Елордамыз - Астана атты тақырыбында ашық сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді ДОІЖО: Смирнова Н.Н

№ 1 мектеп- гимназия

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Бегімова Д.Б.

Пәні: Тіл дамыту

Сынып: 0 «Ә» мектепалды тобы

Мерзімі: 26.11.2015ж.

Тақырыбы: Елордамыз - Астана!

Мақсаты

Балаларға Астана жайлы мағлұмат беру, туған елге сүйіспеншілігін арттыру

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, миға шабуыл, әңгімелеу, көрсету, түсіндіру

Күтілетін нәтиже

Астананың көрікті жерлерін атап, өздерінің Астанадан көргендерін баяндап бере алады. Туған елге деген сүйіспеншілігі оянды.

Кіріктірілген модульдер

Жас ерекшелігін ескеру; Сын тұрғысынан ойлау; АКТ; оқытуды басқару және көшбасшылық

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер

Сергіту, топқа бөлу

Сергіту сәті:

«Көңілді күн»

Музыка әуенімен билейді.

АКТ

Кіріспе

Түстер бойынша топқа бөлу

Балалар өзіне ұнаған түстерді таңдап, түстер бойынша топталады.

Кеспе қағаздар

Негізгі бөлім

Ой қозғау

Қазақстан картасы бойынша тақырыптың мазмұнын ашу

Картаны көреді. Қаланың орналасқан орындарын анықтайды. Жүрек формасындағы суретке қарап, тақырыпты хабарлайды.

Қазақстан Республикасының картасы, суреттер

1-тапсырма. Қималы суреттер (мозайка)

Балаларға қималы суреттер бөліктері беріледі.

Қималы суреттер бөліктерінен суретті толықтай етіп құрастырады.

Суреттер

2-тапсырма.

Сөзжұмбақ.

Плакатта салынған сөзжұмбақ беріледі, балалаларға сол әріптен сөз құрастырғызу.

Берілген сөзжұмбақ сөзіне қарап, сол сөздің бірінші әріпінен бір сөз, екінші әріпінен екінші сөз, үшінші әріпінен үшінші сөз, төртінші әріпінен төртінші сөз деп тапсырманы орындайды.

А3, сөзжұмбақ

3-тапсырма. «Гүл күлтелерін табайық». Балаларға әр түрлі сөздер беріледі. Сол сөздердің арасынан Қазақстан қалаларын тапқызу.

Берілген сөздердің арасынан Қазақстан қалаларын ажыратып, гүлді бейнесін жасайды.

Кеспе сөздер мен гүлдің суреті

Астана жайлы мағлұмат беріледі. Елбасы жолдаған хатты оқу.

Балалар мұқият тыңдап, слайдтарды көріп тамашалайды.

Мұғалім елбасы жолдаған хатты оқып бергенде, мұқият тыңдайды.

АКТ

Қорытынды

Келесі тапсырма

«Астана, отан, туған жер» туралы мақал-мәтелдер жаттау

Рефлексия «Күн, бұлт, жаңбыр»

Смайликті арқылы оқу іс-әрекетін бағалау

Балаларға оқу іс-әрекеті ұнайтын болса, смайликті «Күн» деген жерге, орташа болса «Бұлт» деген жерге, мүлдем ұнамаса «Жаңбыр» деген жерге жапсырады.

Суреттер, смайликтер


© 2010-2022