Тілашар Қош бол, даярлығым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қош бол, даярлығым

Мақсаты: Мектепалды даярлық тобы балаларының жыл бойы алған

білімдерінің нәтижесін көрсетіп, ортаға салу. Балалардың сөздік

қорының тілін, ой өрісін кеңейту, бауырмалдыққа,

ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке, білімге қызығушылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, қымбатты ұстаздар, ардақты ата-аналар, сүйкімді бүлдіршіндер? Бүгін сіздер мектепалды даярлық тобының «Қош бол, даярлығым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.? Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен алған тәлім-тәрбие алып, өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып, 1- сыныпқа қадам басқалы отыр. Сендерге зор денсаулық, талмас талап, мол бақыт, сәт сапар тілей отырып, ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жіргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да

Мұндай күй болған сірә баршаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Мектепалды даярлық тобын ортамызға.Ортаға кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырайық. Осы ертеңгілікке арналған тақпақтарын тындайық.

1-оқушы: Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып, ән жаттап,

Оқып, жазып үйрендік.

2-оқушы: Бірге болсын ойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Балалар біздің шаттана,

Ән айтады мақтана.

3-оқушы: Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Ән: «Топ-топ балақан».

Жүргізуші: Қазақстан - тәуелсіз мемлекет, желбіреген көк байрағы, айбынды елтаңбасы, асқақтаған әнұраны бар.

  • Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз? (Балалардың жауабы)

  • Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  • Біздің облысымыз қалай аталады? (Маңғыстау облысы)

  • Ауданымыз қалай аталады? (Бейнеу ауданы)

  • Ауылымыз қалай аталады? (Тәжен ауылы)

Жүргізуші: Бақытты болып жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің - тірегім,

Құшағында гүл атам.

4-оқушы: Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

Отан - ана, Отан-үлкен.

Қазақстан туған ел.

5-оқушы: Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп ән де бүгін шырқалар.

6-оқушы: Міне, мен де,

Үлкен болдым.

Жасым толды 6-ға,

Кітаптағы ертектерді,

Енді оқимын шетінен.

Жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім менен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Би: «Көктем вальсі»

Жүргізуші: Балалар бүгін біз сендермен бірге «Даярлық» атты кемеге отырып, «Білім» атты теңізге саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз онды, сапарымыз мәнді болу үшін бізге жыл бойы үйренген білімдеріміз қажет болады. Жолға шықпас бұрын бір - бірімізге тілектер тілейік.

Математика аралы (математика плакаты көрсетіледі)

  • Балалар, математика аралында нелер тұрады? (сандар,цифрлар,есептер)

Ендеше сандар туралы санамақ айтып беріңдерші. Балалар өздері білетін санамағын айтады.

Ойын: «Көршісін тап» Санның құрамын табу. ....2...., ....5..., ...9..., ...3...

(Жұмбақ өлең бойынша есеп шығару)

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығын,

Болады неше алма? (Жеті)

Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (Екі)

Оң қолымда - бес саусақ,

Сол қолымда - бес саусақ,

Бесті беске қосамыз.

Кел, санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы? (Он)

  • Балалар, сапарымызды әрі қарай жалғастырайық.

Сауат ашу аралы. (сауат ашу плпкаты көрсетіледі)

  • Балалар сауат ашу арлында нелер тұрады? (Әріптер, дыбыстар)

  • Иә, дұрыс айтасыңдар. Олай болса, қазір дауысты дыбыстарды қызыл шарға, дауыссыз дыбыстарды көк шарға орналастыру қажет.

Ойын: «Кім білгіш» Мен сендерге сөз берем, сол сөзді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз. Алма. Шана.

Буындарды оқы: ша, на, ға, ба, ра.

Жүргізуші:Бүгін біраз ойнайық

Сөздер сырын айтайық

Ал сонымен әріптер

Шежіресін бастайық.

«У» әрпі: Жалауша мұны біл

Еліміздің туы бұл.

«Ш» әрпі: Шытырмақ текше ғой

Алты қырын екшей қой.

«Ғ»әрпі: Ғажап бояу жағады

Ғали сурет салады.

«Б»әрпі: Б-дегенің бабамыз

Бауыржандай батыр ғой.

«Ұ»әрпі: Ұшақ ұшатын

Бұлттарды құшатын.

«Ә» әрпі: Ә - әріптен табамыз

Әжемізді ақылгөй.

«Г» әрпі: Г - әрпімен гүлдеген

Қызғалдақты Қырат тау.

Жүргізуші: Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз, бағамыз.

Сіздер үшін аналар

Шырқап әнге саламыз.

7-оқушы: Ана - дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана - дейміз жас сәбидей жарқылдап.

Ана - дейміз бәйтерегі өмірдің,

Ана - дейміз алтын қазық, алтын бақ.

8-оқушы: А - дегенім ана ғой,

Ана деген дана ғой.

Б - дегеім бала ғой

Жұмсаса анаң бара ғой.

9-оқушы: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Әріп сырын түсіндім мақтанамын.

Әріп сырын үйреткен ұстазымда,

Түстей болып міне бүгін артта қалды.

10-оқушы: Көз салып қарасаңшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар.

Даярлықпен қоштасу тойымызға.

Ән: «Ақ мамам»

11-оқушы: Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып даярлықпенен

Мектепке кетіп барамыз.

12-оқушы: Сен үйреттің сөйлеуді.

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді

Даярлығым қош енді.

13-оқушы: Біріншіге барамын,

Кілең бестік аламын.

Жақсы баға алғанда

Қуанып бір қаламын.

Ән: «Ұстазым»

Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім алған. Ендеше келесі сөз кезегін мектебіміздің басшыларына бергіміз келіп отыр.

Жүргізуші:Даярлықты бітірді балаларың,

Әріптерден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті.

Құтты болсын қадамы балалардың - дей келе, сөз кезегін ата - аналарғада береміз.

Жүргізуші:Өсті ақыл ойларың,

Өсті, міне бойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

Міне, бүгін, кешегі сәби бүлдіршіндеріміз оқушы қатарында. Сіздердің сенімдеріңізден шығатын, тәуелсіз еліміздің саналы да білімді азаматтары болады деп сенім білдіремін. Қымбатты шәкірттерім, Сіздердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті, қадамдарың құтты болсын. Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

«Тәжен мектеп - балабақша кешені»










Тілашар

«Қош бол, даярлығым!»







Өткізген: Сандугаш Кадамова

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі


2015 оқу жылы

© 2010-2022