Тақырыбы: Қауіпсіз әлем

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Жасы:4-5 жасы «Қарлығаш»тобы

Тәрбиешінің аты-жөні: Бажиева.А.У

Білім беру саласы: «таным»

Кіші сала: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Қауіпсіз әлем»

Мақсаты: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс- әрекетіне дайындық: Өрт туралы әңгімелесу

Сөздік жұмыс: өрт, түтін, шоқ

Дидактикалық құралдар: өртке байланысты суреттер

Іс -әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеттері

І - кезең мотивациялық-қозғаушы

Жұмбақ жасыру;

Жердің бәрін жейді,
Жолда кезіккеннің,
Аямай бәрін жейді.
Бұл қандай алпауыт?
Айта ғой, дәл тауып?


Балалар жұмбақтың шешімін табу

Өрт

ІІ - кезең проблемалық ізденушілік

Балаларға от жайында түсінік беру

От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.

Тақпақ:

От жақпа, күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені ұстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

Балалар бұл тақпақ не туралы айтылған?

Балалар қазір біз сендермен тағы да ойын ойнаймыз.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

  • Өрт сөндіретін адамды қалай атайды?

  • Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар?

  • Олардың жұмысы қандай?

  • Өрт сөндірушілер қандай болу керек?

  • Олар неге батыл, шапшаң болу керек?

  • Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек?

  • Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлұматтар беру керек?

Сергіту сәті:



Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт - тілсіз жау».



Балалар тәрбиешінің айтқаның мұқият тындап отырады







Тақпақты тәрбиешімен бірге жаттайды

Өрт, от жайында айтылған

Балалар ойын қызығушылықпен қатысып ойнайды

Берілген сұрақтарға жауап береді

Өрт сөндіруші

Олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді

Адамдарға қажет, өте ауыр, қиын

Батыл, өжет, шапшаң, епті

Өйткені өрт кезінде адамдарды, т.б. құтқарады



  1. қоңырау шалу керек

Не болғанын, мекен - жайын айту.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Балалар мұқият тындайды



ІІІ - кезең рефлексивтік түзетуші

Ойын: «Болады - болмайды»

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды алыңдар. Қызыл түсті - болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал жасыл түсті - болатын жағдайда көтересіндер.

  • Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға............

  • Жанып тұрған сіріңкені тастауға............

  • Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға..........

  • Өрт шыққан жерде қалуға.........

  • Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға............

  • Өрт кезінде есік, терезені ашуға.............

  • Басымызды, бет - аузымызды ылғал сүлгімен орауға............

  • Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға...........

  • Лифтіні пайдалануға..........

  • Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға..............

  • Көршілерден көмек сұрауға............

  • Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға..........

Балалар ойынға қызыға қатысады

Қолдарына бағдаршам алады болмайтын болса қызылды болатын болса жасыл бағдаршамды көтеріп көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екенің жайында

Түсінеді: Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалануды түсінеді

Қолданады: Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру



© 2010-2022