Воскобович технологиясын қолдана отырып өткізілген оқу-іс әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»

(ересектер тобы)

Білім беру саласы: Математика,тіл дамыту,сурет,құрастыру.

Мақсаты: Балаларды 1ден-10 дейін тура кері санауға жаттықтыру,ретімен санауға үйрету,сұраққа қанша?неше?нешінші? толық жауап беруге дағдыландыру: логикалық ойлау қабілетін дамыту,геометриялық пішіндер жөнінде білімдерін бекіту,түстерді ажырата білу,нүктелі нұсқа бойынша суретті таба білу.

Көрнекіліктер: доп,сандар 1ден-10дейін,геометриялық пішіндер,сиқырлы қапшық,

көлдегі балықтар,қарындаштын суреті салынған карточка,нүктелі нұсқадағы суреттер әр бір балаға,қарындаштар,ақ қағаз,балықтар,сиқырлы сандық.

Қосымша жұмыстар: ойын «Бұл қандай пішін», ойын «Сандарды ретімен қойып шық»,логикалық есептін жауабын тап,ойын жаттығу «Нүкте бойынша сызып шық»

Сабақ барысы: Балалар сендер саяхатқа барғыларын келеме, ұнатасыңдар ма саяхатты? Мен сендерді саяхатқа шақырамын.

-Біздің саяхатымыз математика еліне, оңда шағын қызықты аралдар бар, олар

«Жауап бер», «Танып біл», «Ойлап тап» бұл аралдарда ертегі әлемінін

- сиқыршылары тұрады.

-Балалар білесіндер ме, бұл аралдың сиқыршылары жұмбақ жасырғанды,тапсырма бергенді өте жақсы көреді, ал біз олардың шешімін табуды ұнатамыз ба?(Ұнатамыз)

-Балалар біз саяхатқа немен барамыз? (Дұрыс кеме)

-Балалар ендеше кемеге отырайық, оқиға толы қызықты математика еліне жүзейік.(кеме тәрізді тұрған орындықтарға балалар отырады әуен ойнатылады).

Ал ендеше біз дайыңдалайық:

Құлағымыз тыңдайды - бәрін естиді.

Көздеріміз қарайды - бәрін көреді

Аяқтарымыз кедергі жасамайды,

Қолдарымыз көмектеседі.

Басымыз жақсы ойлайды.

-Міне балалар біз бірінші аралға келіп жеттік,бұл арал «Ойлап тап» деген арал.

-Бұл аралдың сиқыршысы әр түрлі түстерді,тастар,геометриялық пішіндер жинағанды ұнатады. Мынау жатқан не екен? (қапшық қой) бұның ішінде не бар екен?Балалар біз қазір ойын ойнаймыз.

Ойын: «Бұл қандай пішін?»(сипап,сезу арқылы пішіндерді ажырату).

«Ойлап тап» аралдағы сиқыршынын,сиқырлы қапшықтың ішінде не бар екенін таптық.

Ал енді балалар біз кемеге отырып келесі аралға жол бастап жүзейік.Біздің саяхатымыз тереңде орналасқан математика әлеміне барамыз.Жол да көңілімізді көтеріп ойын ойнап барайық.

Ойын: «Иә немесе жоқ»: *Жазда қар жауа ма? (Жоқ. Қар қыста жауады.)

*Піл кішкентай жануар ма?(Жоқ. Піл үлкен жануар)

*Аю қыста ұйықтай ма?(Иә.Аю қыста ұйықтайды)

*Әтеш дала құсы ма?(Жоқ. Әтеш үй құсы)

*Түйе дала жануары ма?(Жоқ.Түйе үй жануары)

-Балалар қараңдар қандай әдемі түрлі-түсті өзен «Сандар» өзені сандар жазылған балықтар бар.Балалар сандар жазылған балықтарды аулайықшы.Сандар араласып кетіпті.Балықтағы сандарды ретімен қойып шығайықшы.

Ойын: «Сандарды ретімен қойып шық».(әр бала сандарды ретімен карточкаға қойып шығады)

-Балалар кім 1ден-10ғадейін,1ден-8ге дейін санайды.Ал кім маған 5санын көршісін атайды(4-6).

-Балалар біз сендермен «Танып біл» аралына келіп жеттік. Бұл аралда тұратын сиқыршы, сурет салғанды ұнатады.

-Балалар сиқыршы балықтарға сандар жазып,өзенді сиқырлап жүргенде,қиындыққа тап болды қарындаштары түстен айырылды. Сиқыршыға қөмектесейік қарындашты түрлі-түсті қылайық.

