Жарқырай бер, Қазақстан тематикалық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:30.11.15ж.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Жарқырай бер, Қазақстан»

Мақсаты: Балалардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.ҚР-ның рәміздері, елбасы жайлы түсінік беру. Сөздік қорларын молайтып, тіл мәдениетін жетілдіру. Сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздердің суреттері, елбасы суреті, оқу құралдары.

Білімділік:Туған ел туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін дамытып,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:Балаларды еңбекқорлыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

Балалардың біздің бүгінгі сабағымыз Қазақстан Республикасының мерекесі болғандықтан,бүгінгі сабағымызды мемлекеттік әнұраннан бастайық.

Енді шеңбер жасап тұрып,қолдарынды жартылай көтеріңдер.

- Неге ұқсайды?

- Шаңырақ дегеніміз киіз үйдің төбесі. Ал, Қазақстан сол сияқты үлкен шаңырақ. Қазақстанда көп ұлттар тұрады.Олар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Татулықты қимылмен көрсетейікші.

Балалар әнұранды айтады.



- Шаңыраққа

Балалар бір-бірін құшақтайды.



Ұйымдастыру-

ізденушілік

- Балалар, біз қарсы алғалы отырған қандай мереке?

- Өте дұрыс айтасыңдар.

- Біздің Отанымыз Қазақстан.

- Қазақстан Республикасының президенті бар.

Яғни,сендер балалар білесіңдер ма?

Қазақстан Республикасының елбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысамыз.

- Олар: елтаңба, ту, әнұран. Олардың бәрі тақтада ілулі тұр.Суреттерге қарайық.

- Мынау не?

- Ал мынау?

- Біздің туымыздың түсі қандай?

- Ортасында күн бар.

- Айналасында ұлттық ою-өрнек бар. Міне, балалар, біз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы көп мағлұмат алдық деп ойлаймын.

- Балалар мынау не?

-Дұрыс айтасыңдар.

(Тәрбиеші балалрға түсіндіріп кетеді.Мынау біздің Қазақстанның картасы.Картада біздің елордамыз Астанамыз көрсетілген ,ал сол жағында өз қаламыз Қарағанды қаласы бейнеленген ).

Сергіту сәті: Дөңгелене тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.

Жарайсыңдар балалар!

Дидактикалық ойын: «Ойлан және тап».

Шарты:Астана қаласының ғимараттарын құрастырайық.

Қазақстан Республикасының президент күні.

Балалар өз білгендерімен жауап береді.



Балалар қайталайды

-Ол елтаңба.

-Ол ту.

-Тудың түсі көк.



Карта.



С.с қимылдарын қайталайды.

Ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Сабақты қорытындылау:

-Сонымен біз бүгін қандай мерекені атап өттік?

-Қ.Р.президенті кім?

-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Балаларды мадақтау.

Сұраққа толық жауа береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Қазақстан Республикасының президент күнін білді.

Нені меңгерді: Елбасы және Мемлекеттік рәміздер: әнұран, ту, елтаңба сөздерін меңгерді.

Нені жасай алады: Әнұранды жатқа айта алады.



© 2010-2022