Открытый урок Көбелектер әлемі

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Келісемін: Бекітемін:

Әдіскер: Расоль С Меңгеруші: Абдуллина Р.К

«___»________2015ж «___»________2015ж



Көбелектер әлемі


Іс-әрекет тақырыбы: Көбелектер әлемі

Іс- әрекет мақсаты: Балалардың табиғат әлемі не деген әдемілігіне қызығушылығын арттыру, бояулардың түстерінің мәнін түсінуге қалыптастыру.Дәстүрлі емес әдісті пайдалана отырып жапсырып алуды, топтасқан түрде бейнелеу құралдарының түрлерін пайдалана отырып желіммен жапсыруды үйрету. Көбелекті әртүрлі түсті пайдалана отырып әдемі бейнелеу.Балалардың шығармашылығын дамыту.

К/ құралдар: карандаштар, фломастер, гуашь, қағаз, желім.

Іс -әрекет барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады.

Жұмбақ жасыру.

-

-Дұрыс жұмбақтың шешуі көбелек екен.

Ол ұшады, қонады, қанатын ашып қонады, көбелектер гүлді шаңтозаңнан, күн ыссылығынан қорғайды екен.Тек олар қысқа өмір сүреді екен.Енді сендерге қызықты әңгіме айтып берейінші.Бір ертегі елінде көп әдемі гүлдер өсіп жатыр екен. Сол жерде көбелек өмір сүреді екен.Балалар көбелек әдемі, ол нәзік.Балалар көбелекті шынымен ертегі еліндегідей шақырып көрелік.Мүмкін көбелек бізге ұшып келер.

Кәне бірге. Көбелек, көбелек

Біздің баққа қона кет.

-Қараңдаршы көбелек бізге шынымен ұшып келген сияқты. Көбелек қандай әдемі, көңілді.Көбелектер не істей алады? Ұшады , қонады, қалықтайды.Олармен ойнап көрелік қарап бәріміз үрлейік.

Мұрнымызбен дем алайық,

Аузымызбен дем шығарайық.

Терең дем алып, жаймен үрлейміз.

-Ал қазір ертегі гүлдер әлеміне көбелекті қондырайық оған ат қояйық.Ғажайып көбелек деп атаймыз. Балалар көбелек еліне қуанышты, көңілді қайту үшін бейнелеу өнерінің құралдарын пайдалана отырып көбелек салып берейік.Балалар көбелек туралы тақпақ білеміз бе?

1 бала. Меруерт

Көбелек - ау, көбелек

Әдемісің гүлдейсің

Ұстап сені не керек

Ойнамайсың күлмейсің

2 бала. Камила

Көріп жаздың қызығын

Гүлден - гүлге самғаймын

Гүлдің ерке қызымын

Гүлден өзім аумаймын

3 бала. Назерке

Шаршағанда ырғалып

Гүлге ұқсап деп алам

Қанатымды бір қағып

Гүлдей болып жайқалам

4 бала. Ернар

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек,

Қызыл қанат көбелек

Бақшамызға келе кет.

5 бала. Дильназ

Гүлдер, гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Ақ қанатты көбелек,

Бақшамыздан кетпесін.

Жұмысты бастамас бұрын саусақ , қолдарымызды жаттықтыру.

Көбелектер дос болайық,

Көңілдірек қанекей.

Бақта бізде гүлдер бар,

Қане, ұшамыз бәріміз.

Егер жаңбыр жауа қалса,

Тығыламыз бәріміз.

Енді балалар бәріміз бері қаралық.

Көбелекте не бар?

(Денесі, басы, қанаты.)

-Балалар біз осы уақытқа дейін карандаш, су бояуларымен жұмыс жасап келдік.Осы әдісті пайдалана отырып көбелекті 4-5 баладан топтасып карандаш, фломастер, гуашь. Балалар жұмысын қадағалау талдау жасау.Біздің ғажайып көбелегіміз көңілді. Енді бәріміз ойын ойнаймыз.

Д/Ойын: « Кім тапқыр»

Мақсаты: Түстеріне қарай көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, құрастыру.


© 2010-2022