Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған тематикалық сабақ сценарий

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған тематикалық сабақ сценарий

Жүргізуші:(Жумабекова Асел)

Бір басында кеменгерлік,даналық,

Елін сүйген елі үшін жаралып.

Сол кісідей болса-болсын әр алып,

Адамдықтың аласармас үлгісі.

Бір өзінен жатқаны шын таралып,

Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне.

Әсем әнді шырқата бір салайық.

Балалар осы кезде тізбектеліп музыка ырғағымен залға кіреді.

Ардақты менің бұлдіршіндерім 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Президентінің сайлауы өтіп,сол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланды.Сондықтан 1 желтоқсан -мемлекттік тарихының мерейлі күні болып саналады.Бүгін міне ,тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық,қиынан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік,

Елбасының құрметіне жиналған!

Ендеше бүгінгі жиынымызда Қазақстанның әнүраны орындалсын.

Әнұран орындалады.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасын құрметтейтін ерекше

Армысыздар ,ақ пейілді көпшілік.

Тақпақ айтылады(Архат,Исматулла,Дария)

1-бала

Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене?

Оның түлға түс кейпін,

Достым білің келеме?

2-бала

Отан сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырың,

Отан-өлкең,астанаң.

Отан-аудан,ауылым.

3-бала

Отан-тарих,Отан-тіл,

Жаcаған елің,ер халқың,

Отан-өлкең,Отан-жыр.

Көтерген көкке ел даңқын.

Жүргізуші (Жумабекова Асел)

Елі үшін көтерген нар жүгін де,

Сезімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде,

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

Қазір біз сіздер мен осы Президентіміз жайлы слайд көреміз.

Міне мынау кім?

Ия ол Президентіміз Н.Ә.Назарбаев,Ол кісі 1940жылы 6 шілдеде Алматы обылысы,Қарасай ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.1958жылы Украйына техникалық училищесіне түсіп,1960жылы май айында Нұрсұлтан Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралды.1991жылы 1желтоқсанда Қазақстанның Президенті болып сайланды.Ал мынау жерде Президентіміз не істеп жатыр?

Ия Президентіміз ант қабылдап жатыр.

Мынау Қазақстанның жері қалалары.

Мынау қазақстанның теңгесі.

Міне балалар біздің Президентіміз жайлы қысқаша мәлімет осы.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана,

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Би (қазақ биі) «Аққу» билейтіндер:(Дария,Дания,Ділдә,Кәусар,Амира К)

Азаттық,теңдік әлемі,

Шаттыққа елді бөледі.

Тағдыры тарих өрелі,

Көк тудың желбірегені.

Ойын (туды жинау)

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта,

Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Ән (Біз балдыған баламыз)

Бар әлемге шын танылдық міне біз

Елін сүйген Елбасы деп білеміз

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан

Нұрсылтан мен Қазақстан тұр егіз.

Сондықтан балалар біз өз Елбасымызды құрметтеуіміз керек,ол кісіге үлкен құрметпен қарау керек.

Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл меркенің дәстүрлі іс-шарасын жабық деп жариялаймыз.





© 2010-2022