не артық ? Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:.........................

Шағын орталық әдіскері: А.Қажынова

Білім беру саласы: таным

Бөлімдері: математика

Тақырыбы: Не артық айтып беру

Мақсаты: балаларды заттарды санап, қортынды санды атай білуге үйрету; «артық -кем», «қанша болса, сонша», «тең» ұғымдарын түсіне алуға үйретуді жалғастыру; теңдік немесе теңсіздік құруда беттестіру тәсілін қолдана білумен таныстыру; заттарды қолмен ұстап санауды үйрету; математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық -қозғаушылық

Топқа 5 қуыршақ қонаққа келеді.

-Барлығы неше қонақ келді? Қане, барлығымыз бірге санайық. Содан кейін тәрбиеші 2-3 балаға жеке санап, қорытынды санды айтуларын сұрайды. -Бізге қонақтар келді, яғни біз оларды қонақ етіп күтуіміз керек. Менде шоколадтар бар, бірақ олардың қонақтарға жететінін жетпейтіндігін білмеймін. Оны қалай білуіме болады?

-Барлығы неше шоколад?

-Қонақтар нешеу?

-Қонақтарға қарағанда шоколадтың нешеуі кем?

-Барлығына жете ме?

-Неше қонаққа шоколад жетпейді?

-Шоколадтар мен қонақтар тең болу үшін не істеуіміз керек?

-Шоколадтар нешеу болды?

-Қонақтар нешеу?

«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай -ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.

Мазмұны:Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш,5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қортында санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналыды. Қарамай -ақ қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі (алдымен қайта санау арқылы, содан кейін әр кірпішті машинаға салып, сәйкестендіру арқылы). Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады. Басқа заттарды да топтарымен осылай жұмыс істеледі.

Балалар келген қонақтармен амандасады. Тәрбиешімен қосыла отырып келген қонақтарды санайды.

-5 қонақ келді.

- Екеуі

-Жоқ жетпейді

-Шоколад сатып әкелуіміз керек.

-Бесеу болды.

-Бесеу

Екі тәсілмен санау, тарату.

Балалар ойынның шартын мұқият тыңдайды.

Ұйымдастыру - іздестіру

«Сөзді керісінше ата»сөздік ойыны

Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.

Мазмұны:Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен - кіші, кең -тар, ұзын -қысқа, биік - аласа, қалың -жұқа, сол жақта -оң жақта, жоғары -төмен, аз -көп, қалыңырақ- жұқарақ, ұзынырақ -қысқарақ, кеңірек - тарырақ т.б.)

Балалар ойында қызыға ойнайды.


Рефлек

сивті - түзету

шілік

Сабаққа қатысуына қарай балалар білімі бағаланады. Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Нені білу керек:Заттарды салыстыра отырып санай білуді үйренді.

Қандай түсініктерді игерді: Артық -кем, қанша болса, сонша, тең ұғымдары туралы білімдері дами түсті.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «Сипап сезу арқылы санау» «Сөзді керісінше ата» дидактикалық ойындары арқылы кеңістікті, көлемді, ажырату және жылдам жұмыс жасай білу дағдылары қалыптасты.


© 2010-2022