Жайдарлы, Алтын күз Шағын орталық Қарлығаштобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жайдарлы, Алтын күз»

Мақсаты: Күз туралы және күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері
жөнінде мәлімет бере отырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорларын молайту,білімдерін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға баулу.

(Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді)

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Берекелі де, мерекелі Алтын қүз баршаңызға құтты болсын.Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған кішігірім ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ендеше бүлдіршіндеріміздің өнерін сіздерге ұсынамыз.

Бүгінгі мерекемізді «Күз » атты көңілді әнмен бастасақ. Қабыл алыңыздар!

Ән: «Күз »

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!

- Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күз мезгілінде қандай өзгерістер болады екен?

Балалардың жауаптары:

-Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі, күн салқын болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады, көкөніс пен жемістер піседі.

Жүргізуші:Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - «Алтын күзді»шақырайық!

(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді)

Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Мен - Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге.

Жүргізуші:Иә, Алтын күз қош келдің біздің мерекемізге, жол жүріп шаршаған боларсың, мында отырып біздің балалардың бүгінгі мерекеге дайындаған өнерлерін қабыл алыңыз.

Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Қазір күздің қай айы?

Ендігі кезекті күз туралы тақпақтарға берейік.

Інжу

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан алуан жапырақ

Кұзгі бақта күлімдеп

Көз тартады апырап.

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар би билеп, тақпақ айтып қоймай әндіде керемет орындайды.

Ән: «Балалық шақ»

Жүргізуші:Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін

Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі!

Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды.

Мейрамбек

Көкөністі көп ектік

Өссін,піссін деп ектік

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көк өніс.

Пияз - Аб.Саят

Асханадан шықпаймын,

Атым - пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан да сақтаймын!

Қызанақ -Айкен

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен- қызанақ,

Күнге қарап ұялып!

Картоп - Саят

Картоп-біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз!

Сәбіз - Нуркен

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз!

Қияр - Гулнур

Көктеп ерте шырмалып,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым-қияр, теріп ал,

Жиі жиі суғарып.

Асқабақ- Дархан

Күзді күтіп жатамын,

Жиып нәрді бойыма.

Асқабақпын, жараймын,

Қыстай сақтап қоюға.

Қызылша - Жарасхан

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын, пайдам бар.

Қырыққабат-Ақниет

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын,

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.

Алтын күз: Бәрекелді, керемет!

Азиада
Жау,жау жаңбыр

Жау жаңбыр

Арық суы мол болсын

Өсімдіктер көп болсын

Жауған жерің шөп болсын!

Жүргізуші: Ал енді біздің биші қыздарымыз сізге қолшатырмен би билеп бермекші. Биші қыздарымызды ортаға шақырайық. Қолшатырмен би.

Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар!

Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар жаңбыр суын қалай тез жинайтынын көргіңіз келеме?

Алтын күз: Білмейді екем...

Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. Ойын: «Жаңбыр суы?»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам.

Алтын күз: Иә расында да бәрі шапшаң балалар екен.

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар көкөністер туралы тақпақтар айтып қана қоймай, адам ағзасына пайдалы дәрумен, жемістер туралы тақпақтар да біледі. Қане ендеше жемістерімізді ортаға шақырайық.

Куралай

Бағымда менің қарағым

Жеміс-жидек тағы бар

Қарақат,алма, құлпынай

Дастарқаннан табылар

Алма- Сабира

Алма баққа барайық

Алма теріп алайық

Ең үлкенін дәмдісін

Анамызға сыйлайық

Өрік- Айда

Өрікпін мен өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Баптап мені күткен соң,

Талды бойлап өріппін.

Қарбыз-Абзал

Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалма.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алма!

Шие- Гулсая

Шиемін мен шиемін,

Піскенше тон киемін.

Бала келсе піскенде,

Басымды мен иемін.

Алмұрт-Айару

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Жүзім-Нурсипат

Өзім шебер жүзіммін,

Толып пісіп үзілдім.

Бақшасында бағбанның,

Моншақ болып тізілдім.

Қауын- Арнур

Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.

Алтын күз: Рахмет, рахмет қандай өнерлі, қандай білімді балалар өзі.

Алтын күз : Балалар сендер көптеген көкөністер мен жемістер жайлы тақпақтар орындадыңдар. Сендердің дәм сезу қабілеттеріңді байқау үшін бір ойын ойнағым келіп отыр.

Жүргізуші: Келесі кезекті Алтын күз балаларымыз әдемі ән мен күз мерекесінің сәні сары алтын жапырақтармен ұсынғалы отыр.

Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, бүгінгі сендердің өнерлеріңе тәнті болып отырмын, сендерге алғысым шексіз, әкелген сыйлығымды қабыл алғайсыңдар. Менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді)

Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Ал, келген қонақтарымызға « Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.







© 2010-2022