Көлік. Автобус 0 сынып

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Көлік.Автобус

Мақсаты: Автобусқа тән ерекшеліктерді бере білуге,балаларды өз жұмыстарын жоспарлай білуге дағдыландыру.

Көрнекі құралдар мен материалдар: Автобустардың суреті немесе фотосы,ойыншық автобус,дайын жұмыс үлгісі,түрлі түсті қағаз,желім,қайшы

Билингвальды компонент: Көлік - машина

Сөздік жұмыс: Тасжол

Іс - әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық-оятушылық


Ұйымдастырушылық - ізденушілік













Рефлекстік - түзету





-Балалар біз бүгін автобусқа отырып,саяхатқа ойыншықтар дүкеніне барамыз.

-Қараңдаршы балалар,қандай әдемі ойыншықтар!!!

-Жүйіткіген дәу үйінде

Жүйрік деп ел сүйінді

Тас жолда жұртты тасып жүр

Жылдамдыққа басып жүр

-Жарайсыңдар балалар,дұрыс бұл автобус.

-Ал мына дүкеннің ішінде автобус ойыншығы бармекен?

-Балалар автобуспен біз қайда барамыз?

-Дұрыс айтасыңдар балалар!

-Автобус қоғамдық көлік.Оның ішінде көп орын болады.

-Автобус бізді кез-келген уақытта баратын жерімізге жеткізіп отырады.

Дидактикалық ойын: «Жолаушылар».

Ойын шарты: Көлік түрлерін,оның ішінде автобустағы жолаушылардың бағытын сұрау арқылы тілдік қорларын дамыту.

-Ал балалар саяхатқа барған автобусымызды өз қолымызбен жасап көрейікші?

-Балаларға ақ бет және тіктөртбұрыш,автобус терезесінің пішінін дөңгелек беру.

-Жұмыстың орындалу ретін түсіндіре отырып балалармен бірге жасау.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

Қорытындылау:

-Балалар біз бүгін қандай көлік түрлерімен таныстық?

-Автобус қандай болады екен?

-Автобустың басқа көліктерден айырмашылығы қандай?

-Балалар қуанып автобуспен саяхатқа барады.

-Балалар ойыншықтарды тамашалайды.

-Балалар ойланады жауабын табады.

-Автобус


-Балалар автобусты көрсетеді.

-Балабақшаға

-Саяхатқа,қонаққа



-Мен автобуспен ауылға әжеме барамын

-Мен автобуспен Астана қаласын тамашалауға барамын

-Мен автобуспен Қарағанды қаласына ағамның үйіне барамын т.б.

-Иә

Балалар қуанышты көңіл күймен жапсыру жұмысын орындауға кірісті.



-Жолаушылар тасымалдайтын көлік,автобус.

-Үлкен.

-Ол көп орынды және үлкен болады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Көлік түрлерін.Оның ішінде автобус.

Болу керек: Сабаққа деген қызығушылық. Жұмыстарын жоспарлай білу дағдылары.

Үйрнеу керек: Қағаз бетіне апликация бөлшектерін орналастыруды.Композиция құрастыруды. Автобустың пайдасын,ерекшелігін.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

Қолы:



© 2010-2022