Статья на тему Аудан газеты

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Статья на тему Аудан газеты







Әулиекөл «Айгөлек» балабақшасының 1-ші сантты тәрбиешісі.





Тақырыбы: «Салтымызды сақтайық»

Тәрбие, салт-дәстүр туралы қанша айтылса да, күнделікті өмірде соның ойдағыдай түзелгенін көре алмауымыз өкінішті. Балалармен және ата-аналармен жұмыс жасағандықтан, осы жағдаймен жиі кездесіп тұрамыз.

Тәрбие ең алдымен отбасынан басталатынын бәріміз де білеміз. Тәрбиедегі ең басты жағдай ата-анаңды, үлкенді сыйлау. Қазіргі таңда жастар қарттармен ренжіскен уақытта немерелерін араластырмайды. Менің тәжірибемде «Отбасы» тақырыбымен балаларды таныстырғанда: «Үлкенді сыйлау керек, жол беру керек»,-дегенде, баланың: «жоқ, олар жаман, мамам айтты,-деген жауабын естігенде жүрегім зырқ ете қалды. Бізге де сол қартаю жетеді емес пе?!

Тағы бір айтқым келетін жағдай балаға есім қою туралы. «Адамның есімі, оның өмірінің болашағын шешеді»,-демей ме?! Кейде балаңыздың есімі қайдан алынғанын сұрағанда, «басқа тілден аударғанда....»,-дейді. Неге өзіміздің есіміміз тұрғанда «аударғандасын» қоямыз. Басқалар біздің есімімізді қойып аударсын. Мысалы: Аина-неге Айна емес, Камилла-неге Кәмилә емес?!

Ата-аналар баласын қарсы алғанда: «доча, сына»-деп құшағына алады. «Қызым, ұлымның» несі жаман?! Болмаса: «Қошақаным, қозым»-деп неге айтпасқа.

Құрметті, ата-аналар, өмірге жаңа қадам басқан сәбилердің таза жүрегін бұзбайық дегім келеді.

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

© 2010-2022