Урок на тему Бау-бақшада

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Бау - бақшада.

Мақсаты:

1. Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсіндіру.

2. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумен дері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: фланелеграф, көкөністер мен жемістердің мульяжі.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Кіріспе әңгіме

Тәрбиеші бір ыдысқа көкөністердің, бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып алып келеді.

- Ыдыстағы заттарды бір ауыз сөзбен қалай атауға болады? (Жемістер, көкөністер).

- Көкөністерге не жатады?

- Қауын, қарбыз, қияр, қызанақ, т.б.

- Көкөністер қайда өседі?

- Көкөністер бақшада өседі.

- Жемістерге не жатады?

- Алма, алмұрт, шие, өрік, т.б.

- Олар қайда өседі?

- Бақта өседі.

- Дұрыс айтасыңдар. Бақты бау деп те айтамыз. Бау - бақша - жеміс - жидек, көкөніс егілген жер. Бау - бақша әр үйдің айналасында болады.

Осы жерде орам жапырақ және қызанақ сөздеріне де сөздік жұмысы жүргізіледі.

Орам жапырақ - бақшада өсетін көкөніс түрі. Қызанақ - қызыл түсті көкөніс.

2. Суретпен жұмыс

Дәптердегі екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылығын түсіндіру. «Бау - бақшаны жинау» тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру.

3. Жұмбақтар шешу.

1. Көк ала лағым

Көгалда жатып семірді.

2. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Шешулері: қарбыз, сәбіз.

- Жұмбақтың шешуі болған қарбыз, сәбіз жеміске жата ма, әлде көкөніске жата ма?

- Көкөніске жатады.

- Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

- Шешуі: алма. Алма жеміске жатады.

- Тағы қандай жемістерді білесіңдер?

- Алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.

4. «Сиқырлы қоржын» дидактикалық ойыны.

Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.

Мысалы: алма - тәтті, домалақ, түсі - қызыл, көк, сары; сәбіз - қатты, сопақша; бұршақ - ащы, сопақша.

Балаларды екі топқа бөліп, бірінші топқа көкөніс деген сөзге, ал екінші топ жеміс сөзіне сөйлем құрастырады. Екі топ балалары көкөніс, жемістердің қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсету.

- Түстеріне, пішініне қарап, бір - бірінен айырмашылықтарын салыстырыңдар. (Қай топтың асығы көп, сол топ жеңімпаз атанады).

5. дәптермен жұмыс.

а) Екі тәрелкедегі жемістерді (алмұрт, алма, өрік) атау.

- Бірінші тәрелкеде неше алмұрт, неше алма және неше өрік бар?

- Екі алмұрт, бір алма, төрт өріктің суреті салынған.

- Екінші суретте не жетпей түр?

- Бір алмұрттың суреті жетпейді.

- Алмұрт туралы не білесіңдер? Әңгімелеңдер.

- Алмұрт - жеміс. Бақта өседі. Алмұрттың құрамында көптеген дәрумендер бар.

- Дәл осындай етіп, екі тәрелкеге қияр мен қызанақтың суретін салыңдар. Қияр мен қызанақ қайда өседі?

- Қияр мен қызанақ - көкөніс. Олар бақшада өседі.

ә) «Теңестір» жаттығуын орындау.

- Шөп арасында неше қоян жүр?

- Үш қоян.

- Суретте неше сәбіз берілген?

- Екі сәбіз.

- Онда қояндарға тағы неше сәбіз керек?

- Бір сәбіз керек.

6. Жаңылтпаш жаттау.

Алма теріп балақайлар,

Алақайлар,

Талапайлар.

7. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

- Осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. Еңбектің арқасында жақсылық та, қуаныш та, байлық та болады.


© 2010-2022