«Айналаңы қоршаған орта арқылы балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№38 «Шаттық» балабақшасы

тәрбиешісі

Баймағанбетова Шынар

Борашовна


Табиғат адам үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Баланы жас кезінен өзі өсіп - өңген ортасын, өзің қоршаған табиғатың

бағалай білуге, оған дұрыс қарауға, табиғаттың өмірлік мәні мен манызың,

пайдасы түсінуге,сезіне білуге тәрбиелеймін. Бүлдіршіндерді табиғат

алдындағы жауапкершілігін түсіне білуге, сезіне білуге тәрбиелеймын.

Табиғатпен танысу барысында бала өз көзімен көріп, қолымен ұстап, онымен араласып, жанасу арқылы ғана нақты түсініктері мен ұғымдарын кеңітемін. Сонымен қатар алғашқы алған түсініктері мен білімдерін толтырып, сөздік қорларын молайтып, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Табиғаттың әсем көркемдігі көз тартып, сезімге әсер етіп, көңілдерін қызықтырады.

Балалар әсем әуенге, жылы сөзге, әдемі көрініске, тамылжыған көркем табиғатқа қызығады. Сол сияқты бұл еңбекте балалардың зерттеу қызметін қалыптастыруға зор көңіл бөлдім. Жинақтың ерекшілігі қазақ ақындарының шығармалары мен қазақ халқының мақал - мәтелдері, жұмбақтары, тыйым сөздері, халық болжамдары кеңінен қолданып және балалардың жас ерекшеліктеріне лайықтап бердім. Бұндай шығармалар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктері арттырады, өздерің қоршаған ортаға қамқор болуға, аялауға және еңбек етуге, үлкендер еңбегін бағалауды және де балалардың табиғатты бақылап қана қоймай, тіл жағынан дамуына, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеулеріне қалыптасуына дамытамын.

Мектепке дейіңгі мекемеде балаларды айнала қоршаған орта арқылы табиғатқа сүйіспеншілікпен қарай алатың ұрпақ тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Сондықтанда, аталған еңбекте жылдың төрт мезгілінде балаларды серуенге алып шығып, онда айнала қоршаған ортаға бақылау жұмысын жүргіздім. Серуен бірнеше бөліктен тұрады: Бақылау, зерттеу, еңбек, қимылды ойындар, жаттығу ойындары.

Серуен кезінде нысанаға алған объектіні бақылай, зерттей отырып, онын тіршілігін, пайдасымен зияның әсемдігі мен өмір сүруге деген құштарлығын бар санасымен сезінеді.

Біздің балабақша да балаларды тәрбиелеу мен оқыту жұмыстары табиғатпен тікелей байланыстыра жүргізіледі. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншіліке тәрбиелеу барысында өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп - баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге

тәрбиелейміз.Балалар тірі және өлі табиғат арасында тірі организм мен олардың сүру ортасында байланыстарды орнатуды үйренеді. Сонымен қатар біздің «Шаттық» балабақшасыңда балаларды табиғатқа деген сүйіспеншіліг балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып жылдық жоспар бойынша « Экологиялық соқпақ жол» арқылы жұмыс жасалынады.

Мұнда балалардың білімін толықтырумен қатар олардың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуы үшін мәдени - экологиялық орта құру, табиғатқа деген жаңаша көзқарас пен қатынас қалыптастыру міндеті шешіледі.

Қолданылған әдебиеттері :

1.Ж.Б.Қоянбаев «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы.

2.М.Жұмабаева «Педагогика» Алматы 1993.


© 2010-2022