Урок на тему Менің елім

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№7 қазақ орта мектебі.

Ашық сабақ: Тіл дамыту

Тақырыбы:

«Менің елім- Қазақстан !»



Мектепалды даярлық

сыныбының тәрбиешісі:Куразбекова.А.К



2013-2014 оқу жылы

МЕНІҢ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН!

Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
Тәуелсіз ел - Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы

«Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері

Қазақ жері - қонақжай төрлер жері
Қазақ елі - қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да

Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Сөзжұмбақ «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы (Достық(
2. Елордамыз қай қала (Астана)
3. Біз қай ұлтпыз? (Қазақ)
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі (Әнұран)

Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.
Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Менің - Қазақстан

Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.

Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған - Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.


Қазақстан - қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері - ұлан - байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең - байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.
Ақын - жазушыларымыз
Қандай сұлу, қандай көркем,
Осы менің туған өлкем! - деп тамсана жырлаған.

- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.

Біз, қазақ - мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Басымыздан құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз


Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі - тіл. Қазақ тілі - атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан -байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен - күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.

Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

© 2010-2022