Ашық сабақ Заттар қандай пішіндерден құралған

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Заттар қандай пішіндерден құралғанАшық сабақ Заттар қандай пішіндерден құралған







Тәрбиеші:Даришева Г.С.

2015-2016

Мақсаты:Өзіне қатысты(алдында,артында,оң және сол жағында) заттардың бағыты мен орналасуын анықтауды үйрету,3 саны,сандық қима қағаздар неше шеңбер болса,сонша ойыншықтарды табуға үйрету.

Геометриялық пішіндерді білуге арналған «Заттар қандай пішіндерден құралған?» дидактикалық ойыны.

Әдіс-тәсілі:Шаттық шеңбері,сұрақ-жауап,ойындар

Көрнекілігі:Суреттер,сандар,ойыншықтар,геометриялық пішіндер.

Шаттық шеңбері:

Күніміз жарық болсын!

Деніміз сау болсын!

Елімізде тыныштық болсын!

-Балалар айтқан тілектерің қабыл болсын! Сендерді көрсем мен де қуанып каламын! Бүгінгі күндерің сәтті болсын! (Балалар тәрбиешінің жыл мезгілдері,ай,апта күндері жайында сұраған сауалдарына жауап береді).

-Балалар,қане барлығымыз әдемі,түзу отырайық.Көтеріңкі көңіл-күймен оқу іс-әрекетімізді бастайық.

1.Түлкі 1 балық (1 санын көрсету)

2.Түлкі 2 балық (2 санын көрсету)

3. Түлкі 3 балық ұстады.(3 санын көрсету)

-Қайсы түлкі көп балық ұстады?(Балалардың жауабы).

- 1 -сандық қатардың басы.Сондықтан 1-сан патшасы болып есептеледі. 3 санында үш бірлік бар. Балалар, бірінші жолақшаға 1,2,3 сандарын,екінші жолақшаға қызыл 1,2,3 гүлді қояйық.Біз «Алдында-артында,сол жақта-оң жақта» деген ұғымды білуіміз керек.

1. Суретпен жұмыс: «Қайда орналасқан?»

-Енді мына суретке назар аударайық «Алдында-артында».

2. «Не қайда тұрғанын тап» ойыны:аюдың оң жағында ит,сол жағында қоян,артында аю,алдында күшік.

3. «Не өзгерді?» ойыны:Ойын шарты бойынша үстел үстіне қойылған заттардың қалай орналасқанын балалар естеріне сақтап қалады.Содан кейін көздерін жұмады.Мәселен:Қоян он жағында,ит сол жағында,аю артында,күшік алдында.

4. «Жеуге жарамды,жеуге жарамсыз заттар» ойыны:Сол жақта жеуге жарамды,оң жақта жеуге жарамсыз заттар қойылады.Ойын шарты:Жеуге жарамды заттардың аты аталғанда оң қолын көтеріп,жарамсыз заттар аталғанда қол шапалақтайды.( Алма,қалам,банан,конфет,кітап,сызғыш).

Сергіту сәті

1,2,3 алақанды соғайық

Оң жаққа бұрылып

Сол жаққа бұрылып

Бір отырып,бір тұрып

Біз жүгіріп алайық.

«Заттар қандай пішіндерден құралған?» дидактикалық ойыны.
Тәрбиеші балалардан оқу іс-әрекетінің қалай өткенін олардың не үйренгенін сұрап,сабақты қорытындылап,Балаларды мадақтайды.

© 2010-2022