Жақсылық жасай білеміз Өзін өзі тану

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

_____________________ даярлық тобының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бағдарлама тараулары: Өзін- өзі тану.

Тақырыбы: Жақсылық жасай білеміз.

Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеті: Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту. Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

I Шаттық шеңбері.

Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады. Бір біріне сәттілік тілейді

Шаттық шебер жасайды.

Іздену ұйымдастырушылық

II. Шығармашылық жұмыс.

Әңгімелесу.

  • Жақсы болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамдар бір- біріне қалай жақсылық жасай алады?

  • Ал өздерің ше?

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Жақсылық дегеніміз- айнала қоршаған ортаға, адамдарға деген қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік таныту, жақсы іс асау. Ал осы айтқан қайырымдылық, ізгілік, мейірімділік сияқты қасиеттер бойында бар адамды- жақсы адам дейміз. Ал сендердің барлықтарыңның осындай жақсы адам болатындықтарыңа сенемін.

III. Әңгімелеу.

Мәтінді оқып беру

Тәрбиеші оқыған әңгімесі бойыншасұрақтар қояды.

Тәрбиеші қорытындылайды.

Тәрбиеші балаларға отбасындағы аға- әпке, іні - қарындастарымен өзара қарым- қатынастарын сыйластыққа, бауырмалдылыққа құрып, бір-бірін түсіне алуға үйрету.

IV. Дәйексөз.

«Нағыз адамдық- өз ойың мен ісіңді жақсылыққа бағыттай алу» деген нақыл сөзді тәрбиеші бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

  • «Нағыз адамдық- өз ойың мен ісіңді жақсылыққа бағыттай алу» деген нақыл сөз өте орындыайтылған. Нақыл сөзде айтылғандай күнделікті өмірде әрбір ісімізді, ниетімізді тек қана жақсылыққа бағыттай алсақ, бізді қоршаған орта, туған жеріміз көркейіп, туған- туыстарымыз, достарымыз өздерін бақытты сезінетіні сөзсіз.

V. Сергіту сәті

Ойын: «Көлеңке».

Мақсаты:. Балалардың адамгершілік сезімін дамыту. Балаларды жақсылыққа тәрбиелеу.

VI. Дәптермен жұмыс.

Балалар сурет бойынша әңгімелеп, дәптермен жұмыс жасайды.

Сергіту сәті.

«Қорбаңдаған аю».

VII. Ғажайып сөздер.

Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.


Балалардың жауаптары тыңдалады.


Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытынды жасайды.

Балалардың жауаптары тыңдалады.



Балалардың жауаптары тыңдалады.

Сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалады.


Балалардың жауаптары тыңдалады.





Сүйіспеншілік, жақсылық тілеу. Жақсылық жасау

Рефлексифті

түзетуші

Қорытындылау.

  • Біз бүгін сабақта адамдардың әрқашан көңілі таза, пейілі ақ, адал пиғылды болу керектігін ұғындық. Ылғи жақсы ниетте болып, өзіңе де өзгелерге де жақсылық ойлайтын адам жақсы адам. Ондай адамда ақ көңіл адм, жақсы адам дейді. Олар өзгенің жетістігіне, қуаныш, бақытына өз жетістігі мен игілік- бақытындай қуана алады. Басқаларға көмектесуге әзір тұрады. .




Күтілетін нәтие:

Білуі керек: Сүйіспеншілік, жақсылық тілеу. Жақсылық жасау сөздерін білуі керек.

Істей білу керек: Жақсы қарым- қатынас, жақсылық жасауға үйрене білуі керек.





© 2010-2022