Технологиялық карта Құстарға астау жасаймыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балапан» І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Құрастыру

Тақырыбы: «Құстарға астау жасаймыз»

Мақсаты:ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп, біртұтас затты құрастыруды және құстарға қамқор болуды үйрету; құрастыру барысында эстетикалық және көркемдік талғамын тәрбиелеу; балалардың зейіндері мен қабылдау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер:ұсақ құрылыс материалдары, құстар, үй құстарының дауыстары, астау ағаштан, темірден, ұсақ құрылыс материалдарынан, сурет үлгілері.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы




Жұмбақ шешеміз

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

(Әтеш)

Таң атса жерден жем аңдыған.

(Тауық)

Үнтаспа қосылып, үй құстарының дауыстары естіледі. Сұрақтар қояды:

-Әтеш пен тауықты бір сөзбен қалай айтамыз?

-Құстардың дауыстары қалай шығады?

Үнтаспаны қайта қосып, құстардың дауыстарын біраз тыңдаған соң, балаларға білдірмей өшіріп қояды.

-Дауыстары естілмей қалды, неге?

-Мүмкін олар жем жегісі келген шығар. Балалар, оларға астауға салып жем берейік.

Жұмбақтардың шешуін айтады.


Сұрақтарға жауап береді.

Құстардың дауыстарын тыңдайды.

Құстарға астау жасап беруге келіседі.

Ұйымдастыру-іздестіру




Үлгі суретпен жұмыс

Астаудың суретін көрсетеді, пысықтайды. Оның ағаштан, темірден жасалатынын, ал өздерінің оны ұсақ құрылыс бөліктерінен құрастыратындарын түсіндіреді.

«Менің қолымда не бар?» дидактикалық ойыны

Жұмысқа қажетті құрылыс материалдарын көрсетіп, оның не екенін, не үшін керектігін сұрайды, жауаптарын толықтырады.

Саусақ жаттығуы

Бас бармағым-атам, үйдің данасы.

Балаң үйрек-әжем, ошақ анасы.

Ортан терек-әкем, отау панасы.

Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек-мен, бәрінің базары.

Саусақтар серуені

Құрастыру жолын түсіндіріп, бірге жасатады:

  • ең кішкентай кірпішті көлденең қоямыз;

  • кірпіштің екі жағына тігінен ең кішкентай текшені қоямыз;

  • кірпіштің жанынан кішкентай пластиналарды қырымен қоямыз.

Тәрбиеші балалармен бірге жұмыс жасайды және құрастыру барысын бақылап, көмектеседі.

Үлгі суретті тамашалайды.


Мұқият қарап тыңдайды.


Саусақ жаттығуын жасайды.


Тәрбиешінің әрекетін бақылайды, жасалу жолын түсіріп алады.

Тәрбиешінің басшылығымен астауды құрастырады.




Сөздік жұмысы

«Қырынан, көлденеңінен, үстіне» деген жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, бекітеді.

Жасаған астауларына құстарға арнап жем салғызады. Үнтаспа қосылып, үй құстарының дауыстары қайта шығады.

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп алады.

Астауға жем салады.

Құстардың дауыстарын тыңдайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сұрақтар қойып тақырыпты қорытады:

-Балалар, бүгін біз қандай жұмыс жасадық?

-Қандай құстардың дауыстарын естідіңдер?

-Астауды қандай құрылыс материалдарынан жасадық?

Балаларды мадақтап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.


Сұрақтарға ойланып, жауап береді.

Күтілген нәтиже:

Нені білу керек:.сөздік қорларын жаңа сөздермен байыта отырып сөйлеу барысында дұрыс пайдалануды.

Нені игерді:.құрастыру барысында эстетикалық және көркемдік талғамды.

Нені біледі:сюжет бойынша жұмыстарын біріктіріп, қалпына келтіруді.






























«Балапан» І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы 12.11.2014ж

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Көңілді көжектер мен қонжықтар»

Мақсаты: ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп, біртұтас затты құрастыруды және құстарға қамқор болуды үйрету; құрастыру барысында эстетикалық және көркемдік талғамын тәрбиелеу; балалардың зейіндері мен қабылдау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер:ұсақ құрылыс материалдары, құстар, үй құстарының дауыстары, астау ағаштан, темірден, ұсақ құрылыс материалдарынан, сурет үлгілері.

