Разработка урока на тему Үй жануарлары Домашние животные

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты:

  1. Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру.

  2. Олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.

  3. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, қайталау, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының төлдерімен салынған суреті, фланеграф тақта, теледидар.

Шаттық шеңбері:

- Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Көтеріңкі көңіл күймен, қонақтармен «шаттық шеңберге» тұрып амандасып алып, өлеңімізді айтайық.

- Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

- Жарайсыңдар, балалар, айтыңдаршы, бүгін аптаның қай күні? Ол қалай аталады, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар? Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Балалардың жауабы)

Ұйымдастырушылық-ізденушілік: Бейнетаспа көрсету. Балардың назары теледидарда болады.

- Балалар, үй жануарларын білесіңдер ме, оларды қалай атайды?

- Төрт түлік дегеніміз - түйе, жылқы, сиыр, қой ешкі. Үй жануарлары үйде бағылып, еті, сүті, жүні, терісі, күші арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз. Енді, балалар, үй жануарларының ішінде сиырға тоқталамыз. Біздің күнделікті ішетін сүтіміз, айрандарымыз, жейтін етімізді, яғни осының бәрін сиырдан аламыз. Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі жануарларының төлдері болады.

- Сиырдың төлін не деп атайды екенбіз?

- Бұзау. Оны торпақ деп те атайды.

- Түйенің төлін бота.

- Жылқының төлін құлын.

- Қойдың төлін қозы.

- Ешкінің төлін лақ деп атаймыз.

- Балалар, біз бұл жануарлармен тағы не істейміз?

- Атқа мінеміз, түйемен алыс жақтарға барамыз.

- Қане, ендеше сиыр қалай дыбыстайды?

- мө-мө-мө (мөңірейді)

- Жылқы қалай дыбыстайды?

- Й-й-й-й (кісінейді)

- Қой қалай дыбыстайды?

- Мә-мә-мә (маңырайды)

- Үй жануарлары немен қоректенеді?

- Шөп жейді.

- Не ішеді?

- Су ішеді

- Жануарлардың өздеріне тән дыбыстары болады. Анасы өріске кеткенде төлдері қарны ашқанда өздеріне тән дыбысты білдіреді.

Сергіту сәті:

Айналайын торпақ,

Бола берме қорқақ,

Тар болып тұр аула,

Тысқа шықта заула.

- Балалар сендер үй жануарлары туралы өте жақсы білдіңдер, сендерге көп, көп рахмет. Қазір бізге Мерей «Түлікті құрметтеу» деген өлеңін айтып береді.

«Түлікті құрметтеу»

Кендірменен байлама,

Жыңғылменен айдама.

Кендірменен байласаң,

Жыңғылменен айдасаң,

Мал бітер деп ойлама.

- Енді Гүлсезім мен Мансұр жұмбақ жасырғысы келіп отыр.

Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар.

(қозы)

Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

(түйе)

Ойын: «Анасын тап»

Шарты: Үй жануарларының төлдерін тауып, оларды анасының жанына орналастыру.

Тыйым сөзді қайталату:

Малды теппе, ақты төкпе.

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекеттерін қорытындылау. Балаларды мақтап, мадақтау.

- Балалар, сендер жұмбақтың жауабын тез таптыңдар, сондай тапқыр, жылдам екенсіңдер, үй жануарларын әрдайым құрметтеуіміз керек, өйткені олардың пайдасы зор.

Күтілетін нәтиже:

Үй жануарлары деп аталуын, сиыр малының қандай пайдасының бар екендігін және оларды адамдар қалай күтіп-баптайтынын біледі;

Үй жануарларының төлдерін ажырата біледі;

Тыйым сөздерінің мағынасын түсініп, төрт түлік малды қадірлеу керектігін меңгереді







М.Әуезов атындағы №251 орта мектеп


БАЯНДАМА

Үштілділік саясаты оқыту процесінде

Ата-анамен байланыс






БАЯНДАМА

Білім сапасын арттыруда «Таным» саласының маңызы



Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

ТАҚЫРЫБЫ :

Армысың, Наурыз!

Тәрбиеші: Рысдаулетова Ләззат




© 2010-2022