0 – ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: 4 саны мен цифры

Мақсаты: Балаларды 4 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру.

0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Суреттер бойынша есептер құрастырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту.

Әдіс - тәсілдер: Суретпен, ермексазбен, сіріңкенің қорабымен жұмыс жүргізу.

Көрнекілік: Суреттер, ойыншықтар, сіріңкенің қорабы, ермексаз..

Билингвизм: Бір - один - one, екі - два- two, үш - три - three, төрт - четыре - four.

Іс - әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

Сәлемдесу, түгелдеу. Балалар назарын сабаққа аудару. Дәптер қаламдарын ретке келтіру. Тәрбиеші оң қолымен жүрегінен қуаныш алып, балаларға сыйлайды. Мысалы: Әдепті бол; Тәрбиеші: Айтқан тілектерін қабыл болсын.

Лебіздер айту. Тіл алғыш бол, сүйкімді бол, әдемі бол, ақылды бол, мейірімді бол.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?

  • Бұл сан сендерге таныс па?

  • Онда бүгін 4 санымен танысамыз.

  • Балалар, егер үшке тағы бірді қоссақ неше болады?

  • 4 саны төрт бірліктен тұрады.

Дәптердің, оқулықтың, партаның бұрышын санайық. Қанша болады?


4Дәптермен жұмыс


2

2

3

1

4

0

Моншақтарды тізу ретін ата.

  • Неше көк, сары, жасыл моншақ бар?

  • Неше моншақ өткіздің?

  • Түсі қандай?

Суретте түсі бірдей фигуралар саны қанша болса, сонша таяқша сал.

Сергіту сәті.

Орманда тоқылдақ

Ағашқа қонады

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ - тоқ соғады.

Торкөзге үзік сызықпен берілген 4 цифрларын жүргізіп шық.


  • 4

Ия


  • 4

Балалар суреттен санап

4 деп айтады.







2 көк, 1 сары, 1 жасыл моншақ бар.

4 моншақ

Көк, сары, жасыл

Тапсырманы рындайды.



Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

Жай қарындашпен тапсырманы орындайды.

Рефлексивті - түзетушілік

Балалардың дәптерлерін тексеріп, дұрыс орындаған балаларды мадақтау.

Аяқталған тапсырмаларын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар 4 цифрымен танысты.

Қандай түсініктерді игерді: Заттарды топқа бөліп үйренеді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Реттік және есептік санауды жаттығады.









































































































































































































0 – ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету

"4 саны мен цифры"

Аменова А. Р

Е. Ниетқалиев атындағы ЖББОМ

© 2010-2022