Билингвалды компонент: құс-птица, астау-кормушка, әтеш-петух, тауық -курица.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы




Жылаған дауыс естіледі. Кімнің жылап отырғанын орындық пен үстелдің астынан, шкафтың ішінен балалармен бірге іздейді. Тәрбиеші қонжық пен көжекті тауып алады.

-Қонжықтар мен көжектер адасып, қарындары ашып, тоңып қалыпты.

Тыңдайды, іздейді, тауып олармен амандасады.

Ұйымдастыру-іздестіру




«Қандай көжек?» дидактикалық ойыны

-Қояндар қанша? Келіңдер, қояндарды құшақтап жылытайық, оларды үрлеп, қолымызбен сипайық.

-Көзі қандай? Нешеу?

-Құлақтары қандай? Нешеу?

-Аяқтары қандай? Нешеу?

-Құйрығы қандай? Нешеу?

-Нені жақсы көреді?

Сергіту сәті

«Көжекті ұстаймыз» дидактикалық ойыны

Музыка ойнатылып, балаларкөжек болып секіріп жүреді. Тәрбиеші ұстауға ұмтылады. Балалар қашып, орындарына отырады.

«Түрлі түсті таспалар» дидактикалық ойыны

Балаларға түрлі түсті таспалар таратады.

-Біздің алаңқайда екі жол бар-қызыл және жасыл түсті. Қызыл таспасы бар қонжықтар мен көжектер қызыл жолда, ал жасыл таспасы бар қонжықтар мен көжектер жасыл жолда секіріп ойнауы керек. Олар сендермен бірге ойнағысы келеді.

«Орнына қой» ойыны

-Аңдар шаршады, оларды орындарына отырғызайық.

-Сенің қолыңда қанша көжек бар? Қанша қонжық?

-Ал торда нешеу?

-Енелерін қалай атаймыз? Міне, енелері де іздеп келіп қалыпты.

«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойыны

-Қоян мен аю төлдерін ренжітпегендерің үшін риза болып, сендермен ойын ойнайық дейді

Балаларға қапшықтың ішіне қолдарын салып, пішіндерді сипау арқылы танып, атауды ұсынады.

Қонжықтар мен көжектерді қолдарына алып, құшақтайды, үрлейді, сипайды, жүнінің жұмсақ, үлпілдек екенін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Аңдардың дене мүшелерін салыстырады, санайды.

Көжектің қимыл қозғалыстарын көрсетеді, секіріп орындарына барып отырады.


Аңдармен бірге ойнайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Сипау арқылы пішіндерді анықтайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы



«Қонақтарды сыйлаймыз» ойыны

Қоянға сәбіз, аюға құлпынай сыйлатады. Ал қоян мен аю риза болып, кішкентай себеттің ішінен балаларға тәтті сыйлық алып береді.

Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады:

-Бізге нелер қонаққа келді? Балалар біз не істедік?

Балаларды мадақтап, ұқйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілген нәтиже:

Нені білу керек:. «көп», «аз» ұғымдарын түсініп, заттарды санына қарай салыстыруды.

Нені игерді:.тапсырманы орындау барысында меңгерген ұғымдарды дұрыс пайдалануды.

Нені біледі:қарапайым математикалық ұғымдарды түсінуді.

Тексерілді: Ф.Абатаева


«____»___________2014 ж














«Балапан» І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы 12.11.2014ж

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Көңілді көжектер мен қонжықтар»

Мақсаты: ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп, біртұтас затты құрастыруды және құстарға қамқор болуды үйрету; құрастыру барысында эстетикалық және көркемдік талғамын тәрбиелеу; балалардың зейіндері мен қабылдау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер:ұсақ құрылыс материалдары, құстар, үй құстарының дауыстары, астау ағаштан, темірден, ұсақ құрылыс материалдарынан, сурет үлгілері.

