Балаларға арналған ойын-сауық: Спортттық мереке

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 1 «Арман» балабақшасы

Балаларға арналған ойын- сауық: Спортттық мерекеБалаларға арналған ойын- сауық: Спортттық мереке

«Қыс кұштілер,

батылдар,

ептілер үшін»

( спорттық ойын)




Дайындаған: Накенова Куляй Есмағамбетқызы

дене шынықтыру нұсқаушысы





Көкшетау 2016ж

«Қыс кұштілер, батылдар, ептілер үшін»

атты спорттық іс шара

(мектепалды даярлық топ арасында)

Мақсаты: Балаларға қыстың мағнасын білдіру, шанамен, хоккей таяқшасымен қолдануды үйрету.

Белсенді қимыл - қозғалыстарын күш-қуаттарын , жылдамдылықтарын, ептіліктерін дамыту.

Қысқы ойындарға қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

-Жүргізуші:

Шанамен сырғанап келемін,

Шаңғы, коньки тебемін,

Аққала жасап ойнайтын.

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)


-Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме балалар!

-Балалар: Сәлеметсібе!

-Жүргізуші: Балалар бүгін бізде мереке біз бүгін қысты құрметтеп қарсаламыз. Балалар бірінші қар түскенде барлық балалар қардан не жасайды?

-Балалар: аққала.

-Жүргізуші: Дұрыс

-Жүргізуші: Ал ендеше балалар біз қазір қыстың атрибутын жасаймыз?

Балалар екі командаға бөлінеді, аққаланы домалатып құрастырады.

Осы кезде Аққала жүгіріп келеді.

-Аққала: Сәлеметсіңдерме балалар!

Мені таныдыңдарма!

-Балалар: Ия сен аққаласың.

- Жүргізуші: Балалар қысты сендер не үшін жақсы көресіңдер?

-Балалар: Қар үстінде сырғанауды, шаңғы тебуді, коньки тебуді, хоккей ойнауды, қар лақтыруды.

-Аққала: Балалар мені жақсы көресіңдерме? Онда мен сендерді тексеріп көрейін. Аққала жұмбақтар жасырады.

1 Жұмбақ: Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. ( Қар)

2 Жұмбақ: Тоңғақты таниды

Беті қолын қариды. ( Аяз)

3 Жұмбақ: Табаңға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. (Коньки)

4 Жұмбақ: Табаныма байладым

Қос аяқпен айдадым. (Шаңғы)

-Аққала: Дұрыс. Жарайсыңдар балалар қыс туралы көп білімдерің бар екен, мен өте ризамын.

Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.

-Жүргізуші: Білесіңдерме балалар қыс кұштілер, батылдар, ептілер үшін!

Сендерді біз сынап көрейік. Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?

-Балалар: Ия дайынбыз!

І ) Жарыс: Балалар екі командаға бөлінеді.

Қарды алып нысанаға дәл тигізу. Балаларға арналған ойын- сауық: Спортттық мереке

-Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.

ІІ) Жарыс: Бір бала шанаға отырады екі бала оны межеге дейін сүйрейді, ойналып оралады.

Балаларға арналған ойын- сауық: Спортттық мереке

Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.

ІІІ) Жарыс: Әр бала хоккей таяқшасын алады, допты қақпаға қарай домалатып соғады.

Балаларға арналған ойын- сауық: Спортттық мереке

-Жүргізуші: Ал балалар енді біз «Екі аяз» деген ойынды ойнайық.

(балалар ойын ойнайды)
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыс күні!

-Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет сендер ышындада қысты жақсы көредіекенсіңдер, мені қуанттыңдар. Мен өте ризамын.

-Жүргізуші: Аққала біз саған рахметімізді айтамыз сен бізге жақсы мереке сыйладың. Балалар бүгінгі мереке сендерге ұнадыма?

-Балалар: Ия ұнады рахмет саған Аққала.

-Аққала: Ал балалар хош сау болыңдар!

Аққала өз жолымен кетеді.

-Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды хош сау бол!











© 2010-2022