Поурочный план по ДВиО на тему Қағазбен жұмыс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сабақ. Қол еңбегі.

Тақырыбы: Қағазбен жұмыс жасау.

Мақсаты: Балаларды қағаздың түрлерімен таныстыру. Қағазбен жұмыс жасау іскерлік-дағдыларын қалыптастыру. Тік төртбұрышты пішіндерден әр түрлі ойыншықтар жасатып ой-қиялын дамыту, еңбекке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, үлгі суреттер. Картон және жазу жазатын жұқа қағаздар т.б.

Әдіс-тәсілдері: қағазбен жұмыс істеу: бүктеу, қию, желімдеу, қағазды теңестіру, көлемі, пішініне сәйкес тең етіп қию жолдарын түсіндіру. Үлгілерді талдау.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: үй жануарлары мен жабайы жануарлар жайында ертегі оқу. Сурет бойынша әңгімелету. Ерекшеліктері жайында айтып, сипаттама беру.

Сабақтың барысы: тәрбиеші бапаларды түрлі-түсті қағаздармен таныстыра отырып, қағаздың әр түрін көрсетіп, сапасына (қалың, жұқа, жұмсақ, қатты, бүктеуге болады) тоқталады. Мысалы: түрлі-түсті қағаздар, жұқа қағаздар оңай бүктеледі, тез қиылады. Қайшымен қиып көрсетіледі. Жазу жазатын, сурет салатын қағаз, фольга, т.б. Ал картон қағаздарды бүктеу қиын әрі қиюға келмейді.

Мүғалім: "Мына түрлі-түсті қағаздарды қараңдаршы, түстерін айтып беріңдер", - деп сауал қояды (қызыл, жасыл, сары, көк, т.б.). Пішінін сұрайды (тік төртбұрыш). Бір парақты ортасынан бүктеп үлкен-кіші көлемдерін салыстырады. Осындай тік төртбұрыштардан түрлі ойыншықтар жасап үйренеміз. Үлгіге талдау жасап, әліппе-дәптердегі суреттерге назар аударады. Ойыншықты жасау үшін: парақ қағазды бұрыштарын, қабырғаларын теңестіріп ортасынан қос бүктейміз;

- үлкен тік төртбұрышымыз кіші тік төртбұрыш болды.

- оны ортасынан тағы қабаттап бүктейміз, бүктеу сызығын қолымен сипап сындырсақ, одан да кіші тік төртбұрыш болады;

- енді осы тік төртбұрышты сызық бойымен қиып аламыз, енді екі тең тік төртбұрыш болды;

- осы тік төртбұрыштан қоян немесе мысық жасауға болды;

- Қоянның құлағы, көздері қандай? Мысықтан ерекшелігін атап айту (Қоянның құлағы ұзын, көзі үлкен, т.б. Мысықтың көзі қысық, құлағы үшбұрышты). (Математикалық ұғымдармен байланыстыру).

- қағаз түстерін, дене бөліктерін балалар өздері таңдап алған қағаз түсінен қиып жасайды;

- түсті қағазды қос бүктеп алып, ақ жағына - қоянның құлағы, аяғы, оны қию жолдары көрсетіледі, көзін, тұмсығын фломастермен жасату;

- үлгіге қарай отырып, дене бөліктерін орналастырып, желімдеу ұсынылады;

- кейбір балаларға көмек көрсетіліп, бағыт беріледі;

- жұмысты аяқтай бастағанда өздері жасаған ойыншықтары туралы білетін өлең, тақпақ немесе жұмбақтарын айтып беруді сұрайды;

- балалар өз жолдастарының жасаған жұмыстарын бірлесіп талдау жасайды, жақсы жұмыстар мадақталады.

Қағазбен жұмыс жасау барысындағы балалардың талабын ұштап, ұқыпты жұмыс істей білу іскерліктеріне машықтандырып, болашақта қағаздан тағы алуан түрлі ойыншықтар жасайтындықтарын айтып, іс-әрекетке қызығушылықтарын арттыра түсіп, сабақты аяқтайды.







© 2010-2022