Билингвалды компонент: құс-птица, астау-кормушка, әтеш-петух, тауық -курица.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы




Жылаған дауыс естіледі. Кімнің жылап отырғанын орындық пен үстелдің астынан, шкафтың ішінен балалармен бірге іздейді. Тәрбиеші қонжық пен көжекті тауып алады.

-Қонжықтар мен көжектер адасып, қарындары ашып, тоңып қалыпты.

Тыңдайды, іздейді, тауып олармен амандасады.

Ұйымдастыру-іздестіру




«Қандай көжек?» дидактикалық ойыны

-Қояндар қанша? Келіңдер, қояндарды құшақтап жылытайық, оларды үрлеп, қолымызбен сипайық.

-Көзі қандай? Нешеу?

-Құлақтары қандай? Нешеу?

-Аяқтары қандай? Нешеу?

-Құйрығы қандай? Нешеу?

-Нені жақсы көреді?

Сергіту сәті

«Көжекті ұстаймыз» дидактикалық ойыны

Музыка ойнатылып, балаларкөжек болып секіріп жүреді. Тәрбиеші ұстауға ұмтылады. Балалар қашып, орындарына отырады.

«Түрлі түсті таспалар» дидактикалық ойыны

Балаларға түрлі түсті таспалар таратады.

-Біздің алаңқайда екі жол бар-қызыл және жасыл түсті. Қызыл таспасы бар қонжықтар мен көжектер қызыл жолда, ал жасыл таспасы бар қонжықтар мен көжектер жасыл жолда секіріп ойнауы керек. Олар сендермен бірге ойнағысы келеді.

«Орнына қой» ойыны

-Аңдар шаршады, оларды орындарына отырғызайық.

-Сенің қолыңда қанша көжек бар? Қанша қонжық?

-Ал торда нешеу?

-Енелерін қалай атаймыз? Міне, енелері де іздеп келіп қалыпты.

«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойыны

-Қоян мен аю төлдерін ренжітпегендерің үшін риза болып, сендермен ойын ойнайық дейді

Балаларға қапшықтың ішіне қолдарын салып, пішіндерді сипау арқылы танып, атауды ұсынады.

Қонжықтар мен көжектерді қолдарына алып, құшақтайды, үрлейді, сипайды, жүнінің жұмсақ, үлпілдек екенін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Аңдардың дене мүшелерін салыстырады, санайды.

Көжектің қимыл қозғалыстарын көрсетеді, секіріп орындарына барып отырады.


Аңдармен бірге ойнайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Сипау арқылы пішіндерді анықтайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы



«Қонақтарды сыйлаймыз» ойыны

Қоянға сәбіз, аюға құлпынай сыйлатады. Ал қоян мен аю риза болып, кішкентай себеттің ішінен балаларға тәтті сыйлық алып береді.

Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады:

-Бізге нелер қонаққа келді? Балалар біз не істедік?

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілген нәтиже:

Нені білу керек:. «көп», «аз» ұғымдарын түсініп, заттарды санына қарай салыстыруды.

Нені игерді:.тапсырманы орындау барысында меңгерген ұғымдарды дұрыс пайдалануды.

Нені біледі:қарапайым математикалық ұғымдарды түсінуді.

Тексерілді: Ф.Абатаева


«____»___________2014 ж






































«Балапан» І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы 14.11.2014ж

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Е.Өтетілеуұлының «Ботақан мен бұзау» өлеңі

Мақсаты: өлең жолдарын еске сақтай отырып, жатқа айтуды үйрету; үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; еске сақтау қабілеттерін арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер:доп, ойыншық мысық.

Сөздік жұмысы: ититтей, шүйіреді.

Билингвалды компонент: мысық-кошка, бота-верблюжонок, бұзау-теленок.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы




Балаларға қорапшаны көрсетеді:

-Біздің топтың алдында мына қорапша жатыр. Ішінде бір нәрсе бар сияқты, бір дыбыс шығарады.

Қорапшаны құлағына тақап тыңдайды. Мияулаған дыбыс шығады.

-Қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

-Қане, бірге айтайық?

-Қандай жануар осындай дыбыс шығарады?

-Мысық қандайжануар?

--Келіңдер, мысықты шақырайық.

-Мысық шықпай қойды ғой. Қандай мысық өзі? Оған мына өлеңді оқып берейік, мүмкін сонда шығатын шығар?

