Сабақ жоспары Ана өмірдің шуағы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ана-өмірдің шуағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Танымдық.

Оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру.

  1. Дамытушылық.

Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу.

  1. Тәрбиелік.

Оқушылардың логикалық ойлау өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту. Эстетика- этикалық әдептерді жетілдіру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Сабақтың тақырыбы, безендірілген плакатқа жазылып тақтаға ілінеді.

  2. Үнтаспа.

  3. 8 наурыз мерекесіне арналып жасалған қабырға газеті.

  4. Түрлі-түсті шарлар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тыныштандырып, бар назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсаты мен тақырыбы таныстырылады. Ал, балалар бүгін біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр екен. Ал осы қонақтарға қандай оқушылар болғанымызды көрсетейік. Енді балалар біз «Ана- өмірдің шуағы » деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізейік деп отырмыз. Не үшін осындай тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз? Өйткені 8 наурыз аналар мейрамы. Балалар мен сендерге мынадай бір сұрақ қойғым келіп тұр. Кәне, жауап беріңдерші.

-Дүниеде не тәтті?

-Ананың сүті тәтті.

-Не жұмсақ?

-Ананың алақаны жұмсақ.

Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан- ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген.

Міне, балалар, бүгінгі күн бүкіл жер бетіндегі барлық аналар, апалар, қыздардың мерекесі. Бұл мереке- көктемнің бірінші мерекесі, қуаныш, шаттық мерекесі. Бүгін сол мерекені мерекелегелі отырмыз.

Кәне, кім аналарына арнап сый дайындап келген екен. Соны тыңдап көрейік.

1 оқушы.

Құтты болсын, ардақты ана,

Асыл анам мерекең.

Құтты болсын теңдік алған,

Қуанышты берекең.

2 оқушы

Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім ап келді.

Қуанышты күнде енді,

Құттықтаймын Сіздерді,

Анамызға мың алғыс.

3 оқушы

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

4 оқушы

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген анашым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын. Ән «Құттықтаймын мама»

5 оқушы

Ақ жүректе сақтаған,

Жарқын күлкің- бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші ақ мамам.

6 оқушы

Әлпештеген баласын,

Ана -бақыт, ана- күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын!

7 оқушы

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын, ақ анам!

8 оқушы

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз

9 оқушы

Ана- көркі көгімнің,

Ана- нұры жерімнің.

Ана- бағы баламның,

Мақтанышы елімнің.

10 оқушы

Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күн-шуақ,

Бізге қымбат Анамыз.

11 оқушы

Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақталған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ анам.

12 оқушы

13 оқушы

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. Ән «Анашым»

Ал, енді балалар сендерді аналарың қалай еркелетеді.

  • Мен анамды жақсы көремін. Ол да мені жақсы көреді. Мені «құлыншағым, ботам, алтыным» деп еркелетеді.

  • Мені анам «Қошақаным, жүрегім, жаным» деп еркелетеді.

  • Аппағым, томпағым, ақылдым- деп еркелетеді.

  • Мені «қоңыр қозым, момақаным, көмекшім дейді. Сен болмасаң маған кім көмектеседі қолқанатым» деп еркелетеді.

Сергіту сәті. «Балапан- балапан»

Көрініс. «Қарт пен бала» әңгімесі.

Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан жүгіріп шығып: Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.

Балам, мен көрші сыныпта болғалы жатқан «Ана- өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың, дей бергенде: Жоқ ата мен есейдім, маған сұрақ қойыңызшы,- дейді бала.

Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Ата, үйдің алтын қазығы- бала.

Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы- ана.

Ана ақылды болса, бала дана болады. Жүре ғой балам кеттік.

Балалар сендерге жарық сыйлаған кім?

Анам.

Сендерді жылатуға қимаған кім?

Анам.

Балалар сендердің жөргектеріңді ауыстырып, құндықтап,

Сендер деп жанын қинаған кім?

Анам.

Сендер ауырсаңдар жүдеген кім?

Анам.

Айыққанша қосылғанша қатарға

Тілектеріңді тілеген кім?

Анам.

Қорытынды:

Міне, көрдіңдерме сендерге қамқоршы болып, жылы жүрегін сыйлаған аналар екен.

Анадағы махаббатқа нанам

Ең бірінші ана керек балаға.

Ақ аналар жүріңдерші аман! Дей келе сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Ал енді балалар еңбек сабағында даярлаған сыйлықтарыңдысыйға тарта қойыңдар.


Сынып жетекшісі: Ш. Секишова









© 2010-2022