Конспект сюжетно-ролевой игры Парикмахерская

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Желілі-рөлді ойын «Шаштараз»

Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне,бір-біріне көмектесуге және жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Ойын жағдаятын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Айна үстелімен, шаш үлгілерінің журналдары, қайшы, тарақ әр түрлі, касса, чек, ақша, тиын, әр түрлі шаш түйрегіштер, машинка, шаш кептіргіш, бейджик, иіссу, сабынсу құтылары.

Рөлдер: Екі шашатараз, үш клиент, бір кассир, тәрбиеші шаштараздың меңгерушісі ретінде.

Балалар шеңбер болып тұрады.

Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане бәріміз амандасайық.

Балалар:-Сәлематсыздар ма?

Тәрбиеші: - Енді барлығың маған қараңдар. Қане барлығымыз қолдарымыздан ұстап жылулық шеңберін құрайық.

Бәрі бірге:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кеңге ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын көк аспан

Мықты болсын іргеміз

Бәрімізде біргеміз.

Тәрбиеші:- Балалар біздер топта қандай ойын түрлерін ойнаймыз?

Балалар:- Қимылдық, дидактикалық, ұлттық, желілі-рөлдік т.б.ойындар.

Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, ал бүгін қандай ойын түрін ойнаймыз?

Балалар:- Желілі-рөлдік ойын.

Тәрбиеші:- Ал сендер желілі-рөлдік ойынның қандай түрлерін білесіңдер?

Балалар:«Дүкенші», «Асхана», «Дәрігер», «Шаштараз» т.б.

Тәрбиеші:- Ал қазір қандай ойын ойнағыларың келеді?

Балалар:- «Шаштараз» ойынын ойнаймыз.

Тәрбиеші:- Балалар бұл ойынға кімдер керек?

Балалар:- Шаштараз, шаш қидыруға келетін аға-апалар, кассир.

Бірінші клиент шаш қидыруға келеді. (Асем)

Шаштараз:- Сәлематсыз ба?

Клиент:- Сәлематсыз ба?

Шаштараз:- Сізге қандай көмек көрсете аламыз?

Клиент:- Мен аздап шашымды қысқартайын деп едім.Конспект сюжетно-ролевой игры Парикмахерская

Шаштараз:- Келіңіз мұнда отырыңыз.

Клиент: - Менің шашым көп түсе береді, ол үшін не істеуім керек?

Шаштараз: - Мен сізге сабынсудың мына түрімен жууды ұсынар едім. Ол «Эйвон» компаниясының пайдалы сусабыны.

Клиент:- Рахмет! Мен осыны пайдаланып көрейін.

Шаштараз:- Міне мен шашыңызды қиып болдым, қалай сізге ұнады ма?

Клиент:- Ұнады рахмет!

Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.

Клиент:- Сау болыңыз!

Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.

Кассир:- Сәлематсыз ба?Конспект сюжетно-ролевой игры Парикмахерская

Клиент:- Сәлематсыз ба?

Кассир:- Сіз 500 теңге бересіз.

Клиент:- Міне алыңыз.

Кассир:- Рахмет, сау болыңыз!

Клиент:- Сау болыңыз!

Екінші клиент шаш жұқартуға келеді. (Тілек).

Клиент:- Сәлематсыз ба?

Кассир:- Сәлематсыз ба?

Клиент:- Сіздер де ерлер шашын қия ма?Конспект сюжетно-ролевой игры Парикмахерская

Кассир:- Әрине солға қарай өтіңіз.

Шаштараз:- Сәлематсыз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?

Клиент:- Сәлематсыз ба? Мен аздап шашымды жұқартайын деп едім.

Шаштараз:- Келіңіз мұнда отырыңыз. Машинканың қай өлшемімен жұқартайын?

Клиент:- Мен үнемі төртпен жұқартатын едім.

Шаштараз:- Жарайды. Міне мен де болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?

Клиент:Әрине ұнады.Рахмет!

Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.

Клиент:- Сау болыңыз!

Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.

Конспект сюжетно-ролевой игры Парикмахерская

Клиент:- Мынаны алыңыз.

Кассир:- Сіз 300 теңге бересіз.

Клиент:- Міне алыңыз.

Кассир:- Міне артық ақшаңыз. Сау болыңыз!

Клиент:- Сау болыңыз!

Үшінші клиент шаш сәндеуге келеді. (Амина).

Шаштараз:- Сәлематсыз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?Конспект сюжетно-ролевой игры Парикмахерская

Клиент:- Сәлематсыз ба? Мен шашымды сәндейін деп келдім, мына көйлегіме қандай шаш үлгісі жарасады деп ойлайсыз?

Шаштараз:- Жүріңіз мына жерде шаш үлгілерінің журналдары бар, мүмкін соны қарап көрерсіз?

Клиент:- Мен мынадай етіп сәндегім келеді.

Шаштараз:- Жарайды, жүріңіз, отырыңыз.Конспект сюжетно-ролевой игры Парикмахерская

Клиент:- Бүгін менің туған күнім, соған дайындалып жатырмын.

Шашатараз:- А солай ма, туған күніңіз құтты болсын.

Клиент:- Рахмет! Бүгін мен ерекше әдемі болуым керек.

Шаштараз:- Әрине мен сіздің шашыңызды өте әдемі етіп сәндеп беремін.

Клиент:- Олай болса жақсы болар еді.

Шаштараз:- Міне мен болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?

Клиент:- Рахмет! Маған өте қатты ұнап тұр.

Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.

Клиент:- Сау болыңыз!

Клиент кассаға келеді.

Кассир:- Сәлематсыз ба?

Клиент:- Сәлематсыз ба? Мынаны алыңыз.

Кассир:- Сіз 800 теңге бересіз.

Клиент:- Міне алыңыз.

Кассир:- Міне артық ақшаңыз. сау болыңыз!

Клиент:- Сау болыңыз!

Тәрбиеші:- Балалар біздің ойынымыз осымен аяқталды, қалай ойын сендерге ұнады ма?

Балалар:- Ұнады.

Тәрбиеші:- Олай болса кейінірек тағы да ойнайтын боламыз, ал қазір қонақтармен қоштасайық.

Балалар:- Сау болыңыздар!

Конспект сюжетно-ролевой игры Парикмахерская











© 2010-2022