Педагогтардын тулгасын калыптастырудын педагогикалык –психологиялык ерекшеликтери

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№38 «Шаттық» балабақшасы

тәрбиеші

Каримова Айжан Куанышбековна


Педагогтардың тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық -психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі қоғамның тарихи даму тәжербиесі бала тәрбиесінде жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерінен туындауда.Бала - біздің ұрпағымыз, қоғамды жалғастырушы. Ол жарық дүниеге келген алғашқы күннен-ақ ата-анасын, туған-туыстарын, әрі бүкіл елді қуанышқа, ерекше сезімге бөлейді. Сондықтан балалардың өмірі мен жан-жақты жетілуі үшін, олардың рухани және дене күштерінің кінәрәтсіз және қауіпсіз дамуын, имандылық, адамгершілік, эстетикалық жағынан жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасамауымыз қажет. Балалық - адам өмірінің аса маңызды кезеңі. Балалық шақта айнала қоршаған дүниені ақылмен, жүрекпен танудың ең басты негізі - отансүйгіштік, адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік сияқты қасиеттердің қалыптасуының ұзақ үдерісі басталады.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениет тарихын Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ойшылдарының еңбектерінен көруге болады. Олардан жеке тұлғаны қалыптастыруда халықтардың бір-бірімен әдет-ғұрпы, салт-дәстүр тұрғысынан жақындығы ғасырлар қойнауынан орын алатындығын көреміз.Осы тұрғыда, тәрбие туралы ой-пікірлер айтқан Орта ғасыр ғұламалары:Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашұари, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген классик ақындар мен ағартушы ғалымдар: Абай, Шоқан, Ыбырай, одан бертін келе қазақтың зиялылары: Ж.Аймаутов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Қазақ халқының тәлім-тәрбиесімен жеке тұлғаны қалыптастыруға байланысты ұлы ақын, данышпан Абай өзінің «Ғылым таппай мақтанба» (1880 ж.)деген өлеңінде жеке тұлғаны жаман әдеттен сақ болуға шақырса, оның орнына:

«Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым, ойлап қой- Бес асыл іс, көнсеңіз» деп жеке тұлға бойына қажетті жағымды қасиеттерді көрсетеді.

Кемеңгер Абай өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Бала ата- анадан туғанда есті болмайды. Ол естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы , жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»- деп балаға жан-жақты тәлім-тәрбие бергенде ғана тәрбиелі, білімді жеке тұлға қалыптастыруға болатындығын айтады. Ал, оныншы қара сөзінде «Әуелі балаңды өзің алдайсың: іне оны берем, міне мұны берем»-деп. Басында балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп, балаға дұрыс тәрбие беру, сәби шағыан отбасындағы тәрбие мен ата-ана үлгісінен бастау алатынын философиялық тұрғыда бейнелейді.

Қазақстанда ұлттық психология ғылымының негізін салған психолог, ғалымдар:Ә. Алдамұратов, С.Балаубаев, Қ.Жарықбаев. Т.Тәжібаев, А.Темірбековтердің психологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде ғылыми теориялық және әдістемелік еңбектері жарық көрсе, ғалымдар Г.А.Урутаева, Х.Т.Шерьязданова, т.б. өздерінің ғылыми еңбектерін мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріне арнады.

Белгілі психолог Т.Тәжібаев жеке тұлға тәрбиесінде баланың психикалық процестерінің дамуының ерекшеліктерін жақсы білу керек екенін, баланың жан дүниесінің өсіп-даму заңдарын білудің маңызды екенін айта келе: «Біріншіден, мұны зерттеу арқылы оның даму жолдары ме заңдарын, екіншіден, әр жастағының ғана емес, тіптен, біркелкі жатағы балалардың да әрқайсысының жеке өзгешеліктерін білмейінше, тәрбие жұмысын көңілдегідей жүргізуге болмайды» деген тұжырым жасайды.

А.Темірбеков, С.Балаубаев «Психология»(1966 ж.)атты еңбегінде «Жеке адам - дене құрылысы, психикалық көріністері, әлеуметтік сипаттары бар қоғам мүшесі. Жеке адамның негізгі белгісі - оның дара өзгешелігі. Дара өзгешелік адамның ақылынан да, сезімінен де, еркінен де көрінеді. Ойлау, сөйлеу, сүйіну, күйіну сияқты іс-әрекет әр адамда әр түрлі болады да, өмір жағдайыны байланысты іске асып отырады. Адамның психикалық өмірінің мазмұны, өзін-өзі түсіну дәрежесі, ең алдымен, іс-әрекеттерінен көрінеді. Іс-әрекеттің негізгі түрлері:еңбек, оқу, ойын. Негізгі әрекет үстінде жеке адамның дара өзгешеліктері- қызығу, темперамент, мінез, қабілет, дарындылық - дамып жетіледі», -деп ой түйіндеген.

Ғалымдардың пікірінше «Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары: бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс, термелер де, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік, имндылық, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты екенін айта келе былай дейді: «Қазақ халқы арнайы тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Мәселен, жас бала аяғын нық басқаннан-ақ қоршаған орта құпиясын ашып, жолсыз жерлер мен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген, 5-6 жасынан-ақ ат құлағында ойнауға үйреніп, етігенін қалтысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы кейбір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алады. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөздік қорыеһн байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін, халықтық шығармалар ішіндегі қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқас - бәрі-бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, баланың жеке тұлғасы мен ой-пікірін шыңдап отырған».

Қорыта айтарымыз, философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге жасалған талдаулар балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыды негіздеуге және тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға қол жеткіздік. Біз зерттеу жұмысы барысындағы бұл бөлімде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің психологиялық ерекшеліктерін анықтаудағы мақсатымыз- олармен болашақтағы тәрбиеленуші тұлғасын қалыптастырудың жолдарын іздестіру, бағыт-бағдарын айқындау болды. Ол үшін балалар үйінде ұсынылатын білім мазмұнын нақтылап, оқу-тәрбие үдерісінің барысында пайдаланудың жолдарын зерделейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан ұлттық энциклопедисы 2 том. Алматы. 1999. 703 б.

2.А. Құнанбаев. Шығармалар жинағы. 2 том. Алматы. 1986. 330-б.

3.Абай.Қара сөз. Поэмалар. Алматы. «Ел» , 1993. 272-б.

4. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы . «Білім», 1996. 222-б.

5.А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы. 1996. 230-б.

6. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы. «Санат», 1995.


© 2010-2022