Урок на тему Жабайы аңдар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Жабайы аңдар.

Мақсаты:

1. Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру.

2. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.

3. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: бөлтірік, мыршай, абдан, миығынан күлу.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім.

- Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?

- Неліктен жабайы аңдар дейміз?

Суретпен жұмыс

- Мына суреттерден не көріп отырсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

Балаларға жабайы аң - қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады. Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал - үй жануары, ал арыстан, барыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.

- Қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдардың балаларын қалай деп атайды?

Кестемен жұмыс

Қасқырдың баласы - бөлтірік. Қоянның баласы-көжек.

Түлкінің баласы - мыршай (жаутаң). Аюдың баласы - қонжық.

Жолбарыстың баласы - шөнжік. Арыстанның баласы - абдан.

2.Негізгі бөлім.

а) «Тапқыр қоян» ертегісін оқу.

Ертегіні мәнерлеп оқиды.

• Сөздік жұмысын жүргізу.

Миығынан күлу - езу тарту, мұртынан күлу.

• дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.

• Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.

ә) Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру.

б) Жұмбақтар шешкізу.

Балалар жұмбақтардың шешуін дәптердегі суреттен көрсетеді.

1. Қолыңмен тиме,

Үсті толған ине. (Кірпі)

2. Паналайды үңгірді,

Іздемейді тасаны. (Аю)

3. Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

4. Бұлаңдаған құйрығы -

Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)

в) Сергіту жаттығуын өткізу

Жануарлардың суретін көрсетіп, қимыл-қозғалысын келтіру

г) дәптердегі тапсырманы орындау. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.

3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

Суретті сәйкестендіру тесті

Қасқыр көжек

Түлкі бөлтірік.

Қоян мыршай (жаутаң)

Аю абдан

Арыстан шөнжік

Жолбарыс қонжық


© 2010-2022