Қатынас. Тақырыбы: Елордасы-Астана

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қатынас. Тақырыбы: Елордасы- Астана

Кіші сала: Тіл дамыту

Мақсаты:Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:1.Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге әсемдікті сезіне білуге үйрету

2.Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу .

3.Өлеңді мәнерлеп оқуқа, ойларын жүйелі жеткізуге баулу

Үштілдік: Елорда- Столица- Capital, Астана -Астана Astana,Парламент-Парламент -Parliament

.Көрнекіліктер:Көпқабатты үйлер, Астана қаласының суреті

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Талаптандыру,

дәлелдеу

Балалар дөңгелене тұрып шаттың шеңберін құрайық Сәлеметсіздер ме ! Қайарлы таң! Қайырлы күн! Сіздерді көргеніме өте куаныштымын . Енді бір-бірімізге мақтау сөздер айтайық.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.Бір-бірлеріне жылы лебіздер мен тілектер айтады.

Сен әдемісің, ақылдысың, мейірімдісің, денің сау болсын.

Ұйымдастыру,

ізденіс

Кіріспе бөлім

-Біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

-Елордамыз - Астана қаласы.

Негізгі бөлім.

Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін оқу

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән

Елордасы Отанның

Мақтанышым-Астанам

-Өлеңде не туралы айтылған ?

-Кім Астанаға барды ? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар ?

Астана туралы мәлімет беру .

-Ақорда- Қастақстан Республикасыны Президентінің резиденциясы

-Бәйтерек -Астананың басты белгісі

-Парламент үйі - Өкімет үйі

-Бейбітшілік пен келісім сарайы-Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

-Хан Шатыр-Астананың ең үлкен ойын сауық орталығы.

Дидактикалық ойын. «Ойлан тап»

Шарты А, с, т , а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А-ана, алма ...

С-сан , су ...

Т- таң, тамаша ...

А-асыл, ата ...

Н-нан, нар ...

А-апа, алқа ...


Балалар жауаптарын айтады


Өлеңді қайталайды


Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар Астанаға барғандарын әңгімелейді

Балалар тапсырманы орындайды.



Балалар өздері білетін Астана туралы өлеңдерін айтады

Қорытынды

-Елордамыздың көрікті жерлерінен аталған жерлерді көрсетіп ,оларға қысқаша мәлімет беру

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже.Білуі керек:

-Қазақстанның қалалары туралы білу керек

Хабары болуы керек:

-Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласы ;

Істей білуі керек:

-Тапсырмаларды дұрыс орындай білу керек

Есеп:---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

© 2010-2022