Ересек тобына арналған кіріктірілген ҰОІ. Ерекше қыздар мен ұлдар

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК "Айгөлек" балабақшасы "26" ақпан 2015ж.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тобы: ересек «ә» Тәрбиешісі: Оспанова Р.Н.

Білім беру саласы : Әлеуметтік орта, қатынас, денсаулық.

Бөлігі: Тіл дамыту, көркем әдебиет, дене шынықтыру, қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Ерекше қыздар мен ұлдар»

Мақсаты: Ұл және қыздың айырмашылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Бір-біріне деген эмоционалдық қарым-қатынас жасау. Ұл мен қыз арасындағы сыйластықты тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: слайд,хат,қорап

Билингвизм компоненті: күлкі-улыбка

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ынталандыру-

оятушы кезең

Тосын сый:

Шаттық шеңбер:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз нәзік қыздармыз,

Біз ержүрек ұлдармыз.

Слайд

Қосылып айтады

Слайдтағы кейіпкерлермен жүздеседі.





Ұйымдастырушы-

ізденуші кезең

















































Рефлексивті-

түзетуші

кезең

Залға музыка арқылы кіреді, амандасады.

-Бүгін, балалар, барлығың әдемі, сұлу, әсемсіңдер, мен сендермен ойнағым келіп тұр. Ойынның аты: «Атын ата» немесе «Есімін ата».

Шарты: Мен допты кімге беремін, сол ұл болса, қыздың атын, қыз болса, ұлдың атын атайды.

-Тамаша, ұлдар мен қыздардың аттарын білетіндеріңді көрсеттіңдер.

Ал,енді мына сұрағыма жауап беріңдерші: ұл мен қыздың қандай айырмашылығы бар?

-Жақсы жауап бердіңдер.

Тақырыппен таныстыру:

-Ұлдар да, қыздар да ертегіні жақсы көретінін білеміз, солай ма? Мен сендерге бір сыр айтып қояйын ересек адамдар да ертегілерді жақсы көреді. Ендеше, менің ертегімді тыңдап көріңдер. Отырайық.

-«Күлкі әлемі» деген елде біз сияқты кәдімгідей адамдар өмір сүріпті. Олар өз елдерін жақсы көріпті, әр адам өз ісімен айналысыпты. Етікші етік тігіпті, наубайханашы нан пісіріпті,тігінші киім тігіпті. Барлығы бақытты болыпты. Бір-бірімен кездескенде күлімсіреп, жылы шырай танытыпты. Сондықтан, олардың елі осылай аталыпты. Бірақ, бір жаман сиқыршы қызғанып, бұның барлығын бұзғысы келіпті. Ол өзінің сиқырлы таяғымен ұлдар мен қыздарды бөліп тастапты.

Ғажайып сәт:

Слайд жүріп тұрады. Шымылдықтың артында дауыс айтады:

-Осы менде ешкімнің шаруасы жоқ, бәрі бақытты, бір-біріне күледі, көрсетемін мен сендерге. «Трах-тибидох»-ұлдар мен қыздар бөлініп өмір сүріңдер. Ха-ха-ха, сол керек сендерге.

-Бірақ, балалар, біз оларға көмек бере аламыз. Оларды құтқарғыларың келе ме? Ендеше, біз тапсырмалар орындауымыз керек, дұрыс орындасақ оларды құтқарамыз. Дайынбыз ба?

Тапсырмалар:

1.«Өзін-өзі ұстау тәрбиесі»

Суреттен іс-қимылдарды әңгімелеу, неге олар оларды жасап жатырғанын түсіндіреді.

2. «Атын жалғастыр»

Ұлдар ертегідегі ұлдардың аттарын жалғастырады, қыздар қыздарды аттарын жалғастырады.

А)Қызыл (телпек)

Түйме (қыз)

Мыстан(кемпір)

Б)Алдар (көсе)

Тазша (бала)

Қожа(насыр)

3.Таяқпен допты ұлдар қыздарға жылжытады,ал қыздар шеңбермен ұстап алады.

4. «Өсу реті»

Ұлдар ұлдардың өсу ретін, қыздар қыздардың өсу ретін табады.Соңынан бір-бірін тексереді.

Сергіту сәті:

Мен ұлдарға және қыздарға сай қасиеттерді атаймын. Келіссіңдер шапалақтайсыңдар, келіспесеңдер аяқтарыңмен тапылдатасыңдар.

Ұлдар: күшті, ақылды, жылауық, батыл, дімбілмес.

Қыздар: сыпайы, әдемі, жаман,ақылы жоқ, сұлу, жақсы.

Ойын: «Тауып көр»

Ұлдар өздеріне қажетті, қыздар өздеріне қажетті заттарды табады. Не үшін қажет екенін айтады. Бір-бір баладан шығады. (2-рет )

-Енді, үйге қайтатын кез келді, тапсырмалардың барлығын орындадық.

(Осы кезде есік тарсылдап, посылка келеді. )

-Ішінде не бар екен, бізге келіпті ғой.

Хат. -Біз сіздерге көмектеріңіз үшін алғыс ретінде хат пен сыйлықтар жібердік. Тапсырмаларды дұрыс орындағандықтан, сиқыршы жоқ болып кетті, ал,біз қосылдық. Рахмет!

-Қане, ендеше, медальондарды тағып алып, фотосуретке түсіп, оларға интернет арқылы жіберейік.

-Қазір, жіберемін. Қараңдар, барып қалыпты.

Қорытынды:-Қорытынды ретінде мақал айтайық.

Қыз өссе, елдің көркі,

Ұл өссе, жердің көркі.

Амандасу.

Бір-бірінің атын атайды.





Ұл мен қыздың айырмашылығын атайды.





Ертегі тыңдайды.









Әңгіме барысында слайд қарайды.







Тапсырмалар орындайды.













Сергіту сәтін қимыл арқылы жасайды.









Сыйлық алады.





Фотосуретке түседі,ертегіге жібереді.

Қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

БОЛУЫ КЕРЕК: Қыз және ұл түсініктерін бекітеді.

ІСТЕЙ БІЛУ : Ұл мен қыз айырмашылығын анықтайды.

БІЛУ КЕРЕК: Жанашырлық пен көмекке келу тәрбиесін алады.


© 2010-2022