Қарапайым математика түсініктерін қалыптастыру. Тақырыбы: Үй жануарлары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : Таным.

Бөлімі : Қарапайым математика түсініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы : Үй жануарлары.

Мақсаты: Үй жануарлардың дене мүшелері жайында санау ұғымдарын

( екеу , төртеу, т.б.) білімдерін кеңейту.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Үй жануарлардың суреттері.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру: Балалармен амандасып, орындарына отырғызу .

2. Ой шақыру: Тәрбиеші балаларға үй жануарлардың суреттерін көрсетеді.

Тәрбиеші: - Балалар, мынау суреттерде

Балалар : - Сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе.

Тәрбиеші:-Дұрыс, бұл үй жануарлары .

3.Негізгі бөлім:

Тәрбиеші: - Балалар , біз үйде ұстайтын жануарларды «үй жануарлары» - деп атаймыз.Оған: сиыр, жылқы,түйе, қой, ешкі жатады.олардың төлдері болады. Сиырдың төлі - бұзау, жылқының төлі- құлын, түйенің төлі- бота, қойдың төлі- қозы, ешкінің төлі-лақ.. Енді ,балалар, жануарлардың дене мүшелерін атап шығайық :құлақ,, бас, аяқ , құйрық ,т.б. Балалар , сендер санау білесіңдер ме ?

Балалар: -Иә. 1,2,3.

Тәрбиеші:- Олай болса ,біз үй жануарлардың дене мүшелерін санап шығайық .Мысалы, жылқыны алайық.. Жылқыда неше бас бар?

Балалар: біреу.

Тәрбиеші: - Неше құлақ бар ?

Балалар: екеу.

Тәрбиеші:- Неше аяқ бар?

Балалар: төртеу.

Тәрбиеші үй жануарлардың суреттерін екі топқа бөледі. 1-ші топта үй жануарлары көп, 2-ші топта аз.

Тәрбиеші: -балалар қай топта үй жануарлары көп, қай топта аз ?

Балалар: 1-ші топта көп, 2-ші топта аз.

Тәрбиеші фишкалар арқылы балалрды орталықтарға бөледі. Бірінші орталық - әдебиет орталығы. Балалар мақал - мәтел жаттайды. Екінші орталық - құрылыс орталығы . Балалар үй жануарларына ашық құрастырады. Үшінші топ - ойын орталығы. Балалар «ненің төлі » атты дидактикалық ойын ойнайды.

Тапсырманы орындап болған соң , тәрбиеші қонырау соғады . Балалар бәрі бірге жиналады , орындаған тапсырмаларын айтып береді .

Тәрбиеші балаларға тапсырма береді . Берілген суреттердегі үй жануарларын екі топқа бөлу .1-ші топқа аз , 2-ші топқа көп етіп бөлу .

Тапсырманы орындап болған соң , тәрбиеші сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтайды, оларға жұлдызшалар таратады.


© 2010-2022