«Жануарлар әлеміне тағы бір барайық»

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК "Айгөлек" балабақшасы "" 2014ж.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тобы: Ортаңғы Тәрбиешісі: Оспанова Р.Н.

Білім беру саласы : Қатынас

Бөлігі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Жануарлар әлеміне тағы бір барайық»

Мақсаты: Жануарлар туралы білімдерін бекіту, өз ойларын айтқызып үйрету. Ертегі сахналауға үйретуді жалғастыру. Сөздік қорларын дамыту.

Көрнекті құралдар: суреттер, слайд, кейіпкерлер

Билингвизм компоненті: жануарлар-животные

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ынталандыру-

оятушы кезең

Тосын сый:

Шаттық шеңбер:

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Күшік

Бірге айтады



Қарсы алады





Ұйымдастырушы-

ізденуші кезең







Рефлексивті-

түзетуші

кезең




Сұрақ-жауап:

-Балалар, біз жануарлар туралы білеміз бе?

-Құстар мен жануарлар бірдей ме?

-Жануарлардың қандай түрлері бар?

-Үй жануарларының бізге пайдасы бар ма?

Ойын: «Қалай шақырады?»

Шарты:- Мен, балаға жануардың атын атаймын, ал, бала атайды және қалай шақыратынын айтады.

Сергіту сәті:



Көркем сөз:

-Жануарлар туралы тақпақтар мен мақалдарды айтайық.

Слайд көру:

-Қазір суреттен жануарларды қараймыз, сендер танығандарыңды атаңдар, төлдері болса, оларды да атаңдар.

Ертегі туралы сұрақтар:

-Жануарлар туралы қандай ертегілер білесіңдер?

-Олар үй жануарлары туралы ма, әлде аңдар туралы ма?

Ғажайып сәт:

(күшік)

-Ой, қараңдаршы, мынау не?!

Қайдан келді? Сұрайық.

-Қайдан келдің, не істеп жүрсің?

Күшік:-Мен үй жануарларын күзеткім келеді, қауіп төнсе адамдарға белгі беремін.

-Ол қалай белгі береді? (әуп-әуп) оның аты жоқ екен, ат берейік. Бізбен қалсын.

Ертегіні әңгімелеу:

-Сендер «Жеті лақ» ертегісін білесіңдер ме?

-Ол не туралы?

-Лақтар қандай жануар?

-Осы ертегіні сахналап көрейік. (Сахналау)

Қорытынды:

-Бүгін сендер үшін не қызықты болды, не ұнады?

«Қошақан» әнін орындау.

Сұрақтарға жауап берді.



Ойынды түсініп ойнайды.



Қимыл жасап демалады.

Тақпақтар мен мақалдарды айтты.

Жануарларды қарады.



Ертегілер туралы қысқаша мәліметтер берді.

Күшікті қарсы алды.







Ертегіні әңгімелеп берді.





Күтілетін нәтиже:

БОЛУЫ КЕРЕК: Жануарлар туралы білімдерін бекіту.

ІСТЕЙ БІЛУ : Жануарларды қорғауға үйрету.

БІЛУ КЕРЕК: Сөздік қорларын дамыту.

© 2010-2022