Презентация урока в 1 младшей группе детского сада Аққала

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Аққала

Мақсаты: екі бөліктен тұратын аққала сомдауды, аққаланың бейнесі айқындалу үшін қосымша заттарды пайдалануды үйрету, саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру, ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық.

Сабақтың әрекеті: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Ұйымдастыру:

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

Педагог М.Мақатаевтің «Ақ қалам» өлеңінен үзінді оқып береді.

Ақ балам менің, ақ балам

Аққала жаса, ақ балам.

Балалар педагогті мұқият тыңдап отырады.

2.Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Аққаламыз қандай түсті?

-Ол неге ақ?

-Біздің аққаланың басы қандай?

-Ал мынау не?

-Сұлбасы қандай?

-Үлкендігі қандай?

Сергіту сәті.

Аппақ қарды уыстап,

Алақанға салайық.

Оңға бір рет,

Солға бір рет.

Мойын бұрып алайық.

Домалақтап қармен,

Біз аққала жасайық!

Педагог балаларға ақ ермексаздан жасалған «Аққаланы»көрнекілік ретінде көрсетіп, жасау жолдарын түсіндіреді.

-Ақ.

-Өйткені қар ақ.

-Кішкентай.

-Сұлбасы.

-Орташа.

Сергіту сәтін жасайды.






3.Рефлекциялық-түзеушілік

Сабақтың соңында педагог балаларды мадақтайды. Балалар мүсіндеген «аққалаларын» педагог көрмеге қояды.

Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже: екі бөліктен тұратын аққаланы жасайды, мүсіндеуде - екі қолмен әр түрлі көлемдегі шарларды домалақтау, оларды көлеміне қарай қажетті дене мүшелеріне жапсыру тәрізді сомдау амалдарын қолданады.



© 2010-2022