Қорапшаны қызықтайды, тәрбиешіні тыңдайды.

Ойланып мысықтың үй жануары екенін айтады.

Мысықты шақырады, бірақ мысық шықпайды.

Ұйымдастыру-іздестіру




Өлең тыңдаймыз Е.Өтетілеуұлының «Ботақан мен бұзау» өлеңін оқиды. Ботақан мен бұзау. Тіктеп титтей құлағын, Ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын. Бұзау оған ереді. Алға созып мойынын. Ойнақтайды ботақан. Көкке қарай мұрынын, Шиырады бұзауқан. Сөздік жұмысы «Титтей, шүйіреді» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Мақал Малды бақсаң, сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан. Мақалдың мағынасын түсіндіреді. «Кім көп айтады?» дидактикалық ойыны -Балалар мысық неге шыққысы келмейді? Мүмкін мысыққа жақсы, жылы сөздер айтармыз?

Өлеңді мұқият тыңдайды.




Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді

Сұрақтарға жауап береді.

Тыңдайды, естеріне сақтайды..


Рефлексивті

коррекциялаушы



Балалар шеңбер бойымен тұрады, допты алған бала мысыққа жылы сөздер айтуы керек.

Балалардың жылы сөздерінен кейін мысық қорапшадан шығады.

Сергіту сәті

Бас бармағым-атам, үйдің данасы,

Балаң үйрек-әжем, ошақ анасы.

Ортан терек-әкем, отау панасы,

Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары,

Титтей бөбек-мен, бәрінің базары.

Өлеңді қайта оқып береді, оқыған кезде кейбір сөздерге екпін қойып отырады, балалар сол сөздерді мүмкіндігінше есте сақтап, қайталайды.

Допты ұстаған сайын тиісті сөздерді айтып отырады: мысығым, марғауым, жұмсағым, аппағым, сүйкімдім, әдемім.

Тәрбиешімен бірге қайталап, кезек-кезек саусақтарын бүгіп отырады.


Өлеңді естеріне сақтайды.


--Балалар, бүгін біз не істедік?

Мысық қайдан келді?

Қорапшаның ішіне мысық неге тығылды?

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Ойланып, жауап береді.

Күтілген нәтиже:

Нені білу керек:..өлең жолдарын есте сақтап, дауыс ырғағы мен қарқынын дұрыс айтуды.

Нені игерді:.кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуді.

Нені біледі: үй жануарлары мен төлдеріне қамқорлық пен күтім жасауды.

Тексерілді: Ф.Абатаева


«____»___________2014 ж





























«Балапан» І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы 14.11.2014ж

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Құрастыру

Тақырыбы: «Қыстау»

Мақсаты: құрлыс материалдарының негізгі бөлшектерін, олардың түстерін, көлемдеріін атай отырып, жануарларға қыстау құрастыруды және үлкен құрылыс матеиалдарымен жұмыс істеуді үйрету; өз қиялымен құрылымды құрастыруға тәрбиелеу; құрылымды құрастыру барысында материалдарды дұрыс орналастыруға дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер:текшелер жиынтығы: ені мен ұзындығы бірдей кірпіш, үй жануарлары суреттері, текше, кірпіш, пластина.

Билингвалды компонент: сиыр-корова, жылқы-лошадь, ешкі-коза, қой-овца.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы




Балаларға ойыншық үй жануарларын көрсетіп, сұрақтар қояды:

-Бұл жануарларды тағы қалай деп айтуға болады?

-Олар туралы тағы не білесіңдер?

Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады:

-Үй жануарларына қамқорлық жасайық, олар бізге сүт, май, қаймақ береді.

Үй жануарларына жылы қора құрастырып беруді ұсынады.

Ойыншық үй жануарларын тамашалап, сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиешіні тыңдайды.

Үй жануарларына жылы қора жасап беруге келіседі.

Ұйымдастыру-іздестіру




Үлгі суретпен жұмыс

Тәрбиеші балаларға малға арналған қысқы қораның үлгісін көрсетеді.

Онда алдыңғы, артқы және үстіңгі жағынан қарауды ұсынады.

