Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыбы: Құстарға қамқорлық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің картасы

Күні:

Білім беру cаласы: Қатынас. Шығармашылық

Бөлімдері: Тіл дамыту. Сурет

Тақырыбы: Құстарға қамқорлық. Құстың ұясы

Мақсаты: Балаларға құстар туралы түсінік беру. Құстардың атауын, немен қоректенетінін және құстар туралы тақпақтар, жұмбақтар, мақал - мәтелдер,тыйым сөздер айту арқылы балалардың тілдерін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.

Дәстүрден тыс сурет салуға қызығыушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Түрі, типі: Тәй - тәй технологиясы бойынша.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ, түсіндіру.

Билингвальді компонент: Құстар - птицы.

Көрнекіліктер: Құстар даусы, суреті.

Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық


  • Балаларға, бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ, өйткені біздің оқу іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті ендеше келген қонақтармен сәлемдесйік.

  • Шаттық шеңбері:

Арайлап бүгін атты күн!

Шашып бізге шапағын

Тілейміз сіздерге ақ таңның

Қуанышын шаттығын!

  • Балалар көзімізді бір сәтке жұмып құстарды елестетейікші, үнтаспадан құстардың дауысы естіледі, көзімізді ашайықшы, балалар біз ненің даусын естідік?



  • Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?

Мына суреттерге назар аударайықшы.



  • Балалар, сендер атап өткен құстар 2 топқа бөлінеді үй құстары және дала құстары болып бөлінеді. Құстар табиғатқа, қоршаған ортаға өте қажет.Олар ағаштың жайқалып өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі.

  • Балалар біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

  • Құстар нелер жейді немен қоректенеді.

  • Құстар деген сөзді екі тілде айтайық: құстар - птицы

Тосын сәт.(Қонаққа қолында рогаткасы бар Марат келді.)

  • Балақай сенің атың кім? Қолыңдағы не?

Марат: - Мен Маратпын. Қолымдағы рогаткамен құстарды атайын деп едім.

  • Балалар, құстарды атуға бола ма?



  • Марат,көрдің бе біздің балалар дүрыс айтады.Ал сенің әрекетің дұрыс емес. Қазір сен біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің барысында бұған көзіңді жеткізесің. Балалармен бірге отырып қатыс.

Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық,

Ұшып, ұшып алайық.

Сауысқан болып секіріп,

Торғай болып қонайық.

  • Енді балалар әрі қарай жұмысымызды кітап орталықтарында жалғастырайық.

Кітап орталығы:

  • Балалар, құстар туралы тақпақтар, жұмбақтар, тыйым сөздер үйренейік.

Аққу - киелі, сұлулығына көз тоймайтын құс.Мойны ұзын екі қанаты тұмсығы бар.

Қарлығаш - адамға дос.Ол өзіндің ұясын үйдң, ауланың айналасына салады.

  • Үлкен кісілер құстарға қарап ауа - райын болжаған.

  • Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.

  • Қарға жазда аузын ашып қарқылдай берсе, найзағай ойнайды.

  • Құстар көңілдене сайраса, күн ашық болады.

  • Бозторғай ұя салса, қыс қатты болады.

Тақпақтар:

1.Тас атқылап торғайды

Қуалауға болмайды.

Қамқорболып құстарға

Барлық адам қорғайды.

2.Көгершін хабар тасыған

Үйреніп оған жасынан

Хат әкелген өткеріп,

Сан қиындық басынан.

  • Енді құстар туралы тыйым сөздер айтайық:

  1. Аққуды атпа

  2. Құстардың ұясын бұзба

  3. Құстардың жұмыртқасын жарма

  4. Құсқа тас лақтырма

Жұмбақ:

1.Бұл не деген шебер еді,

Ормандағы ағаштарды.

Тұмсығымен шегеледі.



2.Кеудесі қайқаңдап

Жүреді болпаңдап.



3.Қызыл бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар,

Ауық - ауық азан салып

Өңеш көрген айқайы бар.

Өнер орталығы:

Құстың ұясын дәстүрден тыс сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Қоңырау үнімен ортаға жиналады.

  • Марат көрдің бе? Біздің балалар құстар туралы көп біледі. Оларды қорғайды, ал сен болсан бұзақылық жасайсын, құстарды атасың.

Марат: - Кешіріңдер балалар. Мен енді құстарды атпаймын,бұзақы болмаймын.

  • Балалар Маратты кешіремізбе?

(Марат қоштасып кетеді.)

Ойын: «Не қайда өмір сүреді?»

Ойынның шарты бойынша балалар құстардың қайда тұратынын табады.

Қорытынды:

Сұрақ - жауап арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылау.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыбы: Құстарға қамқорлық

Құстардың даусын естідік.





  • Әтеш, тауық, үйрек, қаз, қарлығаш, суықторғай, қарға, аққу, тоқылдақ, көгершін.



  • Ұя, жемсалғыш жасаймыз

  • Ұя төртбұрышты шатыры бар.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыбы: Құстарға қамқорлық



  • Құрт - құмырсқа жәндіктер дәндермен қоректенеді.



  • құстар - птицы

Жоқ, құстар біздің досымыз.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыбы: Құстарға қамқорлық







Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыбы: Құстарға қамқорлық







(тоқылдақ)

(қаз)



(әтеш)



Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыбы: Құстарға қамқорлық

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Тақырыбы: Құстарға қамқорлық

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар құс атауларын біледі, ажыратады.

Түсінеді: Құстарға әрдайым қамқор болуды

Білу керек: Берілген тапсырманы өз бетінше орындауды.

© 2010-2022