«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Барысы:

Тәрбиеші: Құрметті оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалып тастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі - ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. Сол Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал болдық. Желтоқсан бастауы - ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Өйткені, мен бүгін тәуелсіз, еркін елдің ұланымын.
Ева:Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық!

Құтты болсын қуаныш!
Баужан:Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің.

Айзере:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Көк тудың желбірегені»(оқушылар орындайды.)

Шәкәрім:Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан - Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.

Нұрали:Қайрататтыатымбар,онсегіздежасым бар...
Еркектоқтықұрбандық, атамдесеңатыңдар!....
(Желтоқсан көтерілісіне қатысқан «Халық қаһармандары» туралы баяндама оқыды.)
Ермек:Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Райымбек:Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Аян:Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Қазақ» биі.

(қыздардың орындауында «Қазақ» би»)

Алифа:Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Шолпан:Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Ән: «Алға, қазақ жігіттері»(ұлдардың орындауында)

Тәрбиеші:Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.









«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Еліміздің еркіндігі - Тәуелсідік

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»


Тәрбиешісі: Шакабаева А.Г.

Мектепалды даярлық тобы

2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022