үйде біздің Алмас тұрады.

(Алмастың суретін көрсету)

  • Алмастың суретіне қараңдаршы, көңіл күйі қандай?

Жағдаят:

Мен сендерге бір жағдаят айтайын. Біздің топтағы достарың Алмас ауырып, бала-бақшаға келе алмапты. Анасы дәріханаға дәрі әкелуге кеткен екен. Алмасқа үйде жалғыз қалған көңілсіз екен.

  • Алмастың көңілін қалай көтерсек екен, қалай ойлайсыңдар?

  • Балалар ауырып жатқан баланың үйіне баруға бола ма ?

  • ТҮйде жалғыз қалған жаманағы не істесек болар екен?

Тәрбиеші: Дұрыс мен хат жазайын.

  • Сендер не жазу керектігін айтыңдар.

(Хатты бір оқып беру)

Тәрбиеші: Хаттарыңды конвертке салып қоямын.

Балалар, досымызға хатты біз шын жүрегімізбен жақсы тілектер тілеп жаздық, солай емес пе?

Ендеше сол тілектер біздің досымызға деген махаббат пен сүйіспеншілігімізді білдіреді.

Қанеки, олай болса сол махаббатымызды Алмасқа тез жеткізейік:

Тренинг: «Достық махаббат»

Көтерейік қолымызды жоғары,

Түсірейік ақырындап төменге.

Қолымызды екі жаққа созайық,

Кеудемізді қолымызбен құшайық.

Біздегі бар махаббат,

Алмасқа тез ұшып жет.

Ал тағы ойланып көріңдерші, көңілін тағы да қалай көтеруге болады?

Міне, мен Алмастың телефон номерін білемін. Кәне кім телефон арқылы Алмастың көңілін көтергісі келеді?

Экраннан телефонды құлағына ұстаған Алмастың суреті.

Алмастың көңілі сәл де болса көтерілген сияқты.

ТҮйде жалғыз қалған жаманағы қалай көңілін көтеруге болады екен, балалар?

Саусақ жаттығулары:

«Он саусақ» М. Әлибаев

Тәрбиеші:

Қызыл-жасыл, сарысын,

Қолға кезек аласың.

Фломастермен әр түрлі,

Алуан сурет саласың.

Фломастердің көмегі,

Міне, қандай көп еді!

Ұстай біл де, сала біл,

Достарыңа суретті, - демекші үстел үстіндегі параққа түрлі-түсті фломастермен сурет салуларыңа болады.

  • 3-4 баладан қандай сурет салдың?

  • Сенің суретің Алмастың көңілін көтереді деп ойлайсың ба?

Балалар суреттеріңді қонақтарға көрсетіңдер де, мына конвертке салыңдар.

Балалар қараңдаршы, бізге құс ұшып келіпті. Конверттерді құстан беріп жіберейік.

  • Құсты орысша қалай айтамыз?

Сендер көп жақсылық жасадыңдар.

Енді балалар, менің сендерге әзірлеген тосын сыйым бар, қане тамашалайық.

Мултьфильмнен үзінді көрсету

  • Балалар, мултьфильм сендерге ұнады ма?

Қалай ойлайсыңдар, Алмасқа бұл мультфильмді беріп жіберсек, көңілін көтеруге көмегіміз тие ме?

  • Олай болса, мұны да Алмасқа беріп жіберейік.

(Құс конверттер мен дискіні алып ұшып кетеді.)

  • Алмасқа неге көңілсіз, бізге көңілді деп ойлайсыңдар?

  • Біз Алмастың көңілін көтеру үшін не істедік?

-Дұрыс, сендер достарың үшін көп жақсы іс істедіңдер. Мен сендердің мейірімді, қайырымды, досқа адал екендеріңді мақтан етемін.

Жарайсыңдар балалар!

Ән: «Достық»

Балалар, балалар,

Бал-бұл тәтті болыңдар!

Достық деген

Бұл - байлық!

Достарыңды сыйлаңдар!

Экраннан:

  • Міне, Алмастың анасы да сендердің жақсы істеріңе риза болып сендерге силық беріп жіберіпті деп мандаринді таратып беру.

Балалар: -Мен достарымды көргенде қуанамын.

-Мен ..... -Мен ..... деп ойынға қатысады.

-Көңілді, себебі біз біргеміз.

-Үй -Дом -Көңілсіз

-Үйіне барайық. -Жоқ

-Үйде жалғыз қалған жаманОнда хат жазайық.

Балалар хатқа жазу керек сөздерді айтады.

-Телефонмен сөйлесейік.

-Балалар бірі жылы сөз айтып , бірі өз еркімен ән айтып көңілін көтереді.

-Біз біргеміз, бізге көңілді, ол жалғыз.

Көңілін көтеретін сурет салып жіберейік.

-Балалар саусақ жаттығуын жасайды. Балалар еркін сурет салады.

Балалар суреттерін жинап конвертке салады.

-Птица -Ұнады

Балалардың жауабы.

Тәрбиешімен келіседі

-Хат жаздық, телефонмен сөйлестік. Сурет салдық.

Мултьфильм бердік.

Ән айтады

Балалар қуанып, келген қонақтармен қоштасып топқа қайтады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Үйде жалғыз қалған жаман екенін және достарымен бірге қуанышты, көңілді екенін білу.

Меңгеруі: Мейірімді сезім істерімен қарым қатынас бойынша жағдаятты шешіп, досының көңілін көтере білуін меңгерді.

Жасай алуы: Досына түрлі әрекеттерді жасау арқылы көмектесті.



© 2010-2022