Тіл дамыту күз кереметі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:тіл дамыту

Тақырыбы: "Күз кереметі"

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін Жеміс бағында суреті бойынша әңгіме құрастыруды үйрету.Жемістердің аттарын атап, ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Ерте күз,қара күз,алтын күз

Көрнекіліктер:суреттер,карточкалар

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі


Ізденіс-ұйымдастыру











III.Рефлексия

1.Тәрбиеші балаларды «Армысың көк аспан» атты шаттық шеңберге тұрғызады.

Мысалы:Армысың асыл күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым!
2.Тәрбиеші жұмбақ жасырудан бастайды
Қызыл, сары, кемелер
Су бетінде қалқиды
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толқиды
Ол не?
Балалардың назарын даладағы көрініске аударып, сұрақтар қойылады.
- Қазір қай мезгіл?
- Күз екенін қайдан білдіңдер?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Тәрбиеші күздің үш кезеңге бөлінетінін айтып түсіндіреді.
Ерте күз, алтын күз, қара күз
1) Ерте күз - күздің басталуы.
2) Ал алтын күз деп неге айтамыз?
3) Қара күз деп атайтын себебі:
ағаштардағы жапырақтың бәрі түсіп, шөптердің бәрі қурап, жер қараяды.
3.Суретпен жұмыс: «Күз туралы»
Суретке балалар ат қояды.
- Екі үш бала суретке қарап, неге алтын күз, ерте күз, қара күз деп аталғанын әңгімелейді.
Тәрбиеші жетекші сұрақтар қояды, толықтырады.
- Егер күзде күн ашық болса қандай сөздерді қолдануға болады?
- Ал, егер күн бұлтты болса қандай сөздерді қолданамыз?
4.Тәрбиеші М.Жылқайдаровтың «Күз» деген өлеңін оқып береді.
- Бұл өлеңнің авторы кім?
- Өлеңде ақын жылдың қай мезгілін суреттеген?
- Алтын күз қамбаға нелерді толтырды?
5.Сергіту сәті: «Алтын күз» әнімен жасалады
- Тәрбиеші «күз» өлеңін 2 рет оқиды.
- Балалар түсінгендерін айтып береді
6.Ойын: «Ненің жапырағы»
Балалардың жауабы
- Жапырақ
- Күз мезгілі
Үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша
- Жапырақтың бәрі сарғайып, алтындай сары күйге енеді
Сондықтан «алтын күз»
- Балалардың жауабы
- аспан ашық, мөлдір, көгілдір, тап-таза
- күн түнеріп тұр, аспанды сұр бұлт қаптаған, суық жаңбыр сіркіреп жауып тұр.
Балалардың жауабы
- Алма, өрікті қамбаға толтырды.
- балалар жинаған жапырақтарын ажыратады
(түсін, пішінін) айтады
7.Сабақты қорытындылау
- Неге бұл жыл мезгілін «алтын күз» деп атайды?
бағалау,мадақтау.

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.


Жұмбақ шешеді


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Сөздік жұмыс жасайды.

Суретпен жұмыс жасайды.



Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала Күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білуі;

Игеру: Күз туралы әңгіме құрастыруды игерілуі;

Меңгеру: Бала жемістердің атауларын және оларды ажырата алуды меңгерілуі;



© 2010-2022