Разработка урока на тему: Қызықты пішіндер Интересные фигуры

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы: Таным
Тақырыбы: «Қызықты пішіндер» (Геометриялық пішіндер)
Мақсаты: Ойын ақылы балалардың қарапайым математикалық ұғымын толықтыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Ұзын - қысқа заттарды салыстыруға үйрету. Логикалық ойындар арқылы байқағыштық және ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке

Көрнекіліктер: суреттер, геометриялық пішіндер, слайд

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, мадақтау
Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз,
Балабақша үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар,
Қош келдіңіз бәріңіз!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Бүгін, балалар бізге көптеген апайлар келіп отыр екен. Сендердің сабаққа деген қызығушылықтарыңды, білімдеріңді көргілері келеді екен. Ендеше сабаққа көшелік.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде үш ай бар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қаңтар айы қыс мезгілінің нешінші айы?
- Екінші айы.
Тосын сый: Әуен ойналып, Күлдіргі келеді. Қолында 5 шары бар. Күлдіргі балалармен амандасады.
Балалар: Күлдіргімен амандасып, қуана қарсы алады.
Күлдіргі: Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына қолымдағы шарлардың ішінде тапсырмаларым бар. Тапсырманы дұрыс орындаңыздар мен сендерге сыйлық беремін.
Тәрбиеші: Күлдіргі бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін оның қолындағы шарды санайық.
Балалар: Шарды санап түстерін айтады.
Тәрбиеші: Барлығы қанша шар болды?
Балалар: Барлығы 5 шар.
Тәрбиеші: Күлдіргінің тапсырмасы шардың ішінде оны орындау үшін бір - бірлеп жару керек. Бір бала шығып шарды жарады, ішінен тапсырманы алып орындайды.
1 - тапсырма: Сен санамақ білесің бе?
2 - тапсырма: Геометриялық пішіндерді ата.(үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек) (Жұмбақтар)
3 - тапсырма: Ұзын - қысқа заттарды салыстыра білесіңдер ме? Бұл тапсырманы орындау үшін Д/ойын: Байқағыш ойынын ойнайық.
Сергіту сәті: (Пішіндер әні)
4 Тапсырма: Дидактикалық ойын «Кім жылдам?»
Үлестірмелі материалдармен жұмыс
5. Тапсырма ішінен не құрастыра білесіңдер? (жапсырма)
Балалар алдарымызда геометриялық пішіндерден жұмыс жасаймыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар тамаша! Күлдіргінің барлық тапсырмасын орындадыңдар. Енді күлдіргінің көңілін көтеріп ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Өз үйіңді тап»
Ойын шарты: Балалардың қолдарына әр түрлі пішін таратылып беріледі, музыка ойналып тоқтаған кезде, қолдарыңда қандай пішін болса сол пішінге кіріп үлгеру керек.
Күлдіргі: Өзінің ризашылығын білдіріп, балаларға сыйлығын береді. Ол балалармен қоштасып, кетіп қалады.
Тәрбиеші: Қорытындылау. Мадақтау

© 2010-2022