Разработка по казахскому языку Наурызым асыл айым!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

"Достық" балабақшасының тәрбиешісі:

Амандыкова Гульжанар Сентябрьевна

Тақырыбы: "Наурызым-асыл айым!»

Армысыңдар,қадірменді халайық! «Ұлыс оң болсын!

Ұлыс бақты болсын,төрт түлік ақты болсын деп,өткенге салауат айтып,келер күннен береке тілеп,ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн-Наурыз мерекесі құтты болсын!Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып:зор денсаулық,отбастарыңызға амандық,еңбектеріңізге табыс тілейміз.Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой,арман мақсат айтылып,тілектер тіленген.Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын дей отырып,балабақшамыздың меңгерушісі

Достанова Әсел Жангелдіқызына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:Наурыз той-көңіл тойы,көктем тойы.

Жақсылық болса дейтін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін

Елдегі бақыт,байлық,бақ көбейсін

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

Наурыз құтты болсын баршамызға. Наурыз келсе,құт келгені халайық! Шашу шашып ,ел боп қарсы алайық.

Кезекпен шашу шашады.

1. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

2. Қайда барсақта жол болсын!

Елімізде бақыт, байлық болсын!

Балалар бүгін бізде үлкен мереке,қандай мереке болмасын сәлемдесуден бастау керек.Солайма?ал бүгінгі амандасу өте өзгеше,олай болса балалар,

Наурыз тойына қалай амандасу керектігін көрсетіп жіберейік. Жарайсыңдар балалар!Бұл мерекеде бір-бірімізбен төс қағыстырып ,әдемі тілектер мен құттықтаулар айтады екен. Меруерт Армысыңдар халайық.

Әркез аман болайық

Наурыз тойын қуана

Жылда қарсы алайық

Есет Армысыңдар ағайын!

Бармысыңдар ағайын!

Ұлыс бақты болсын

Әр күніміз жақсы болсын!

Жүргізуші : Біз балдырған баламыз

Шырқап әнге саламыз

Балаларымыздың орындауындағы хор!»Дастархан» Ендеше мерекемізді бастамас бұрын үлкен кісілерден Наурыз бата алайық.Құрметті ата-аналар бүгін біздің топта «Сұлу қыздарымызбен,ару аналар»сайысы болғалы отыр.Бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып,қошеметпен ортамызға шақырайық.

1.Бралина Жансая анасы Бралина Әсемгул.

2.Жомарт Жасмин анасы Имангалина Раушан.

3.Сапарғали Меруерт анасы Жиеналина Динара.

4.Сқақ Сабина анасы Даниярова Орынгул.

Жүргізуші: Кім жеңеді сайыста үміт алда,

Қобалжу бар жүректе күдік барда

Әділқазы алқасы атыңды ақта

Жүректерге арман мен бақыт жолда,-демекші біздің сайыста әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Балабақша меңгерушісі:Ә.Ж.Достанова.

Ата-ана: Пана Назым.

Тәрбиеші: Қожамуратова Гүлбақыт.

Ойын: «Ханталапай»шарты:дорбадағы асықты алып реттік нөмірлерімізді біліп алайық.Ал енді құрметті қонақтар бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1.Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер.Өзін -өзі таныстыру.

2.Қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсету.

3.Ән бойынан өнер тамған. Өз өнері.

4.Өнерлінің қолы алтын. Қол өнер.

5.Сұлулық сыры. Сән үлгісі. Жүргізуші:Күткен мейрам құтты болсын баршаңызға

Көктем сәні келіп қапты ортамызға

Сайысушы аналарымызды шақырайық

Ана біздің күніміз

Қыздар біздің гүліміз Таныстырар өздерін ,тамашалап көріңіз,-сайысымыздың алғашқы кезеңі таныстырудан бастаймыз.

1-сайыс.Аналарымыз бен қыздарымызды таныстыру. 2-сайыс.Жаңғырған сананың Ұмытады мұны кім, Ата-салтын бабамның . Алып келген осы күн-дей сайыскерлеріміздің қазақтың салт -дәстүрінен көрініс көрсету.

Жүргізуші:Балалар бүгін бізде қандай мереке?

Балалар: Наурыз мерекесі. Олай болса ,наурыз мерекесіне арналған тақпақ, өлеңдерімізді қабыл алыңыздар, «Қошақаным»әні

3-сайыс. Қазақ жұрты киелі

Өнерліні сүйеді.

Алдыңызда сайыскер

Ән салып ,би билеп береді.Келесі кезекті өнер сайысын тамашалайық!

Ендігі кезекті біздің балаларымыз өз өнерлерін көрсетпекші. «Өнерлі өрге жүзеді» демекші ұлдарымыздың «Адай» биін қабыл алыңыздар. 4-сайыс.Шеберлерім өнер тамып қолынан

Жаңылмаған ата-баба жолынан ,

Шеберқолдар өз өнерін көрсетсін.

Біз айтайық төрелігін соңынан-дей келе сайыскерлеріміздің үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын тамашалайық.

Ойын: Күш сынасу . Ән

5 -сайыс. Сұлулық сыры.

Сұлулық табиғаттан басталады.

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап.

Сән үлгісі кезеңі басталады.Ортаға сайыскерлерімізді сән үлгісін көрсетеді. Жүргізуші: Бүгінгі аналарымыздың және қыздарымыздың сайысы аяқталды.Ендігі кезекті әділқазылар алқасының бағалауына береміз.Әділқазыларымыз сайыстың қортындысын шығарымыз дегенше балаларымыздың өнерін тамашалайық.

Енді ортаны ашайық

Інжу маржан шашайық.

Ән мен биді шалқытып

Қыздарымыздың «Наурыз» биін тамашалайық. Жүргізші: Аналарымыз қыздарымыз сайыстың барлық шарттарын орындап шықты.Сөз кезегін бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтайтын әділқазы алқасына береміз.

Бала-бақша меңгерушісі :Д.Әсел Жангелдіқызына береміз!

Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзің әрдайым ,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Бүгінгі сайысқа қатысқан аналарымызға жеңістеріңіз құтты болсын дейміз.Көктемгі гүлдей жарқырап жүре беріңіздер!Аналарымызға деген біздің күніміз,мейіріміміз ұшан-теңіз,әрқашанда аналарымыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болсын!

Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

© 2010-2022