-Балалар карточкаға қараңдаршы қарындаштардың түсі қандай?(Түссіз).Енді не істедік?(бояймыз) Ал біз оны бояуға көмектесейік.

-Бірінші қарындаш- қызыл, үшінші қарындаш-қызғылтсары,бесінші қарындаш -сары,екінші қарындаш-жасыл,төртінші қарындаш - көк,алтыншы қарындаш-қөныр.

-Жақсы балалар,қарындаштар бірдей ма?(жоқ).

-Жуан қарындаштың түсі қандай?(көк)

-Жіңішке қарындаштың түсі қандай?(қызғылтсары)

-Ал екі бірдей қарындаштардың түстері қандай?(қызыл,сары)

-Алтыншы қарындаштын түсі қандай?(қоныр)

-Қысқа қарындаштың түсі қандай?(жасыл)

Саусақ гимнастикасы: «Саусақ»

-Балалар сиқыршы бізге сурет салмақшы болыпты, бірақ суретін аяқтауға үлгермепті, тек нүктелі нұсқасын қалдырыпты. Сиқыршының бізге қандай сурет қалдырғанын білу үшін нүктелерді қарандашпен қосайық.Ойын жаттығу жасайық.

Ойын: «Нүкте бойынша суретті сызып шық»

-Жақсы балалар енді суретшінің суреті шықты.Кімде қандай сурет шықты.

-Балалар одан әрі қарай «Жауап бер» аралына аттанайық. Жүзіп келген ше жұмбақтардың шешуін табайық.

1.Екі қояның неше құлағы бар?(Төрт)

2.Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар.(Қой)

3.Машинаның неше дөнгелегі бар?(Төрт)

4.Үш мысықтың неше құйрығы бар?(Үш)

5.Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.(Қырау)

6.Суға батпайды

Отқа жанбайды(Мұз)

-Жақсы балалар «Жауап бер» аралына да келіп қалдық. Бұл аралдың сиқыршысы сұрақ қойғанды,жұмбақ жасырғанды жақсы көреді,ал біз оған жауап береміз.

Кәне балалар шеңберге тұрайық, сұрақтарға мұқият болып жауап берейік.

Ойын: «Қарама-қарсы сөздер»

1.Мақта жеңіл, ал тас (ауыр)

2.Қар суық, ал шай (ыстық)

3.Кітап қалың, ал дәптер (жұқа)

4.Қант тәтті, ал тұз (ашы)

5.Күн жарық, ал түн (қараңғы)

6.Құрт қысқа, ал жылан (ұзын)

7.Қар аппақ, ал жер (қара)

8.Сүт ақ, ал су (түссіз)

-Жақсы балалар, ал енді бізге балабақшаға қайтуымыз керек.Сендер балабақшаны,

ата-аналарынды сағындыңдар ма?

-Балалар тағы бір тапсырманы орындайық сиқырлы ұшақ алаша жасайық.

Сол жақ жоғарғы бұрышқа - төртбұрыш қоямыз.

Оң жақ жоғарғы бұрышқа - дөнгелек қоямыз.

Сол жақ төменгі бұрышқа -сопақша қоямыз.

Оң жақ төменгі бұрыщқа -тіктөртбұрыш қоямыз.

Ал ортасына үшбұрыш қоямыз.

-Балалар мынандай сиқырлы алашамен тез балабақшаға жетеміз.

Реаликсация (әуен ойнатылады)көздерімізді жұмамыз дұрыс отырамыз,сиқырлы ұшақ алашамен ұшамыз.Балалар көздерімізді ашамыз міне топқада ұшып келдік.

Саяхат сендерге ұнады ма? Балалар біз әр аралда кездескен сиқыршының тапсырмасын орындап үлкен жұмыс жасап келдік.Осы достығымыздың арқасында бүкіл тапсырманы орындадық.Достық ойын ойнайықшы.

Ойын: «Тірі суреттер».(Жұптасып ойнау)Ым,пантомима арқылы көрсету.

1.Арасынан қыл өтпейтін достар.

2.Достар керісіп қалды.

3.Достар армандауда.

4.Достар қызық бір сурет ойлап тапты.

5.Достардың ойлағанындай шықпады.

6.Достар бәрі бірігіп үлкен достық шанырақ құрды.

Балалар қарандар қандай әдемі сандық,сиқыршылар бізге әдемі жылтыр ракушкалар сыйлады.Әр бір аралдың тапсырмаларын жақсы орындаған үшін.

Осы достығымызбен, жақсы көңіл қүйімізбен сабағымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022