Ашық сабақ Атасы мен немересі ( мектепалды даярлық топ)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертегілер елінде (вариативтік сабақ)

Тақырыбы: Атасы мен немересі. Т.Жексенбай.

Мақсаты: Балалардың әңгіменің мазмұнын түсінулері.Сурет бойынша әңгімелей алулары. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.Өзінің ойын жеткізе алу шеберліктерін дамыту. Батылдық, ерлік және үлкенге құрмет тәрбиесі.

Көрнекілігі: Ертекші ата қуыршағы, «Атасы мен немересі» тақырыбына арналған слайд, кеспе сандар мен цифрлар, көрніске арналған сурет және жұлдыз, ай, таратпа материалдар.

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Сабаққа әзірлік.Қай сабақ екенін хабарлау.

2.Педагогтың сөзі: -Ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме?

-Иә, саяхатқа барғымыз келеді.

-Бізге саяхатқа баруға көлік керек. Саяхатқа немен барамыз?

-Машинамен барамыз.

Балалар машинаның жүргендегі дауысын салып орындарын қимыл жасайды.

-Ертегілер елі алыс. Жүріп келеміз,жүріп келеміз,жол таусылар емес. Жол ұзақ болғандықтан балалар ұйықтап қалды.(Балалар ұйықтаған қалып танытып көздерін жұмып, партаға жатып қалады.)Міне, ертегілер еліне де жеттік-ау. Кәне, көздеріңді ашыңдар. Суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

-Аспан, көл,орман,жағадағы қайық.

-Біз жол жүріп келгенше түн дн батып кетіпті .Айнала қап-қараңғы.Аспанда жарық қылу үшін бізге не жетпей тұр?

-Ай,жұлдыздар.

-Дұрыс.

Ертекші атай:-Сәлеметсіңдер ме,балалар. Мен -Ертекші атайларың боламын. Аспанды жарық қылар жұлдыз бен ай алғыларың келсе маған өздерің білетін ертегі, әңгімелердің атын айтып беріңдер.

Балалар өткен сабақтарда өткен тақырыптардың аттарын айтады.Әр дұрыс жауапқа жұлдыздар және ай беріліп олар суретке жабыстырады.

Ертекші атай:-Мына суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

-Бала ойыншықпен ойнап отыр.

-Ержанның неше ойыншығы бар?

-Ержанда 8 ойыншық бар.

Демек әңгіме не туралы болады?

-Ержан деген бала,ойыншығы туралы болатын сияқты.

-Дұрыс, Т.Жексенбай аталарыңның «Атасы мен немересі».

Әңгімені слайд бойынша айтып беру.

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру:

-Ержанға кім ойыншық әкеп берді?

-Ержан ойыншық сыйлаған атасына не деді?

-Ойыншықпен ойынаған Ержан қандай әсерде еді?

-Шам өшкен кездегі Ержанның түрі қандай?

-Атасы Ержанға не үшін мылтық сыйлады?

-Әңгіме ұнады ма?

Әңгіме мазмұнын балаларға баяндату.

Балалар, Ертекші атайға ән айтып берейік.

Сергіту сәті. «Қызыл раушан гүл» әніні үш тілде орындап билеу.

Енді ауылымызға қайтайық ол үшін мына сандарды ретімен тақтаға орналастырсақ көл жағасындағы қайық бізді ауылымызға әкеп салады.

1-8 дейінгі таратылған сандарды ретімен тақтаға жапсыру.

Енді осы сандарды мен аударайын, сенднр шыққан әріптерді қосып оқыңдар

1

2

3

4

5

6

7

8

Б

А

Т

Ы

Р

Л

Ы

Қ



-Бұл сөздің осы айтылған әңгімеге қатысы бар ма?

-Батыр балалар қараңғыда қорықпайды. Батыр болған дұрыс т,с.с балалар жауаптары тыңдалады.

-Батыр деп кімдерді айтамыз? Қандай Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларды білесіңдер?

-Батырлар елін жаудан қорғайды. Батырлар елі үшін құрбан болған жандар. Оларды біз үнемі есімізге сақтап жүреміз Олар:Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Б.Момышұлы,Р.Қошқарбаев т.б.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сендер де өздеріңнің батырлар ұрпақтары екенднріңді біліп жүріңдер. Қараңғыдан қорықпай,әр нәрседен сескенбей ,қиындықтан жасымайтын бала болып өсулерің керек.

«Жасырын сөз» дидактикалық ойыны.

Кестеде неше рет «ата» сөзі жазылған. Сөзді тауып қоршап қой.

А

Т

А

Ж

А

Т

А

С

А

Т

А

А

Т

А

Сабақты қорытындылау: Аталарың сендерге ақыл айтады. Қамқор болып жүретін тілекші адамдардың бірі. Сондықтан үлкен адамдарға құрмет көрсетіп жүруді естеріңнен шығармаңдар.Әрқашан сабырлы, батыл болу керек екенін түсініп жүріңдер.

Сабаққа белсене қатысқан және дұрыс жауап берген балаларға жұлдызша беру,мадақтау.











Сабақ туралы өз пікірім.

Сабақ тақырыбына орай жоспарлаған сабағым көңілімнен шықты. Балалар әңгіменің мазмұнын автордың ойын түсінді деп ойлаймын.Сабақта өткен сабақтардың тақырыптарын сұрауым балалардың есте сақтауларын тексеру мақсатында болды.Балалар жауап бере алды,демек, өтілген тақырыптарды ұмытпаған.

Суреттерді көбірек пайдалануға тырыстым.Себебі, суреттер арқылы балалардың есте сақтаулары әсерлі болады деп ойладым. Балалар сабақ соңында әңгіме мазмұнын айта алды ,демек суреттерді пайдалану тиімді болды деп ойлаймын.

Пәнаралас байланысты көздей отырып «Санамақ», «Жасырын сөз табу», «Кестедегі әріптерден сөз құрау», «Сан ретімен орналастыру» дидактикалық ойындарын өткіздім.Балалар математика, сауат ашу, логика пәндерінен алған білімдерін пайдаланып тапсырманы дұрыс орындады.

Сабақта барлық балаларды қамтуға тырыстым. Балалар сабақта зеріккен жоқ. 10 балаға жұлдызша беріп мақтадым, 3 баланың жауаптары толық болмағандығына ескерту жасап келер сабақта мұқият болуларын ескерттім. Сабақ уақыты толық жетті және игерілді.









Ашық сабақ Атасы мен немересі ( мектепалды даярлық топ)



Өткен тақырыптарды еске түсіру арқылы аспанға Ай мен жұлдыздар жаспырдық

Ашық сабақ Атасы мен немересі ( мектепалды даярлық топ)



Сабақ барысында зерігу, шаршау болған жоқ.





Ашық сабақ Атасы мен немересі ( мектепалды даярлық топ)

«Наурыз-думан» ертеңгілігінен кейін естелікке суретке түстік.

Ашық сабақ Атасы мен немересі ( мектепалды даярлық топ)

Наурыз туралы сұрақтарға жауап беруге балалар белсене қатысты.

Ашық сабақ Атасы мен немересі ( мектепалды даярлық топ)

«Көкпар» биін топпен билеу -Наурыздағы ата-аналарға арналған «Селт еткізер»сыйлығымыз болды.

Ашық сабақ Атасы мен немересі ( мектепалды даярлық топ)

Өз қолыммен ашықхат жасадым. «Анашым,мереке күніңмен!»





© 2010-2022