Сенсорика. Тақырыбы: «Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сенсорика. Тақырыбы:«Шаршы.Ұзын-қысқа.Сол жақта-оң жақта».

Кіші сала:ҚМТҚ

Тақырыбы:«Шаршы.Ұзын-қысқа.Сол жақта-оң жақта».

Мақсаты:Таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру. Міндеттері:Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:Шаршы

Үш тілділік:«шаршы»,квадрат, square. Көрнекіліктер:бір-бірден үлкен және кішкентай тіктөртбұрыштар.Әр балаға ақ қағаз, қызыл және көк түсті қарындаштар.

Әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Талаптандыру, дәлелдеу.

-Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

-Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме?

Мен сендерге шаршы ала келдім. Алдымызда тұрған суреттерден, тура осындай фигураның суретін табыңдар.

-Шеңбер.

-Иә.


Ұйымдастыру ізденіс.

Тәрбиеші балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) қызыл қарындашпен, ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айтады.

Тапсырманы орындайды.




Қорытынды.

Сұрақтар:

-Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар?

-Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар?

-Сендер бастырып сызған геометриялық фигура қалай аталады?

-Үлкен.

-Кішкентай.

-Шаршы.

Күтетін нәтиже:

-геометриялық фигуралар-шаршы, шеңбер жасауды.

Түсінеді:

- геометриялық фигураның-тіктөртбұрыштың айырмашылығын;

Қолданады:

-қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды; оң жақта, сол жақта орналасқанды анықтауды.

Есепберу:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

© 2010-2022