Тіл дамыту пәні Жыл құстары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жыл құстары»


Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

Саяжайға ұшып келген құстар

Мақсаты:

Суреттегі құстарды сипаттап айырмашылықтарын таба байланыстыра сөйлеуге үйрету. құстар туралы білімдерін жетілдіру, оларға қамқор болуға тәрбиелеу, сипаттық сөздер арқылы тілдерін дамыту

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

Баспадан құстардың сайраған дауысы шығады.

Балалар сендер ештеңе естімедіңдер ме?

Әлде бір дауыс шығатын сияқты.

Олар, қайдан шығып жатыр, қайдан келді деп ойлайсыңдар?

Естідік.

Құстардың дауыстары.

Даладан, жататын жақтан.

Ұйымдастыру

- іздестіру

Тақтада тұрған мазмұнды суретті аңғарады.

- Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?

- Ал, қазір бізде далада осы құстар бар ма, сендер көрдіңдер ме?

- Бұл құстар қайдан келді?

- Ия, олар жылыны жақсы көретін жыл құстары.

- Ал, енді күн жылынғанға дейін олар тоңып қалмау үшін не істеуге болады?

- Дұрыс, ендеше, біз қазір екі топқа бөлініп біріміз өнер орталығында құстарға ұя және жем сауытын жасайық, ал екінші топ театр орталығына барып қандай жыл құстары бар екенін қарастырайық.

(бірінші топта өнер орталығында үстел басында алдын-ала қиылып дайындалған жем сауыт пен ұяның қағаздары, желім,қайшы, қылқаламдар дайын жатады, ал екінші топ театр орталығына барып мазмұнды суретті талдаудан бастайды.

Суретте Көктемнің келген мезгілі және ең алғашқы келетін жыл құстары: Ұзақ қараға, қара торғай, қарлығаштар бұтақтар мен ағаштар отырғаны бейнеленген.Тәрбиеші бірнеше жетекші сұрақтар қояды.

Ал, енді балалар осы құстарды қатыстыра отыра әңгіме құрастырайық.

Тірек сызба қоса ұсыныла отыра әңгіме түйінделеді.

Сөздік жұмыс: Ұзақ қарға, қара торғай, жыл құсы, қамқорлық, жемсауыт, ұя.

Құстар туралы жұмбақтар жасыру.

Қара торғай:

С.Көбеевтің «Құстың ұясы» деген әңгімесін оқып беру.

Дыбыстық жаттығулар

-Ға- ға- ға- ұшып келді қарға

-Ғай -ғай -ғай- торғай

-Шық -шық -шық- шымшық

-Үй- үй- үй- үйрек

Дидактикалық ойын: «Құстарды құйрығынан тап»

Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіріп, келесі топ балаларына барады.

Өнер орталығының балалары үлгі суретке қарай отыра біреулері жем сауыт, ал келесілері ұяны желімдеп жатқанын айтады.

Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

Қанатты біз жаяйық.

Орнымыздан тұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Осы құстар туралы қандай ертегі білесіңдер?

Ал, мына ертегіде олар шатасып кеткен тәрізді қане талдап көрейік

Дидактикалық ойын: «Шатасқан ертегі»

Театр орталығындағы балалар өнер орталығына барып балалардың жұмысын қарастырады да, топтар орындарымен ауысады.

Бақта отырған құстар.

Жоқ.

Басқа жылы жақтан.

Күту керек, тамақ беру керек, ұя жасау керек.

Балалар қалаулары бойынша екі топтқа бөлінеді.



Көктем.

Күннің көзі шығып тұр, ағаштарда бүршік атқан, және ағаштарда құстар отыр.



Балалар тірек сызбаны сүйемелге ала отыра әңгіме құрастырады.

Балалар сөздердің мағнасын өзара талдап, дәйектемелер келтіреді.

Балалар шешуін табады.




Балалар дене бітімдерін қарастыра отыра құстардың бір-бірінен ерекшіліктерін ажыратып көрсетеді.

Қимылдарын келтіре отыра өлең сөздерін бірге қайталайды.

Балалар ертегі эпизодтарының суреттерін қарап қандай ертегі бар екенін таба отыра, оларды еске түсіріп айтып береді.

Рефлексивті-түзетуші

Венн диаграммасы арқылы балардан құстарды салыстыра отыра сабақты талдап, қортындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Өз ойларын толық, анық байланыстыра жүйелі жеткізе біледі.

Нені игереді:

Жаңа сөздердің мағнасын игереді.

Нені біледі:

Құстарға қамқорлық жасай біледі.


© 2010-2022