Құрастырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Көп қабатты үйлер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы топ балаларына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

№ 1

Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.

Күні:___________

Өткізген:___________________

Тақырыбы: Көп қабатты үйлер.

Мақсаты: көп қабатты үйлер мен ғимараттар туралы балалардың білімдерін кеңейтіп, педагогтің үсынған шарты бойынша құрастыруға. Құрылыс материалың таңдай отырып көп қабатты үй құрастыра білуге үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар: құрылыс материалдарының жиынтығы, ойыншықтар: Қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ, үсақ ойыншықтар - аңдар, олардың достары.

Сөздік жұмыс: пластиналар, ұйдің іргетасы, Қолтырауын, Қалқанқұлақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Іс-әрекет

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалардың ұызығушылығын ояту. Таңдандыру сәті.

  • Балалар, бәзге қонаққа Қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ келді. Олар сендердің еңбекқор екендерінді бұрыннан біледі екен. Бізге олардың үлкен өтініші бар. Сендердің қос қабатты үй салып бергендеріңді қалайды. Өздерің сияқты олардың да көп достары бар. Барлығы бірге сол көп қабатты үйде тқрмақшы. Кәне, біз оларға көмектесейік.

  • Балалар, үй құрылысын бастамас бұрын, үй құрылысы қандай бөліктерден тұратынын есімізге түсірейкші: іргетасы, қабырғасы, төбесі, терезесі, есігі, баспалдағы т.б.

Көп қабатты үйдің үлгісін қарау. Іргетасы кірпіштен, едені - пластинадан, қабырғасы - кірпіштер мен текшелер болып алмасып отырады; бөлмелер пластиналар өмегімен бөлінеді; екінші қабатта - балккон; ең жоғары жағында - шатыры.

Балалар қонақтармен амандасады.

Өздерінің құрылыс салуға дайын екендерінің білдіреді.

Бой сергіту жаттығуы:

Бір саусағымтіпті де

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды.

Өңерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балалардың өз бетіндңк құрастыру іс-әрекеті. Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел үстінде немесе жердегі төсініш үстінде орындайды. «Тұрғындарды үйге орналастырамыз» дидактикалық ойыны. Балалар үйлердің әрбір бөлмесіне аңдарды және олардың достарын орналастырады. Гена мен Қалқанқұлақ балаларға өз ризашылықтарын білдіріп, өлеңдер оқып, жаңылтпаштар айтады:

Қабат-қаабат үй салдық,

Үйлер толы күй сандық.

Күйсандықтан үй салдық

Күй сандыққа күй сандық.

Үйдің айналасын талдармен, ұсақ ойыншықтармен безендіру.




Дидиктикалық ойын ойнайды.

Рефлексикалық- түзетушілік

Балалардың жұмысын талдау. Балалардың жасаған жұмыстары мадақталады, қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, олармен қощтасып,шығарып салады.

Өздері жасаған құрылыстары жайында әңгімелейді.

Күтілетің нәтіжелер:

біледі: көп қабатты үйдің әргетасын, қабырғасын, төбесін,терезесін құрастырды;

игереді: көп қабатты үйдің үлгісін қарастыра отырып, оның бөлшектерінің неден жасалатынын және жасалу әдіс-тәсілдерін;

меңгереді: қарастыру үлгі бойынша кеңістікте құрылыс материалдарын дқрыс орналастыруды.




© 2010-2022