Тәрбие сағаты: Біз мектепке барамыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз!

Мақсаты:

1. Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.

2. Оқушылырдың сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой-өрісін кеңейту, өнерді сүге тәрбиелеу.

3. Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Топ бөлмесі салтанатты ертеңгілікке сай безендірілген. Қанатты сөздер және шарлар ілінген.

Балалар музыкалық әуенмен залға билеп кіреді. Сол әуенге билейді.
Мұғалім:

Армысыздыр, қымбатты мұғалімдер,

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жауқазыңдай құлпырған

Тұр алаңсыз балғын шақты балалар

«Той»,-деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар. Аяулы да ардақты ата - аналар, балалар.
«Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер, бүгін саналы оқушы болып 1-сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп, білім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Қазір осы уақытқа дейін оқушылардың алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Құрметті көрермендер «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Айналайын, балалар,
Сендерде ой сана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнершілдер даналар.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Өтті қызық көп күндер,
6 жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

1-Адина

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді,

Қуантуға жүректі,

Қуантуға түлекті.

Хормен: Біз мектепке барамыз

2-Саят

Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын

Туған тілге тазамын

Батамды бер қазағым.

Хормен: Біз мектепке барамыз

3-Лаура

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық

Хормен: Біз мектепке барамыз

4-Мади

Бүгін қызық, бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Әнге салып би билеп

Жалғастырсын ойды ой.

Ән: «Біз мектепке барамыз»

1.Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Қайырмасы:

Ән салайық, бас қоса,

Даярлықпен қоштаса.

Қалам, дәптер, өшіргіш,

Кітаптармен достаса.

2.Ойыншықты жинаймыз.

Бөбектерге сыйлаймыз.

Үлкен болып өссек те,

Даярлықты қимаймыз.

Қайырмасы:

3.Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз,

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз.

5 -Диляра

Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Алғашқы топты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
6-Еркеназ

Өз үлгіңді ұстаймын
Айтқаныңнан шықпаймын
Мен балапан құстаймын
Баулыдың сен мұғалім
7-Әділбек

Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суреттермен
Ол тәрбиеші апайымыз
8-Айдос

Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Мектепалды тобымен қоштасып
Біз мектепке барамыз
9-Нұртөре

Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз

Музыка ойналады залға мышинамен Сайқымазақ Еркетай кіреді.

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Саят: Бұл Сайқымазақ Еркетай ғой, мен оны білемін циркте көргенмін.

Мұғалім: Еркетай сені балалар танып жатыр ғой.

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Иә.

Мұғалім: Жол болсын, қайда бара жатырсың?

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Мен цирктен шаршадым, барлығы мені мазақтап күле береді, енді мектепке барамын, міне бүкіл ойыншықтарымды салым алдым.

Мади: Мектепке біз де барамыз, бірақ онда ойыншықтар керек емес.

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Сонда, мектепке ойыншық апармасам не үшін барамын?

Гүлім: Еркетай, мектепке балалар білім алу үшін барады.

Мұғалім: Еркетай, сен әлі мектепке баруға дайын емес сияқтысың. Балалар, «Кім мектепке тез жиналады?» ойыны арқылы Сайқымазаққа мектепке не апаратыны жайлы үйретіп жіберейік.

Ойын: «Кім мектепке тез жиналады?»

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Балалар, сендерге көп рахмет! Мен мектепте ойнайды деп барлық ойыншықтарымды сатып алсам, енді қайттым? А, таптым, таптым! Ойыншықтарды мен балабақшадағы балаларға таратып, оның орнына оқу құралдарын сатып алайын. Рахмет балалар қош болыңдар.

Мұғалім:

Балалар өмірде не қымбат екенің білесіңдер ме?

Балалар:

Достық ата -ана, қуаныш, күлкі, бақытты балалық шақ.

Мұғалім: Дұрыс балалар өте жақсы, олай болса, өмірде не қымбат екенің тақпақпен жеткізіп көрейік.

11-Дария

Әлпештеген әжем қымбат,

Қамқор болған анам қымбат,

Бірге ойнаған досым қымбат,

Көмектескен інім қымбат,

Білім берген ұстаз қымбат.

12-Мұстафа

Әлпештеген анам қымбат,

Еркелеткен әкем қымбат.

Еркелеген сіңілім қымбат,

Көіңілімдегі көкем қымбат.

13-Жадыра

Өмір берген анам қымбат,

Бақытты балалық шақ қымбат.

