Внеклассное мероприятие Путешествие в мир песка

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кұм еліне саяхат»

Мақсаты: Ойын барысында құммен бейнеленетін заттың өзіндік сипатын бере отырып мүсіндеуді үйрету. Қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Құмның қасиеттерін бекіту. Мүсіндеуге ынталы болуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: құм, майда тастар, қабыршықтар, майда ойыншықтар, тұқымдар, жапырақтар.

Балалар ойын алаңына шығады.

Шаттық шеңбер:

Күлімде күн күлімде

Күлсін барлық бала шат,

Берекелі бүгінде

Достығымыз жарасқан

Ойнауға біз барамыз

Досымызды табамыз

Сәлемет пе! Міне, мен!

Доспын енді сенімен.

Ойын: «Достық неден басталады?».

Ойынның шарты бойынша балаларға достықтың неден басталатыны туралы сөздер айтады. Балалар «Иә немесе жоқ» деп шапшаң жауап береді.

  • Татулықтан.

  • Сыйластықтан.

  • Төбелескеннен.

  • Өтірік айтқаннан.

  • Көмектесуден.

  • Ренжісуден.

  • Сыпайы болудан.

  • Ойыншық, тәттілерді бөліспеуден.

  • Жарайсындар балалар, достық дегенді түсіндік пе?

Ортаға Құм ханшайымы келеді.

Құм ханшайымы: - Балалар, сәлеметсіңдер ме! Мен Құм ханшайымы боламын. Бүгін барлығымыз бірге «Құм еліне» саяхатқа барамыз.

Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмып, мына сиқырлы өлеңді айтайық:

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз, күлеміз

Бірге өлең айтамыз

«Құм еліне» саяхатқа шығамыз.

Құм ханшайымы: - Сендер құммен ойнағанды ұнатасындар ма? (балалардың жауабы)

  • Құммен ойнаған сендерге несімен ұнайды?

  • Балалар, сендер құммен ойнаудың ережесін білесіңдер ме?

  • Мен бұл ережелерді бір қызық кітаптан оқыдым. Ол кітапта былай айтылған:

  1. Құмда ойнағанда ешкімді ренжітуге, ұрысуға,төбелесуге және бір-бірімізге құм лақтыруға болмайды.

  2. Құм алаңында бәріміз дос болып, неше түрлі мүсіндер жасауға болады. Жасалған мүсіндерді сындырмау керек.

  3. Бұл Құм елі - Бейбітшілік елі.

  • Балалар, ережелерді түсіндіндер ме? Олай болса, мен сендерді қызық-қызық ойын ойнауға шақырамын.

«Құм шеңбері» ойыны.

Ойынның шарты: Кез келген әдіспен шеңбер салып оны майда таспен және қабыршықтармен безендіреді. Жасаған құмды шеңберлеріне ат қойып қысқаша айтып береді.

  • Жарайсындар балалар! Бәрі қызықты және әдемі болды. Сендерге ойын ұнады ма? Олай болса келесі ойынды ойнайық.

«Құмда жасырынған ойыншықтар» ойыны.

Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөлу. Құм алаңын да екіге бөлу. Әр топта бірдей мөлшерде ойыншықтар жасырынған. Берілген уақытта қай топ көп ойыншық тауып жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

-Жарайсындар балалар! Сендер жылдам, тапқыр балалар екенсіңдер!

-Ал, балалар келесі ойынымыздың аты «Құм ғажайыбы»

Ойынның шарты: Ойын барысында балалар құмнан кез келген мүсін жасау керек. Ол мүсінді әдемілеп безендіру. Ойын соңында әр бала өзінің қандай мүсін жасағанын айтып беру керек.

Құм ханшайымы: -Өте жақсы, балалар! Сендер бүгінгі ойындарымызға барлығын жақсы қатыстыңдар. Менің кететін уақытым болды. Сендер осы құм алаңында ойындарынды жалғастыра беріңдер

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, Құм ханшайымына алғысымызды білдірейік:

Кел балалар тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Құм ханшайымы балалармен қоштасып кетеді.





© 2010-2022