Урок по дошкольной пед. по теме: МДМ басқару (3-Курс)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/ Дата/ Date:.

Топ/ Группа/ Group:

Пән/ Предмет/ Subject: Мектепке дейінгі педагогика

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: МДҰ-ның жұмысын басқару

Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: практикалық сабақ

Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :

білімдік / образовательная/ educational: МДҰ -ның жұмысын басқаруды ұйымдастырудың жұмыс мазмұнын,қойылатын талаптар мен міндеттер туралы мағлұмат беру, олардың жұмыс барысындағы ерекшеліктерге тоқталу,машықтанумен байланыста көрсете отырып, таныстыру маңызын ашып көрсету.

дамытушылық/ развивающая/ developing: Өткен тақырып туралы білімдерін жүйелеп,шағын мәлімдеме жасау,құжаттармен жұмыс жасау дағдыларын,танымдық іс-әрекеттерін, белсенділіктерін дамыту,ойлауды белсенді ететін теңеу қабілеттерін дамыту.өз пікірлерін қорғай білу,таңдай білу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: елжандылыққа,кәсіби сапалы қызмет жасауға,адамдармен тіл табыса білу қабілеттілікке,азаматтық жоғары ұстанымда болуға баулу,өз мамандықтарын сүйе білуге , балалармен жұмыс барысында мейірімділікпен қарап,ілтипатты болу,жақсы көзқарастармен, ынта-ықыласқа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: интерактивті тақта, бейнетаспа,нормативті-құжаттар,слайдтық презентация,қима қағаздар,тест сұрақтары.

Сабақтың жоспары/ План занятия/ Plan:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Мақсатқа жету

  3. тақырыпты хабарлау.

  4. Нормативті құжаттармен жұмыс

  5. МДМ бейне таспа (машықтанумен байланыс)

  6. Сергіту сәті

  7. Материалды бекіту.

  8. Үй тапсырмасы

  9. Қорытынды жасау.

Әдебиет/ Литература/ Literature:

  1. Отбасы және балабақша \\ Мектепке дейінгі педагогика .В.И.Логинова, П.Г.Саморукова. М., П., 1988 г. Бабанский Ю. Педагогика, 1983

  2. Мектепке дейінгі педагогика Ядешко В.И. и Ф.А.Сохина М., П.. 1986 ж

  3. Байтұрсын ұлы А Шығармалары. Алматы 1989

  4. Аймауытұлы Ж Тәрбиешіге жетекші( үзінділер).Дайындаған С.Қалиев « Қазақстан мектебі » // 1991 №6

Сабақ мазмұны.

1.Ұйымдастыру бөлімі. Үш тілде амандасу. Сәламатсыздар ма?Здравствуйте,Good morning. Бірыңғай талап бойынша студенттерді тексеру, сыртқы пішініне назар аудару, кімнің жоғын ескеру.(3)

Психогимнастиканы жүргізу.

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Сәлем, сәлем, сәлем!

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық, күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы

2.Бүгін практикалық сабақ.

тақырыпты хабарлау. МДҰ-ның жұмысын басқару.

Сабақтың мақсаты:өткен тақырып МДҰ-да басқару мазмұны атты тақырып болатын осы бойынша білімдерімізді жүйелеп еске түсіреміз.Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына қойылатын талаптар туралы түсінігімізді молаятамыз.сабақ бойы сендер өздеріңді бағалау парақтарымен жұмыс жасайсыңдар.Әрбір жасаған жұмыстарыңа өздерің талдау бересіңдер.Бағалау бес балдық жүйеде болады.Бағалау парағының соңында 35 бал жинаған студент-5, 34-4, 33-32-3,30-2-деп бағаланады.

Түрткілеу: неліктен біз осы тақырыпты оқимыз?Қалай ойлайсыңдар?

Қазақстандағы білім беру жүйесі «Білім беру туралы»заңға жүгінді.Осы білім беру заңының мазмұнынында білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету керектігі туралы баса айтқан.Осы білім туралы заңның 2-бөлімінде Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады деп баса айтқан. Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдеге бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: - «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр - бәсеке ғасыры деп баса айтып өтті.Олай болса МДҰ -ді сапалы басқара білу бүгінгі күн талабы.

1.МДҰ -ның жұмысын анықтайтын нормативті құжаттарға тоқталу.

Оқушылар анықтамасына тоқталу.(5)

  • «ҚР-нің білім туралы»заңы

  • Мектепке дейінгі жастағы оқыту мен тәрбиелеудің тұжырымдамасы

  • Мемлекеттік мектепке дейінгі білім берудің жалпыға ортақ үлгі қалпы,

  • МДМ уставы,

  • Ата-аналар келісім шарты.

2.Олай болса, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс мазмұны мен басшыларға қойылатын талаптар, міндеттер мен кімдер айналысқан екен?Осыған тоқталайық.Студенттер өз ойлары мен бөліседі.

МДҰ-ның іс-әрекетінің нәтижесін анықтайтындар:

  1. Денсаулық және салауатты өмір салты.

  2. Адами құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

  3. Білімділіктің жеке тұлғалық мүмкіндіктер мен қабілеттер сәйкестігі.

