Театрландырылған көрініс. «Орман дәрігері» ертегісін сахналау

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Театрландырылған көрініс.

« Орман дәрігері» ертегісін сахналау.

Мақсаты: Балаларды ертегі қойылымына қызығушылығын арттыру.

Автор:Әже.

Әже: - Балалар, бүгін сендерге мен бір ертегі айтып берейін.

Бұл ертегінің аты «Орман дәрігері» .

Мен бастап берейін, ал балалар маған көмкетеседі.

  • Ерте,ерте ертеде ешкі жүні бөртеде. Орманда үлкен «Терек» өсіпті. Теректің кейбір бұтақтары селіп, қожыр-қожыр қабығының әр жері қурап қалыпты. Жел соқса бұтақтары сықырлап, ауыратын болыпты, күндердің бір күнінде терекке құрт түсіп, көбейіп, теректің әр жерін тесіпті, оның тұла бойы қаңсап ауырады екен.

Терек: -Ух,жанымай,жаным. Енді не қылайын. Құрт аурына шалықтым,тесіп жеп өлтіріп барады. Кеудем ауырады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, көмектесіңдер. Дәрігер шақырып емдеңдер.

Әже: - осылай терек күні-түні сарнайды екен. Жақын маңда көгершіндер демалып, көңіл көтеріп жатады.

Ән «Көгершін»

-Ақ көгершін,көгершін

Қолқанат құс сен едің

Бар кезіп қайт ел үшін

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп

Көз алмайтын жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп ,2 р

Ұшырамын қолымнан .

Әже: теректің даусын естіп , бір көгершін ұшып келді де , хал-жағдайын біліпті.

Көгершін: Терек,ата, аурыңыз жаман екен.

Бірақ мен дәрігер кім екенін,қайда екенін білмеймін.

Дегенмен іздеп көрейін, бір хабарын берейін.

Әже: -осылай деп,көгершін ұшып кетеді дежолда айтысып отырған сауысқандарды көреді.

Сауысқандар: - 1. Алақай,алақай! Күн шықты,күн шықты

Жер үстіне нұр шықты.

2. Арайланып таң атты

Алтын сауле таратты

Қайырлы таң - достарым , сауысқандарым.

3. Ала қанат сауысқан

Жауыр атқа жабысқан

Ойда жауыр көрінсе

Ойбалатқан сауысқан.

Әже: Көгершін бір сауысқанның қасына келіп тіл қатты.

Көгершін: - Уа сауысқан,сауысқан, сөзді тыңда туысқан.

Ыстық күнде сая болған, күн жауғанда пана болған

Терек ата науқастанып , құр сүлдері қалыпты

Теректі емдеп бір жақсылық жасайық.

Сауысқан: Менің сауысқан екенім рас. Бірақ мен аты шулы күзетшімін.

Жұмысты тастап қалай кетемін.

Осы маңдағы аңдар мен құстарды қырлыстырмай аман есен сақтап келемін.Мен сондай құспын асығыспын.

Тамағым тоқ,көйлегім көк,жұмысым көлдей .

Әже: Сауысқан ұшып кетеді.Көгершін ары қарай ұшып келе жатып , билеп жатқан балапандарды көреді.

Би: «Чип,чип шөжелерім»

Көгершін : Әтеш-ау, әтеш билерің өте жақсы екен. Терек ата , науқастаныпты,маған еріп жүрсеңші.

Әтеш: -Ку-ка-ре-ку-у! Айналайын,көгершенім айту керек сөздің шынын,тауықтар көп мен жалғызбын, балапандармен ойнаймын, айқай салып шақырамын,

енді ұйқыдан оятамын.

Әже : Деп кете барады. Әбден шаршаған көгершін, ұшып келіп, құйқылжыта сайраған бұлбұлға келеді. Мән жайды түсіндіреді.

Көгершін: Терек ата , науқастаныпты,маған еріп жүрсеңші.

Бұлбұл: -Құлағынды сәл әніме ,кешір маған ренжіме, мен атақты әншімін,бұл ежелгі кәсібім. Тоғайды дамылсыз аралап жүремін. Құстарға ,аңдарға достарыммен бірге ән салып беремін. Ойланшы досым,сонда саған қалай еремін.

Біздің әнімізді тыңда -деп бұлбұл әндете жөнелді.

Өлең: «Күншуақ»

Әже: көгершін дәрігер іздеп әрі қарай ұшып,жолда ойнап жүрген торғайларға тап болыпты .

Торғайлар -Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды,барлық істі басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі басқарған.

Көгершін: Торғай,теректі емдеу керек көмектес

Торғай:Терекке баруға уақытым жоқ,қолым тимейді,бау-бақшаны шарлаймын,құрт құмырсқаны аулаймын,жеміс жақсы өссін деп күні-түні ойлаймын.

Әже:Амалы құрыған көгершін, айдын көлдегі билеп жүрген сұлу аққуға жолығыпты.

Би: «Аққу»

Көгершін: Киелі,ақылғой құссың ғой,теректі емдеу керек көмектес.

Аққу: Жұмысым көп,бәріне ақыл кеңес беремін. Көгершін сәл аялда, жұмысы бар құстарды мазалама,жұмыссыз жүрген құстар көп,соның бірі көмектесер.

Әже: Сөйтіп ,көгершін аққуға алғыс айтып, тоғайға ұшып кетіпті. Сонда бұтаққа қонып отырған бір құсты көреді.

Көгершін: -Сені танымаймын, аты жөнін кім?

Тоқылдақ: -Аты жөні белгісіз,үй-күйсіз,жұмыссыз жүрген құспын.

Көгершін:Іздегенім сен едің,жүр саған жұмыс тауып берейін.

Әже: Көгершін белгісіз құсты терекке алып келеді. Ол бірден іске кірісті,құрттың көп жерін білу үшін құлағын төсеп тың тыңдады шіріңкіреген жерін тесіп, құрттарды теріп жей бастады. Терек атаны бір белгісіз құс емдеп жатыр дегенді естіп сауысқан,әтеш,бұлбұл,торғай,аққу бесеуі келеді.

Сауысқан: -Көгершін-ау ,бұл не қылған құс?

Көгершін:-Е,не қыласың теректі емдеп жазып берді.

Өнерлі құстардың бәрінің аты бар,бұл құста ат жоқ,бұған да ат қояйық.

Аққу: Бұл құстың аты өзіне сай Тоқылдақ болсын.

Бәрі: Йя,Тоқылдақ болсын. Орман дәрігері Тоқылдақ болды,

Әже: Ауруынан айыққан Терек, жапырағын жайып,құстарға,әсіресе
Тоқылдаққа рахметін жапырақтарын сыбдырлатып айтыпты.

Театрландырылған көрініс. « Орман дәрігері» ертегісін сахналау.

Театрландырылған көрініс. « Орман дәрігері» ертегісін сахналау.Театрландырылған көрініс. « Орман дәрігері» ертегісін сахналау.

Театрландырылған көрініс. « Орман дәрігері» ертегісін сахналау.


© 2010-2022