Суда абай бол! тақырыптық оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Куні:

Тақырыбы:Суда абай бол!

Мақсаты:Балаларға жыл мезгіліндегі су қауіпсіздігі,олардың ерекшеліктерін көрсете отырып түсіндіру.

Б.м:Балаларға судағы қауіпсіздік,ережелерін түсіндіру.

Д.м:Суда абай болу керек екендігі туралы білімдерін жетілдіріп,дамыту.Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар жөнінде мәліметтер беру.

Т.м: Өзін-өзі қорғауға,қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға тәрбиелеу.

Биллингв.комп: су-вода.

Қауіпсіздік-безопасность.

Ережелер-правила.

Қажетті құралдар: Судың қауіпсіздігі туралы суреттер,қайық,доп,журналдар,қуыршақ,судың қауіпсіздік ережелері б/ша керекті заттар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Іздену ұйымдаст















Сергіту сәті



Бекіту рефлексивті коррек-шы

Шаттық шенбері(Армысың алтын күн!)

Жылт-жылт еткен жылғадан өткен бұл не?

Дұрыс айтасыңдар.Балалар бүгін біз сендермен судағы қауіпсіздік ережелерімен танысамыз

Балалар қыста су қандай болады?Қыста суға түсуге бола ма?

Иә балалар қыста су мұз болып жатады.Мұздың үстінде де қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Жұқа,әбден қатпаған мұзға шықпау к/к

Мұздағы,шұнқырға,жарыққа,ойыққа жақындамау керек

-Бұл балалар қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері.Қазір қандай мезгіл?

-Көктемде қар еріп, жылғалардан су ағады.Су тасқыны болады.Судың жағасына баруға болмайды,өйткені су тасқыны болғандықтан суға ағып кетуге болады.

Суреттер б/ша әңгімелеу, көрсету.Жазғы уақытта өзен, көл,теңіз жағалайында дем алған қандай жақсы.Балалар суат,өзен,көлге ата-аналарсыз баруға болмайды.Суда ережелерде көрсетіп,түсіндіру.

Суатта болған кезде мынадай ережелерді есте сақтау к/к

-Ең жақсысы арнайы жабдықталған суаттарда дем алу ж/е шомылу.

-Суға құлап кету ықтимал жерде тұруға ж/е ойнауға болмайды.

-Жүзу білмесең жағалаудан алыс кетуге болмайды.

-Таныс емес жерлерден сүңгімеу к/к. Өйткені оның түбінде қауіпті заттар бар болуы мүмкін

Балалар қолдан жасалған салды,үрмелі матрас пен камерада жүзгенді жақсы көреді.Бұл да қауіпті.Қолдан жасалған сал кез-келген уақытта аударылып кетеді,ал матрас жарылады,

камераны жел әкетеді.Қайықты тербетіп ойнауға,тұруға болмайды.Доп суға батпайды,бірақ ағып кетеді.Суда ойнауға болмайды.

«Ауа,от,су,жер »ойыны

Жер!

Ауа!

Су!

От!



-Бүгін біз сендермен не істедік?

-Судағы қауіпсіздік ережелерін есте сақтаймыз ба?

Қандай ережелерді білесіңдер?

-Жарайсыңдар балалар!Қауіпсіздік ережелерін есте сақтандар

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

-Су.

Мұз болады,жоқ күн суық болады

тыңдайды

Көктем





Суреттерді қарап, тыңдайды.





Балалар отырады

Қолдарын жоғары көтереді

Толқынды бейнелейді

Орындарында тұрып айналады

Балалардың жауабы


Күтілетін нәтиже:

Біледі:жыл мезгіліндегі су қауіпсіздігін.

Игереді:суда абай болу керектігін.

Меңгереді: судағы қауіпсіздік ережелерін. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар жөнінде мәліметтерді.



© 2010-2022