Бейбіт өмір қымбат,

Сәби тәтті сезім қымбат.

Мұғалім:

Әндетейік, жырлайық

Биден шашу шашайық.

Би: «Саңырауқұлақ» биі.

14-Сарбиназ

Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім
Би биледім ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
15-Нұрлан

Біз балауса баламыз
Жетілді ой - санамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз.

16-Дильназ

Күннің нүры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.

17-Ернұр

Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
18-Жанбота

Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз
Қуантып ата - ананы
Таза сәби жүрекпен

19-Гүлім

Өмірдің жайдары,

Қызықтың қайнары,

Тобымыз жайнады.

Біз Отанның балдырған тобымыз.

Әдептілік, батылдық ұранымыз.
Ән: «Отаным»

Отаным - тірегім

Отаным-жүрегім

Отаным - жүгерім

Отаным - білегім

Ля-ля-ля, ля-ля-ля

Отаным- күндерім

Отаным-үндерім

Отаным-гүлдерім

Кеудемде жүр менің.

20-Нұржауар

Іші толған әріпке

Жақсы кітап Әліппе

Әліппені аламыз

Біз мектепке барамыз.

21-Рамазан

Бар әдемі қаламым

Соны қолға аламын

Жазуды да жазамын

Суретті де саламын.

22-Бекзат

Дәріс алдым саналы

Үлгілі ұстаз анадан

Мейірімінен нәр алдым

Жалықпаған баладан.

23-Дамир

Міне, мен де

Үлкен болдым

Жасым толды 6-ға

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын шетінен.

24-Ержан

Мен кішкентай баламын

Әлі-ақ өсіп толамын

Елін, жерін қорғайтын

Ер -азамат боламын.

25-Балжан

Аялаймыз ананы

Құрметтейміз, бағамыз

Сіздер үшін аналар

Шырқап әнге саламыз.

Ән: «Қош бол даярлық топ»

1.Мәпелейді аялайды біздерді.

Ойнап күліп өткіземіз күндерді,

Даярлықта өмір басқаша,

Есімде қаласың әрқашан.

Қайырмасы:

Басталады жаным күндерім,

Басталады жаным сәттерім,

Тұңғыш әліппені бастаймыз.

Әріптерді таза жазамыз.

2. Бала кезі, қош айтамын мен саған

Есейдім ғой мектепке енді барам

Тұңғыш ұстаз жаңа құрбылар

Жаңа кітаптар мен сабақтар.

Қайырмасы:

Басталады жаңа қадамым

Мектепке енді мен барамын

Кітап оқып, жазу жазамыз

Жақсы бағаларды аламыз.

Мұғалім:

Айналайын гүлдерім,
Айым менің күндерім
Маған қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің
Сендердікі болашақ
Өтер балғын жастық шақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.

Келесі сөз кезегі мектеп директоры Есмаганбетов Арарат Мылтықбаевичке беріледі.
«Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош болыңыздар!








Музыка ойналады залға мышинамен Сайқымазақ Еркетай кіреді.

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Саят: Бұл Сайқымазақ Еркетай ғой, мен оны білемін циркте көргенмін.

Мұғалім: Еркетай сені балалар танып жатыр ғой.

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Иә.

Мұғалім: Жол болсын, қайда бара жатырсың?

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Мен цирктен шаршадым, барлығы мені мазақтап күле береді, енді мектепке барамын, міне бүкіл ойыншықтарымды салым алдым.

Мади: Мектепке біз де барамыз, бірақ онда ойыншықтар керек емес.

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Сонда, мектепке ойыншық апармасам не үшін барамын?

Гүлім: Еркетай, мектепке балалар білім алу үшін барады.

Мұғалім: Еркетай, сен әлі мектепке баруға дайын емес сияқтысың. Балалар, «Кім мектепке тез жиналады?» ойыны арқылы Сайқымазаққа мектепке не апаратыны жайлы үйретіп жіберейік.

Ойын: «Кім мектепке тез жиналады?»

Сайқымазақ Еркетай-Балжан: Балалар, сендерге көп рахмет! Мен мектепте ойнайды деп барлық ойыншықтарымды сатып алсам, енді қайттым? А, таптым, таптым! Ойыншықтарды мен балабақшадағы балаларға таратып, оның орнына оқу құралдарын сатып алайын. Рахмет балалар қош болыңдар.


© 2010-2022