По обучению грамоте: «Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Білім бөлімі:сауат ашу

Тақырыбы: «Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары».

Мақсаты:

  • әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту.

  • Ауыл туралы түсінік беру.

  • Үй құстары мен жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

  • Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сөздік жұмысы: қармақ, күбі.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері:суреттер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

II.Мотивациялық қозғаушы кезең


Мен балаларға сұрақ қоямын:

  • Бүгін ауа-райы қандай?

  • Айналада қандай өзгерістер бар?

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Жазғы демалысты қайда өткіздіңдер?

  • Ауыл сендерге ұнайды ма?

  • Тыныштық сәтін өткізу.

Аулымыздың табиғаты қандай тамаша! Айналамыз жап-жасыл, сан алуан тааша гүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған дауысы естіліп тұр. Терең тыныс алып, көзімізді ашайық.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

  • Ауа-райы тамаша


  • жаз мезгілі

бір аптада жеті күн бар.

Бүгін дүйсенбі


  • ауылда


  • әрине

Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан құстың сайрағанын, судың сылдырын, жапырақтардың шуылын және т.б. дыбыстарды тыңдайды және көздерін жұмып, табиғат аясын көз алдарына елестетеді.


Н. Қадырбаевтың « Ауыл» әңгімесін немесе басқа да ауыл туралы әңгімені оқып беру.

Балалар мұқият тыңдайды.

Сергіту сәті

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.

Қимылмен көрсетеді.

Дәптермен жұмыс.

А) 8-9 беттердегі суреттер бойынша « Үй жануарлары мен үй құстары» деген тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық, тауық, қаз, үйрек, балапан, қой, қозы, ешкі,лақ, жылқы, құлын, сиыр, бұзау, түйе,бота.

Ә) үзік сызықтарды қосып, әтеш пен есектің суреттерін салу, бояу. Тауықтың балапаны мен үйректің балапанын штрихтау, қойдың жолын қосып сызу. (8-9 беттер).

Дәптермен жұмыс жасайды.



Бекіту

« Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: үй жануарларының суреттері және жабайы аңдардың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табу керек.

III.Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

  • Күздің қандай кереметін сездіңдер?

  • Күз мезгілінде қандай жеміс- жидектер мен көкөністер піседі?

  • Көкөністер қайда өседі?

- Алма,алмұрт,шие

Қарбыз, қауын

- бақшада

Күтілетін нәтиже:

Нені білу қажет: жемістер мен көкөністердің маңызын

Не істей алады: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгіме құрастыра алады.



© 2010-2022