Открытый просмотр Қазақша сөйлеміз

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 жастан 6 жасқа дейінгі балалары ересек тобы үшін

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Технологическая карта организованной учебной деятельности

в группах для детей от 5 до 6 лет

Өткізілетін күні, айы, жылы/число, месяц,год проведения: «___»_____20___ ж./г.

Білім беру саласы/ Образовательная область/:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/

/раздел организованной учебной деятельности/:Қазақ тілі

Тақырыбы/ Тема/: Интегрирівтік сабақ.

Мақсаты/ Цель/: тақырып бойынша сөздік қорларын молайту.

Білімділік міндеті/Образовательная задача/:бұрынғы өтілген тақырыптарды қайталап еске түсіру арқылы сұраққа жауап беруге дағыландыру.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача тіл байлығын жетілдіру; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру; есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача/: қазақ тіліне деген қызығушылқтарын арттыру.

Көрнекі құралдар/ используемый материал/: орман көрінісі, ішінде тапсырмасы бар 5 конверт (құстар, үй жануарлары туралы мақал, жабайы аңдар, отбасы мүшелерінің суреттері, ою) зырылдауық.

Әдіс-тәсілдер/методы-приемы/: жұмбақ, көрсету, түсіндірме, сұрақ-жауап,ойын практикалық.

Қостілділік компоненті/ Билингвальный компонент/: ою-орнамент, жануарлар-животные, отбасы-семья, құстар-птицы.

Әрекет кезеңдері/

Этапы деятельности

Педагогтың іс-әрекеті/

Действия педагога

Балалардың іс-әрекеті/

Деятельность детей

Мотивациялық-қозғаушылық/

Мотивационно-побудительный

Шаттық шеңбері.

Біздің топта балалар

Тату -тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шеңберге тұрып бір-біріне тілек айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру/

Организационно-поисковый

Кіріспе әңгіме.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір қай ай?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қандай сабақ?

Балалардың назарын алдын ала дайындаған көрнекі-құрлдарға аударып бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтетіні жайлы түсінік беру. Нелер жатқанын сұрау.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,кімде-кім дұрыс, жылдам жауап берсе сол жеңіпаз болады.

Зырылдауықты айналдырамын тоқтағанда, конверттің ішіндегі тапсырмларды орындайдамыз.

1-конверттегі тапсырма.

«Үй жануарлары туралы мақалдар».

Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?

Дұрыс. Енді үй жануарлары туралы мақал кім айтады?

Жарайсыңдар балалар. Үй жануарлары туралы мақалдарды біледі екенсіңдер.


Зырылдауықты айналдырайын.

3- конверттегі тапсырма.

«Үйде біз нешеуміз?»

Балалар отбасында неше адам барын, олар кімдер екенін сөз тіркесі арқылы айтайық.

Дұрыс балалар. Өз отбастарыңды дұрыс атап және санап шықтыңдар.

2-конверттегі тапсырма.

Д/д ойын «Құстардың» қиылған суреттері.

Алдарыңда жатқан құстардың қиындыларын қазақша дұрыс атап мына әдемі үлкен терекке жабыстырайық.

«Ұшты-ұшты» ойыны ойналады

Сұрақ-жауап.

4-конверттегі тапсырма.

«Жабайы жануарлар»

Жабайы жануарларды біз қайдан көре аламыз?

- Мынау қандай жануарлар?

-Олар қайда мекендейді?

-Орманда нелер көп?

5-конверттегі тапсырма.

«Оюлар»

Балалар қазақ халқы көптеген бұйымдарын оюлармен әшекелейді.

Біз бүгін мына құмыраны құстұмсық өрнегімен безендіреміз. Оюлардың атауларын қазақша дұрыс айтып, құмыраны безендіруге кірісейік.

Балалар.

-Қазақ тілі сабағы

-Көктем мезгілі

-Сәуір айы

-Бүгін жұма

Қызығушылықпен қарауы.

Конверттер, зырылдауық, құмыра - деп жауап береді.

Балалар жұмбақтың жауабын шешеді.

Балалар сиыр, жылқы, қой, түйе, ешкі, ит, мысық-деп айтады.

Қойдың сүті қорғасын.

Ешкі- тұқымы-егіз лақ,

Қой тұқымы-қоңыр тұсақ.

Ер қанаты ат.

Түйе ботасымен жарасты,

Тамақ батасымен жарасты.

Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп.


Мен, менің атам, менің әкем менің әжем, менің шешем, менің ағам бар.

Отбасында біз алтаумыз.

Балалар құстардың атауларын дұрыс,толық атап,терекке жабыстырады.

Іс- қимылды қайталай отырып денелері шынығады.

-Балалардың жауабы

- Қасқыр, түлкі, аю, қоян, кірпі шешен, тиын.

-Орманда мекендейді.

-Орманда талдар

құстар көп.


- құс тұмсық.

- көбелек.

-гүл.

-қошқармүйіз.

-қолтық.

(құмыраны безендіреді)

Рефлексивті-түзетушілік/

Рефлексивно-корригирующий

Балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұраймын. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатамын

Балалар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.

Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат/:

Нені біледі/ что ребенок знает (Знать): өтілген сабақ туралы түсініктері қалыптасады.

Қандай түсініктерді игерді/ как ребенок освоил материал (Иметь)/: орман, ою, құстұмсық, тіс, тал- құмыра сөздерін игереді.

Қазақ тілі мұғалімі: Н.А. Абленова қолы/ подпись


© 2010-2022