  4. Білімін жалғастыруға дайындық..

  5. Білім беру ортасының тұлғалық қанағаттандыруға бейімделуі.

3.Директор - МДМ -нің басшысы және директоры.директорға қойылатын тала птар.МДМ-нің директорының жұмыс мазмұны,

Мақсатқа жету.Үйлестіру, басқару-демек, барлық күштерді байланыстыру, біріктіру,үйлестіру. Анри Файоль.

МДҰ-ның басшысына бейне таспа қойылады.(10)

Талдау сұрақтары, алдарындағы ноубоукта кесте ретінде берілген.(10)

4.Кестемен жұмыс.Салыстырылмалы талдау.

5.МДМ басшысының міндеттері: тақтадағы сызбамен жұмыс(5)


  • Балалардың құқтарын сақтау және кепілдеме беретін заңдармен әлеуметтік қорғау;

  • МДМ-нің үздіксіз жаңартылып отыруы;

  • Басқару мазмұнының

  • жаңартылуы;

  • Аттестация, мекемені лицензиялау;

  • Мекеменің даму бағдарламасының міндеттерінің мақсатпен сәйкестігін талдау;

  • Жұмысты жоспарлау;

  • Заттық-даму ортасын құру;

  • МДм-нің әкімшілігінің

  • жұмысын ұйымдастыру;

  • Ішкі бақылауды

  • ұйымдастыру механизмі;

  • МДМ-нің жұмыс режимінің рацианальды болуын қамтамасыз етілуі;

  • Жұмысшылардың барлық сұрақтар бойынша нақты уақытылы ұжымды ақпараттандыру;

  • Ұжымның жағымды көңіл-күйде болуын қолдау;

  • Қызметкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасын реттеу;

  • Кадрлармен жұмыс: кадрларды іріктеу, кәсіптік шеберліктерінің өсуіне көмек көрсету, аттестатция, тарификация;

  • Тәрбие жұмысының сапасын жақсарту жұмысы;

  • Басшылықпен байланысты қамтамасыз ету;

  • Ата-аналармен, мектеппен, ғылыми,оқу ұйымдарымен байланыста болу;

  • Бюджеттен тысқары, қаржыландыруды қолдану;

  • Мекеменің материальды-техникалық базасын нығайту;

6.Бақылау кестесімен жұмыс. Бұл бақылауды кім жүзеге асырады.(5)

Бақылау

Жүзеге асырады

Тазалық

Бала өмірінің қауіпсіздігі

Серуеннің орындалуы

Фильтрді жүргізу

Кітап бұрышының мазмұны

Сюжеті-рольді ойындардың құрал-жабдығы

Сенсорлық құрал-жабдық

Білімдік-тәрбиелік жоспар

Бақылайды: меңгеруші-М, әдіскер-Ә,медбике-МД,ауыл-шаруашылық меңгерушісі-А

Ноубокпен жұмыс.

7.Сергіту сәті (3)

8.Басшының функциясы (сызбамен жұмыс) (5)

Басшының функциясы:


  • Ақпараттық-талдау (ақпарат жинау,шешім қабылдау)

  • Мотивациялық-мақсаттық (түрткі мақсатқа айналады)

  • Жоспарлы-байқау (перспективалық даму бала-бақшаның)

  • Реттеу-түзету (білім беру жүйесінің жаңа сапаға көшуі)

  • Диогностикалық-бақылау (жүйелеу )

  • Орындаушы-ұйымдастыру (жұмыс мазмұұнын жаңартудың әдіс-тәсілдері)

9.МДҰ-ның басшысы моделін қорғау. (15)

.

МДМ-нің директорына қойылатын талаптар:

Кәсіби талап

  • Кәсіби әдепті сақтау

  • Өз сөзінде тұру

  • Кәсіби тұлғаны жобалау

  • Ақпараттың құпия болуы

  • Мемлекеттің саясатын, педагогикалық ережені орындау

  • өз саласында білікті болуы

  • Жаңашыл болу

  • Әділетті болу

  • Озық тәжірибеден ғылыми жұмыстардан хабардар болуы

Ұйымдастырушылық талап

  • Өзгенің дамуына қол ұшын беру

  • Жұмыс жүйесін білу

  • Беделді болу

  • Уақытты пайдалана білу Адами және қоғамдық қатынасы

  • Әрекетті тиімді реттеу

Қарым-қатынас жасай білу

  • Көмек беруге даяр

  • Тез, қарапайым қарым-қатынасқа түседі

Ақпаратпен уақытында бөліседі

10.Педагогикалық ұжым оның құрамын оны анықтау интерактивті тақтада ойын.

(тірек сызбамен жұмыс) (10)

11.Дәрісті меңгерулерін тексеру

Бекіту сұрақтары : (3)

МДМ-нің басшысының жұмыс мазмұны неде?

МДМ басшысына қойлатын негізгі талап неде?

12.Түймедақты боя (тақтамен жұмыс) (3)

Бағалау парағымен жұмыс. Бағалау.

Үй тапсырмасы.Әдіскер жұмысының мазмұнына сызба жасау


© 2010-2022