Технологиялық карта ҚМТҚ. Тақырыбы: 0 саны және цифры

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: 0 саны және цифры.

Мақсаты:

а) 0 цифрын бос жиынның санды таңбасы ретінде таныстыру; 0 цифрын жазуды үйрету; сан туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру: бір және бірде бір зат;

ә) балалардың зейінін, сөйлеу және дәптерде бағдарлау қабілетін дамыту;

б) жинақылыққа тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға сұрақ қояды:

-Балалар, қандай мерекені тойлаймыз? (Жаңа жыл) Жаңа жылда балаларға кім келеді? (Аязата). Содан соң балаларға сыйлықтар әкелген Аязата туралы әңгімені тыңдауға шақырады.

Сұрақтарға жауап береді және Аяз ата туралы әңгімеге қызыға құлақ түреді.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Тәрбиеші дорбадан сыйлықтарды шығарып, бірінші сыйлық, екінші сыйлық... деп айта бастайды. Аязатаның қапшығы босаған кезде тәрбиеші бұл 0деген цифрды , яғни «жоқ, бірде-бірі қалмады» дегенді білдіретінін түсіндіреді.

Содан кейін 0 туралы өлең оқиды.

Тақта алдында жұмыс істеу.

Айналадағы заттар мен олардың бөлшектерінен 0 цифрын іздеуге шақырады.

Сандарды ретімен қойып шығамыз. Ал 0-ді қайда қоямыз? Балалар оның орнын көрсетеді. Бірақ әзірге мұны негіздеудің қажеті жоқ (мысалы, нөл бірден 1-еуге кем) Өйткені, натурал сандар қатарының қасиеттері бұл бағдарламаға кірмейді.

Санның қандай цифрмен белгілетінін айтады. Бұның бірде бірі қалмады, жоқ дегенді білдіретінін айтады. Нөл туралы тақпақтарды тыңдайды.

Нөл цифрын ауаға, аяғының ұшымен еденге, содан соң дәптерге салады. Саақ жаттығуларын жасайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Тәрбиеші Жаңа жыл тақырыбына қайтып оралады, балалармен келе жатқан мереке туралы шағын әңгіме-дүкен құрады және сабақты қорытады.

-Сендер бүгін қандай санмен таныстыңдар? «Жоқ» дегенді қандай цифрмен белгілейміз? Балаларға алғыс айтады.

Фигуралардың атауын атап, олардың санын анықтайды. 0 цифрын табады және оны суреті жоқ бос ұяшыққа жапсырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 0 саны жәнецифрын (бос жиын көрсеткіші туралы түсінік);

Игереді: 0 цифрын жазу туралы түсінікті;

Меңгереді: 0 цифрын тану, бос жиынтықты сол цифрмен белгілеуді.


© 2010-2022