Кішкентай арулар внеклассное мероприятие

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Кішкентай арулар»

Мақсаты:
1.Қазақ халқының ұлттық өнерін,салт-дәстүрін
дәріптеуге үйрету.
2.Оқушылардың танымдық және шығармашылық
қабілетін,шеберлігін дамыту.
3.Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге,әдептілікке,
мейірімділікке,сұлулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мерекелік газеттер,гүлдер,шарлар.

Тәрбиеші: Құрметті аналар,ұстаздар,бүлдіршін қыздар!
Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Сіздерге
зор денсаулық,мол бақыт.еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Жүргізуші: Уа, халайық,халайық,
Мұнда назар салайық
«Кішкентай арулар»сайысын
Рұқсат болса бастайық.
2.Арулармен таныстыру:
3.Әділқазылар алқасымен таныстыру:

-Құрметті көрермендер,енді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1.Мен қазақтың қызымын (Өзін-өзі таныстыру)
2.Шебер қолдар (Гүлдің суретін салу)
3. «Өнерлі өрге жүзер»(Өнер сайысы)
4.Кішкентай көмекшілер (Жұмыртқа аршу)
5.Сұлулық сыры (Сән үлгісі)

Жүргізуші:
1.Арулар өздерін таныстырады.
Өнер қуып арулар өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген 4 ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

2.Шебер қолдар сайысы.
Біз шебер қолды баламыз,
Суретті әдемі саламыз.

3.Өнер сайысы.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында.
Сайыста ән салайық,би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

4.Кішкентай көмекшілер.
Әрбір ару үйден пісіріп әкелген жұмыртқаны аршиды.

5.Сән үлгісі.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы аймен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасам-деп.

-Әділқазылар алқасы «Кішкентай арулар»байқауының қорытындысын шығарады.

Құттықтайық ал енді,
Ару болған баланы.
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышпен жанары,
Шоқтай болып жанады.

Осымен «Кішкентай арулар» байқауы аяқталды.
Көріп,қатысып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет.

© 2010-2022