Урок по казахскому языку на тему: Ұлттық киімдер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Исимова Гүлгүл Оралқызы

«Ақ бота» бөбекжай бақшасы

Тәрбиеші

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдері»

Мақсаты:

Білімділік: балаларға қазақ халқының ұлттық киімдері, олардың түрлері және пайдалану ерекшеліктері туралы түсінік беру; жаттығу жұмыстары арқылы үйрету;

Дамытушылық: Балалардың ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын, эстетикалық талғамы анық байқалады.

Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихына, рухани мәдени ескерткіштеріне, ұлттық киімдеріне, салт-дәстүрі мен өнеріне, тілі мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру және оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктері: ұлттық киім үлгілері, суреттер;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау-түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: балалармен амандасу, мақсат-міндеттермен таныстыру;

2. Негізгі бөлімі:

1. Сөзжұмбақ шешу

Топ-топқа бөлініп, «Ұлттық аяқ киім», Ұлттық бас киім», «Ұлттық киім»тақырыптары туралы айтып беру;

1-топ. Бас киім.Тымақ, бөрік, сәукеле, тақия.

2-топ. Киім. Шапан, тон, ішік, қамзол, шалбар.

3-топ. Аяқ киім. Әйел етігі, ерлер етігі.

3.Мәтінмен жұмыс:

А)Мәтінді мәнерлеп оқып шығу

Қазақтың ұлттық киімдері

Қазақ халқының -киім-кешегі-ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениетінің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады.Ұлттық миімдер сәндеп кестеленеді, зергерлік және басқа әшекей заттармен әдіптеледі.

Ә.Жаңа сөздермен танысу:

4.Ойлау қабілетін дамыту жаттығуы: тапсырмада жетіспейтін сөздерді тауып айту.

1.Сәукеле өте әдемі....киім.

2.Ішік ...терісінен тігіледі.

3.Аяққа ...киім киеді.

1-топқа аяқ киімдерді атау;

2-топқа бас киімдерді атау;

Сабақты қорыныдылау.

1.Ұлттық киім үлгісіндегі жас қыз бен жігітті сипаттап, суреттеп береді.

2.Сұрақ-жауап

-Қазақ халқының ұлттық киімдерінің маңыздылығы қаншалықты?

-Қазақ халқының ұлттық киімдерін қалай насихаттауға болады?

© 2010-2022