Саусақ жаттығуы

Оң қол мен сол қолдың саусақ буындарын кезек-кезек ашып, жұмады, қолдарын құлыптап, сағат тілінің бағытымен айналдырады, құлыпты ашып, саусақтарын босатып, алақандарын қағады.

Саусақтар серуені

Үлгі суретке қаратып, жетелеуші сұрақтар қоя отырып, қысқы қораны құрастырады.Тәрбиеші құрастыру барысын бақылайды, көмектесіп, бағыт беріп жүреді.

«Жануарларды күтейік» ойыны

Жасаған қыстық қораға үй жануарларын орналастырып, ойнауды ұсынады.


Үлгіні тамашалап, қысқы қораның алдында, артында не тұрғанын, төбесінде не бар екенін анықтайды.

Саусақ жаттығуын жасайды.


Тәрбиешінің басшылығымен құрастыру жұмысына кіріседі.

Ойыншық жануарларды жасаған қораларына кіргізіп ойнайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы



Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады:

-Балалар біз бүгін не істедік?

-Бізге қандай жануарлар келді?

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілген нәтиже:

Нені білу керек:.өз қиялымен құрылымды құрастыруды, оларды сюжет мазмұнына қарай біріктіруді.

Нені игерді:.Құрастыру барысында материалдарды дұрыс орналастыруды.

Нені біледі:бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді.

Тексерілді: Ф.Абатаева


«____»___________2014 ж








































«Балапан» І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы 18.11.2014ж

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Т.Бердияровтың «Сұр қоян» өлеңі

Мақсаты: шағынөлеңді жатқа айтуға үйрету;сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез құлқын дұрыс жеткізуге тәрбиелеу; қол мен саусақ жаттықтыруға ойындар мен ойыншықтарды пайдалануға іскерліктерін қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер: «Күн шуағы», қапшықтағы әртүрлі заттық суреттер.

Сөздік жұмысы: сыбдырды; ойлы-қырлы; ытқып-ытқып; қиығын сап; томпаңдап.

Билингвалды компонент: қоян-заяц, түлкі-лиса, мысық-кошка.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы




Жылулық шеңбері

Қол ұстасып алайық,

Күлкімізді сылайық.

Қошемет те бізге керек,

Күн өтеді керемет!

Есік қағып, күлімдеп Күн шуағы кіреді. Амандасады. Өзін таныстырады.

Тәрбиеші Күн шуағы туралы сұрақтар қояды:

-Балалар күн шуағы қандай?

-Күн шуағы не істейді?

Балалардың жауаптарын тыңдап толықтырады:

-Күн шуағы бізді, жануарларды, өсімдіктерді жылытады, нұрын жан-жаққа шашады, кешке үйіне кіреді, таңертең қайта шығады.

Күн шуағын тақтаның жоғары жағына орналастырады.

Тәрбиешімен бірге сөздерді айтып отырады.

Күн шуағымен амандасады.

Сұрақтарға жауап береді.


Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Ұйымдастыру-іздестіру




Үнтаспа қосылып жылаған дауыс шығады. Балаларға ағаш түбінде жылап отырған сұр қоянды алып көрсетеді.

Қоян туралы сұрақтар қойып, суреттетеді.

-Қоян көжегін іздеп жүр екен, адасып қалыпты, қоянға көмектесейікші.

Өлең тыңдаймыз

Т. Бердияров жазған «Сұр қоян» өлеңін оқып береді.

Сұр қоян

Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Сөздік жұмысы: «сыбдырды; ойлы-қырлы; ытқып-ытқып; қиығын сап; томпаңдап» сөздерінің мағынасын түсіндіріп, қимылмен көрсетеді.

Қоянға аяушылық білдіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Қоянға көмектесуге келіседі.


Өлеңді мұқият тыңдайды.


Сөздердің мағынасын түсініп алады.




«Көңілді тілдің серуені» артикулияциялық жаттығуы.

«Көңілді тіл таңертең оянып, созылады, терезені кең ашады, ауа райы қандай екенін көреді. Ол аспанға қарайды, күн жарқырайды.

Ассалаумағалейкум, Күн!

Жерден жап-жасыл шөпті, ағып жатқан өзенді көреді.

Оңға қарады, солға қарады, жаттығулар жасауға асықты: төсенішке жатады, құйрығын жоғары қарай көтерді, төмен түсіреді, жоғары-төмен, жоғары-төмен». Тәрбдиеші балалардың жаттығуды қалай жасап отырғанын қадағалайды.

-Көрдіңдер ме балалар, Күн шуағы сендерге қарап күлімдейді.

жоғары-төмен». Тәрбиеші балалардың жаттығуды қалай жасап отырғанын қадағалайды.

-Көрдіңдер ме балалар, Күн шуағы сендерге қарап күлімдейді.


Жаттығуды айнаға қарап жасайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы


Кішкентай сұр көжекті қоянның жанына қояды.

-Міне қоянның көжегі табылды. Қоянның анасы қуанады, күн шуағы да қуанады, біз де қуанышымыздыбілдіріп, бір-бірімізге қарап күлімдейік.

-Сұр қоян мен көжегі шаршады, олар орманға қайтады,-деп, ойыншықтарды басқа бөлмеге апарып қояды.

Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады:

-Біздің топқа қандай жануар келді?

-Қандай жануар туралы өлең жаттадық?

-Қоян қандай?

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Сұр қоян үшін қуанып, онымен қоштасады.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілген нәтиже:

Нені білу керек:.шығарманың мазмұнын тыңдап, түсініп, есте сақтап, айтуды.

Нені игерді:..шығарманы жаттау барысында дауыс ырғағын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс беруді.

Нені біледі:шығармадағы сөздерді анық айтуды және сөйлеу қарқынын өзгертуді.

Тексерілді: Ф.Абатаева


«____»___________2014 ж












«Балапан» І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы 08.12.2014ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сурет

Тақырыбы: «Қар жамылған ағаштар»

Мақсаты: қыс мезгіліндегі қар жамылған ағаштарды бейнелеуге үйрету; түстерді араластырмай бояту арқылы ұқыптылыққа тәрбиелеу; ой-қиялдарын дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер:су құйғыш, қылқалам, сүлгі, акварель, қағаз беті.

Сөздік жұмысы: қар жамылған, ақ ұлпа.

Билингвалды компонент: ағаш-дерево, қар-снег.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы




Топта кенеттен қар ұлпалары пайда болады.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің басты ерекшелігі неде?

Қар ұлпаларын тамашалайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру-іздестіру




Бүгін қар жамылған ағаштарды бейнелейміз

Үлгі суретті көрсетіп, ретімен салғызады:

  • ағаштарды сызықтар салу арқылы бейнелейді;

  • ағашқа жағу арқылы қар салады:

Сергіту жаттығуы

  • қол жаттығуларын жасайды;

  • қар жамылған ағаштарды бейнелеуді жалғастырады;

  • қылқаламды дұрыс ұстау керектігін естеріне салады.

«Ненің ізі» ойыны

Құстың, аңның, адамның ізін көрсетіп, кімнің, ненің іздері екенін сұрайды.

Сөздік жұмысы

«Қар жамылған, ақ ұлпа» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Қызыға келіседі.

Үлгіні мұқият тыңдайды.

Ағаштарды сызықтар арқылы салады.

Үстінен жағу тәсілі арқылы қарды бейнелейді.

Қарындаштың көмегімен қолға жаттығу жасайды.

Бейнелеу жұмыстарын жалғастырады.

Қылқаламды дұрыс ұстайды.

Құстың, аңның, адамның іздерін ажыратып, айтады.

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.


Рефлексивті

коррекциялаушы



Көрме ұйымдастырады.

Балалардың жұмыстарын қарайды, мадақтайды.

-Бұл ненің бейнесі?

-Біз нені бейнеледік?

Балаларды мадақтайды. Қар ұлпаларын сыйлайды.


Көрмеге қойылған жұмыстарын тамашалайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілген нәтиже:

Нені білу керек:қылқаламмен сурет салу мен бояуды.

Нені игерді:шыршаның суретін салуды.

Нені біледі:ағаштар жайлы мәліметті.

Тексерілді: Ф.Абатаева


«____»___________2014 ж










© 2010-2022